әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып,
басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі
мен мәртебесін ұлықтау).
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті
ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу
керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық
мәліметтердің
толықтығын
және
дәлелділігін
қамтамасыз
етеді.
Диагностикалық
мәліметтер
педагогикалық
процесті
басқаруға,
мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы
жоспарын сапалы етуге жол ашады.
Педагогикалық процесті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Тұтас педагогикалық процесті басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері