Білім беру қызметі жобасының сапасы (бағдарлама құрылымы, мазмұны). Егер мекеме ТQМ-ді ендіргісі келсе, онда ол синхронды жұмыс
жасауы керек, ылғи алға жылжып отыруы тиіс, өндірістік процесті жаңартып,
мақсатқа жету бағытында жұмыс жасауы тиіс. Сапалы өнім оның қызметін
ешқашан тоқтатпайтынына сенуі керек. Мекеме басшысы білім беру процесінде
және ғылыми зерттеулерде профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми
қызметкерлер,
кіші
қызметкерлер
басты
серіктестік
болып
табылатындықтарына көз жеткізіп отырулары тиіс. ТQМ бойынша мекеме тұтынушыға қызмет жасайтын жүйе болып
табылады. Бұл үшін мекеме жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өзара
байланыста болуы керек. Мекеменің әрбір жеке бөлімінің жетістіктері оның
барлық басқа қызметкеріне де әсер етеді. Мекемені жай басқару мен ТQМ
жүйесінде басқарудың айырмашылықтары баршылық: мекемені дәстүрлі
басқаруда әрбір бөлімшенің қызметі ғана басшылыққа алынады, ал ТQМ
жүйесінде басқаруда мекемені дамыту мақсаты көзделінеді.
Басқарудың жаңа әдісі ректор жанындағы сапа менеджменті комитетін,
проректорлар жанындағы сапа Кеңесін және білім беру сапасы менеджмент
орталығын біріктіреді.