К. Д. Бузаубакова


Әдістемелік  пән  бірлестіктері



Pdf көрінісі
бет247/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Әдістемелік  пән  бірлестіктері – әр бірлестікте пән мұғалімдерінің саны 
үш және одан жоғары, бастауыш сынып мұғалімдерінің саны 8-20-ға дейін, егер 
орта  мектептерде  бастауыш  сыныптар  саны  көп  болса,  онда  мұғалімдер  саны 
20-дан  да  артық  болады.  Әдістемелік  пән  бірлестіктер  жұмысы  жарты  немесе 
толық  бір  оқу  жылына  жоспарланады,  отырыстары  екі  айда  бір  рет  өткізіледі. 
Мектеп 
өмірінде 
кездесетін 
әдістемелік 
бірлестіктің 
түрлері: 
пән 
мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестігі;  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
әдістемелік  бірлестігі;  мұғалімдердің  пән  аралық  әдістемелік  бірлестігі; 
мұғалімдердің мектеп аралық әдістемелік бірлестігі.  
Мұғалімдердің  әдістемелік  пән  бірлестіктерінде  әртүрлі  проблемалар 
қарастырылады,  талқыланып  талдау  жасалынады.  Мәселен,  оларға  сабақтар 
типологиясы  және  құрылымы;  жаңашыл  мұғалімдердің  іс-тәжірибелермен 


201 
 
танысу;  аралас,  қайталау-жинақтау,  лекция,  лабораториялық  және  семинар 
сабақтарын  өткізу  әдістері;  жазба  бақылау  жұмыстарының  мәтінін  жасау, 
оларды  өткізу,  талдау  тәсілдері;  оқушыларды  шығарма  жазуға  үйрету;  сабақта 
көрнекі  және  техникалық  құралдарын,  оқыту    технологияларын    пайдалану  
және т.б. жатады.  
Мектепте  әдістемелік  жұмыстың  басты  бір  формасы  –  сынып 
жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері. Ол жұмысын оқу жылына жоспарлап, 
екі  айда  бір  рет  өткізеді.  Бірлестікті  мектеп  директоры  басқарады,  оның 
құрамына барлық сынып жетекшілері кіреді  (58-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет