К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет170/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Координациялау 
функциясы 
Бақылау 
функциясы 
Мотивациялау 
функциясы 


132 
 
5) кадрларды таңдау және іріктеу. 
 Ұйымдастырушылық  қызметтің  басты  құралдары  болып  табылатындар: 
бұйрық, ереже, жарнама, нұсқау, әңгімелесу және т.б. 
Қазіргі  кезеңде  нақты  құрылымы  жоқ  мекемені  тиімді  басқару  мүмкін 
емес.  Басқару  құрылымы  –  басқару  процесін  жүзеге  асыратын  ұйымдастыру 
формасы.  Тиімді  ұйымдастырушылық  құрылымды  құру  –  мақсат  емес, 
мақсатқа жету құралы.  
Білім  беру  саласында  менеджердің  мақсаты  –  мекеменің  міндет-
мақсатына сәйкес келетін ең жақсы әдіс-тәсілді таңдау. М.Мескон, М.Альберт, 
Ф.Хедоури сияқты американдық ғалымдардың пікірінше, ең жақсы құрылым  – 
мекемені  сыртқы  ортамен  тиімді  өзара  қарым-қатынасқа  өнімді  еңбекке 
бағыттайтын құрылым, осылайша өз мақсатына жоғары жетістікке жету. 
Мотивация  –  мекеме  қызметкерлерінің  кәсіби  іс-әрекетін  ынталандыру 
және  өзін-өзі  дамыту  бойынша  басқару  іс-әрекетінің  функциясы,  сондай-ақ 
әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы 
тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті. 
Басқарудың  барлық  деңгейінде  сыртқы  мақсатты  ішкі  мақсатқа 
алмастыру  процесі  жүріп  отыруы  қажет.  Қызметкер  қойылған  мақсатты 
орындауы  тиіс,  оны  орындауда  қанағаттанғандық  сезім  орнауы  тиіс,  алға 
қойған  мақсаттар  оған  түсінікті  болуы  керек  және  оны  ол  қабылдауы  абзал, 
оған  күштеп  орындатуға  болмайды.  Басқаша  айтқанда,  ұжымда  дұрыс 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалды 
қалыптастыру: 
жанға 
жайлы 
психологиялық  ахуал,  іс-әрекетке  және  мәселеге  басшының  ынта  қоюы, 
қарамағындағы  қызметкерлердің  тұрмыстық,  жеке  басының  мәселелеріне 
басшының  ден  қоюы,  мәселені  оң  шешуі,  басшының  қарамағындағылармен 
сыйластық қарым-қатынасы. 
Білім  беру  саласы  қызметкерінің  еңбегін  ынталандырудың  тиімді  әдісі 
педагогикалық  кадрларды  аттестаттаудың  жаңа  жүйесін  ендіру  мүмкіндігі, 
мемлекеттік аттестаттау және ЖОО-ын аккредиттеу болып табылады. 
Білім беру жүйесінде ТQМ нобайы 43-суретте ұсынылды. 
Бақылау  –  келелі  адекватты  коррекциялық  іс-әрекет  жасау  үшін 
мекеменің  жұмысына  объективті  сандық  және  сапалық  баға  беруді  мақсат 
ететін басқару іс-әрекетінің функциясы. 
Сапалы ақпаратты жинау мен талдау басқарудың кері байланысын жүзеге 
асырғанда көрініс табады.  
Бақылау басқару іс-әрекеті ретінде төмендегідей кезеңдерді қамтиды: 
1) білім беру мекемелері әртүрлі бөлімдерінің жай-күйін, көрсеткіштерін, 
стандарттарын анықтау; 
2) бақылау объектісінің дәрежесіне сәйкес келетін ақпарат жинау; 
3) алынған нәтижені қойылған стандартпен салыстыру; 
4) сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру, фактілерді талдау; 
5) қол жеткен нәтиже бойынша төменгі деңгейге жеткізу және тарату; 
6) нәтиже бойынша ақпаратты талдау, бағалау; 


133 
 
7)  жоспарланған,  алынған  нәтижелерге  түзетулер  енгізу  (коррекция 
жасау). 
 Координация  –  процестің  үздіксіздігін,  тоқтаусыз  жүруін  қамтамасыз 
ететін  басқару  функциясы.  Коррдинациялаудың  басты  мақсаты  –  тиімді 
байланысты  орнату  арқылы  мекеменің  барлық  бөлімдерінде  өзара 
келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету. Басқарудың бұл қызметін жүзеге 
асыруда  әртүрлі  құжат  көздері  пайдаланылады  (ЖОО-ның  жылдық  есебі, 
кафедра, факультеттің жұмыс іс-жоспарлары, қызметтік жоспары және т.б.).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет