К. Д. Бузаубакова


Әсер  етудің  түрлі  әдістерін  қолдану  біліктілігі



Pdf көрінісі
бет168/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

 Әсер  етудің  түрлі  әдістерін  қолдану  біліктілігі  (стратегияны  ендіру 
және  жүзеге  асыру)  жоспарланған  уақытта  стратегияны  енгізу  және  қажетті 
нәтижелерді  алудан  тұрады.  Стратегияны  ендіру  және  дұрыс  жүзеге  асыру 
үшін, жақсы нәтиже алу үшін жоғары біліктілік қажет. 
 Стратегияға  түзету  енгізі  біліктілігі.  Өзгерістерді  басқару  жаңа 
жағдайлардың  пайда  болуымен  және  түзету  әрекеттерін  талап  етуімен 
шартталған.  Критерийлер жиналған тәжірибеге және болашақтағы мақсаттарға 
сәйкес жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Дамудың ұзақ мерзімді бағытына 
түзетулер  енгізілуінен,  жаңа  мақсаттың  пайда  болуынан  және  сыртқы  орта 
жағдайларының өзгерісінен стратегия өзгеріске ұшырауы мүмкін.  
 Стратегиялық  басқару  кезеңдері.  Қазіргі  заманғы  менеджмент  және 
жүйелі бағыт  ірі макрожүйе бойынша білім беру мекемелерін басқару жүйесін 
декомпозициялауға  және  іс-әрекет  бағыты  бойынша  стратегияны  жобалауды 
жүргізуге мүмкіндік береді.  
 Макрожүйе  –  білім  беру  мекемесінің  іс-әрекетінің  бағыты  бойынша 
басқарудың  өзара  байланысты  қызметінен  тұратын  ұйымды  басқару  жүйесінің 
бір  бөлігі.  Басқару  практикасында  көбінесе  оқу,  әдістемелік,  ғылыми  және 
шаруашылық іс-әрекетті  ажыратып қарастырады. Маркетингтік, экономикалық 
және жөндеу-құрылыс іс-әрекеті сирек қарастырылғанымен, ал бұл әрекеттерсіз 
нарықтық экономика кезеңінде білім беру мекемесін басқару мүмкін емес.  
  Менеджменттің  классикалық  теориясында  стратегиялық  басқарудың 
негізгі 3 кезеңі  ажыратылады: 
1) диагностикалық талдау; 
2) стратегиялық жоспарлау; 
3) стратегияның жүзеге асырылуын басқару. 
Кез  келген  басқару  процесі  төмендегідей  функцияларды  қамтиды: 
жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; бақылау; координация. 
Білім беру аймағында ТQМ функцияларының ара-қатынасы 42-суретте 
 көрсетілді.  
Жоспарлау  –  мекеме  қызметінің  жоспарларын  жасап,  оның  құрамды 
бөліктерін  анықтауға  қатысты  басқару  іс-әрекетінің  функциясы.  Жоспар  
мақсатқа  жету  үшін  орындалуы  қажет  іс-әрекеттің  түрін,  формасын,  тізбесін, 
оған кететін уақытты, ресурстарды анықтайды.  
Жоспарлау құрамына кіретіндер: 
1) мақсат пен міндеттерді анықтау; 
2) мақсатқа  жету  үшін  стратегия  жасау,  жоспар  құрып,  бағдарлама 
әзірлеу; 


131 
 
3) қажетті ресурстарды айқындау және оларды мақсат-міндеттеріне қарай 
бөлу; 
4) қызметті жүзеге асыратындарға жоспарды жеткізу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет