К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет259/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   446
Нәтижелілік  өлшем  –  педагогикалық  қызмет  нәтижесі.  Оқушының  пән 
бойынша  үлгерімін  және  олардың  тәртіптілік  деңгейін  анықтауда 
ескерілетіндер :  
1) пәндік нақты білім қоры;  
2) игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу және т.б.);  
3) табиғат  және  қоғамда  жүріп  жатқан  оқиғалар  мен  құбылыстардың 
мәнін түсіну;  
4) оқушының дербестігі, өз бетінше іс-әрекет жасау дәрежесі;  
5) оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;  
6) тапсырылған  іске  жауапкершілігі,  мектептегі  тәртіп  принципi, 
қоғамдық  пайдалы  еңбектегі  белсенділігі,  эстетикалық  және  тән-дене 
мәдениетіне орай талғамы.  
Әрине,  оқу-тәрбие  жұмыстарының  оқушы  арқылы  көрінетін  нәтижелері 
мұғалім  қызметін  бағалауда  қажет-ақ,  дегенмен,  олармен  шектелу 
шынайылыққа нұқсан келтіреді. 
Сондықтан,  мұғалімнің  өз  педагогикалық  қызметін  белгілі  дәрежеде 
орындап  баруы  үшін  үнемі,  тынымсыз  жүргізетін  іс-әрекет  процесін  ескерген 
де жөн.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет