Жалпылай бақылау – тоқсан соңында немесе жартыжылдық жеке оқу
курсы бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін
(біліктер мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау.
Жаңашыл мұғалім – шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен,
жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім.
Жас маман – педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын
жаңадан бастаған жас мұғалім.
Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік
принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі
өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі.
Жоспарлау – мекеме қызметінің жоспарларын жасап, оның құрамды
бөліктерін анықтауға қатысты басқару іс-әрекетінің функциясы.