Басқарудың негізгі қызметтері Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің
соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс
болашақ пен әр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен
жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы
бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына,
инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің
рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем
беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);
- бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген
жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім
мекемесінің
материалдық
қорын,
қаржы-экономикалық
жағдайын
педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге
байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап,
ұсыныстар беру (7-сурет).