106
Талдау – тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе
құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми
зерттеу әдісі.
Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен
жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.
Талдаудың мақсаты – мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу,
педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті
басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту.
Педагогикалық талдаудың міндеттері:
1) Белгілі бір уақыт аралығында тұтастай басқарылатын жүйенің
жағдайын зерттеп, үйрену.
2) Белгілі уақыт аралығында мектеп жұмысы мен оның бөлімдерінің
нәтижелерін зерттеу.
3) Оқушылардың оқу мен тәрбие деңгейіне ықпал ететін факторларды
анықтау.
4) Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, оқу-тәрбие процесінің
бөлімдері арасындағы келіспеушіліктердің себебін анықтау.
5) Мектептің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын талдау.
6) Мектеп үшін оқушылардың білім, білік, дағдыларын, толеранттылық
деңгейін, білім беру сапасын көтерудің сыртқы және ішкі педагогикалық
резервтерін анықтау және айқындау.
7) Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, үйрену.
8) Мектепті басқарудың тиімділігін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: