К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет169/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
              
 
               Сурет-42. Білім беру саласындағы ТQМ функциялары 
 
Жоспарлау объектісі болып табылатындар: 
1) ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық); 
2) оқушылар  құрамы және қабылдау тәртібі; 
3) білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру; 
4) жалпы орта білім беретін мектептердегі  ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер; 
5) жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің    оқу-тәрбие  процесін 
жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі; 
6) білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі 
(оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары); 
7) білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары; 
8) кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті. 
   Ұйымдастыру  –  басқару  құрылымы  бойынша  басқарушылық  іс-
әрекетінің  функциясы,  қызметкерлердің  құқықтары  мен  міндеттерін  анықтау, 
олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы 
әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау. 
  Ұйымдастыру процесінің кезеңдері: 
1) еңбекті (қызметті) бөліп берудің тиімді формасын анықтау; 
2) басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау; 
3) білім беру мекемелері бөлімі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында 
міндеттері мен құқықтарын анықтау, жұмыстарды бөлісу; 
4) қызметке, іс-әрекетке, жұмысқа уақытты бөлу; 
Жоспарлау 
функциясы 
Ұйымдастыру 
функциясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет