Жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті
ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында
субъективизм жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге
тапсырылған іске деген әрбір ұжым мүшелерінің жеке жауапкершілігін
арттырады. Ал, жеке басқару тәртіп және жауапкершілікті қамтамасыз етіп,
педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп,
ретімен орындап жүруін қадағалайды. Өкілеттіліктерді табыстау.Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
Басқару ақпараттарын әрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
1) уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
2) басқару қызметі бойынша – талдау, баға беру, құрастырушылық;
3) келіп түсу көздері бойынша – мектепішілік, ведомстволық;
4) мақсаты бойынша – өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру және т.б.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы –
қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-әрекеттерге
байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына
емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі (мысалы, мектеп директоры
С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын).