Орталықтандыру мен дербестендіруді саналы түрде үйлестіру. Бұл
принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару
барысында субъективизм мен әміршілдікке жол бермеу. Орталықты басқару
мен өзіндік басқаруды оңтайлы үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар
басшыларының іс-әрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін
қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау және қабылдауды, кәсіби
деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық
бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, әрекеттерін
жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.