Дидактикалық жүйе – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы –
сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстары; міндетті және факультатив
дәрістер.
Дидактикалық қабілет –оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп
жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу,
пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта
топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы,
белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің
өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі).
Ескерту бақылау – белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық
міндеттерді шешуге мектеп мұғалімдердің назарын аудару үшін жүргізілетін
тексеру түрі.