339
сараптай алатын, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе
алатын жаңашыл мұғалім.
Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер
немесе жаңалықтар енгізу.
Инновация – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі.
Инновация – бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі.
Инновация – бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
бұрынғының орнын босатып, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес жаңалық.
Инновация – көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін
теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас жаңа
үлгісі.
«Инновация» сөзі латын тілінен енген /in – в, novis – жаңа, жаңалық,
жаңарту дегенді білдіреді.
Интервенция – шет елде білім алуға деген шектеудің алынып
тасталуымен байланысты ірі шет елдік университетерің халықаралық
бәсекелестігі және дәулетті адамдар үшін ақылы сапалы қызметтің жаңа
нарығының ашылуы.
Достарыңызбен бөлісу: