3) Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі
басқару, әртүрлі іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер).
4) Мектептің әкімшілік жүйесі. Оқу процесін басқару, тәрбиелік
жұмыстарға жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып жүру жүйешелерінен
құралады.
Әкімшілік жүйенің қажеттілігі – дидактикалық, тәрбиелік, материалдық-
техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің
басын қосып, үлкен біртұтас жүйеге келтіру мақсатынан.
Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің
шешілуі, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-
әрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға
бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді (комплексті) әрі педагогикалық
жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.