К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет261/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   446
Екінші  кезең  –  мұғалімнің  біліктілік  деңгейін,  оның  кәсіби  қызметінің 
нәтижелілігін бағалауды ұйымдастыру.  
Үшінші  кезең  –  сараптау  комиссияларының  шешім  қабылдауы  және  сол 
шешімдердің нәтижесі бойынша бұйрық жариялау.  
Сараптау комиссияларының шешімдерінің негізінде білім беруді басқару 
органдары  мен  білім  беру  мекемелерінің  басшылары  педагогикалық 


210 
 
қызметкерлерге  біліктілік  санаттарын  беру  жөнінде  бұйрық  шығарады, 
белгіленген разрядтар бойынша еңбекақы деңгейін тағайындайды.  
Біліктілік  көтеру  жүйесінің  тиімділігі  көптеген  жағдайды  ескеруден  іске 
асатынын байқауға болады. Атап айтсақ, ол  – басқару сапасы, мұғалімдер мен 
тәрбиешілердің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіруге  деген  басшылар  мен 
мектеп  ісін  ұйымдастырушылардың  көзқарас,  қарым-қатынасына  байланысты, 
яғни,  біліктілік  көтеру  мектеп  директорларының  тұлғалық  сапасына,  аудан, 
облыс,  жалпы  елдегі  оқу  ісін  басқарушы,  ұйымдастырушылардың  мұғалімге  
деген  ықылас- ниет сипатына тәуелді.  
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және 
өткізу жөніндегі нұсқаулығында «білім беру ұйымын аттестаттау кезінде білім 
беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына 
сәйкестігі анықталады делінген. 
Аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу нысандары: 
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы; 
2) кадрлар құрамы; 
3) білім алушылардың контингенті; 
4) оқу-әдістемелік жұмысы; 
5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме; 
6) оқу-материалдық активі; 
7) оқу және ғылыми зертханалары; 
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры; 
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау; 
10) ғылыми-зерттеу жұмысы; 
11) кәсіптік практика болып табылады. 
Мектеп  қызметкерлерін  аттестациялау  Қазақстан  Республикасы  «Білім 
туралы»  Заңының  7-тарау  51-бабына  сәйкес  жүргізіледі.  ҚР  «Білім  туралы» 
Заңының 7-тарауы «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет