101
толықтығы ақпаратты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы
қойылады. Әлеуметтік-педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен
тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен
қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен
немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты
біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім
қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық
жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады.
Ал, оқу-тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және
оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар
жетіспей жатады.
Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және
қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне
бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен
жұмыс
жасауы
жиі
қолданылады.
Техникалық
құралдарды
және
компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір
қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті – мектепішілік ақпараттық
басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологияны басшымен бірге
мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе
жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы
ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын төмендегідей топтастыруға
болады:
1)
уақыты бойынша – күнделікті; айлық; тоқсандық; жылдық;
2)
басқару
Достарыңызбен бөлісу: