«оқушылар отбасының әлеуметтік- психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері: отбасы құрамы
(толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы;
толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің
қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз қалауымен, өз
бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.
Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені мектептің
педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз
байланысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттары сәйкес келеді,
себебі, отбасы – қоғамның кішкентай ұясы, бірақ отбасы мен мектептің
міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің
мамандығы педагог болмауы мүмкін. Сондықтан, мектептің педагогикалық
процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған
сипаттаманың жоғарыдағы барлық көрсеткіштері бойынша жағымды нәтиже
алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек.