Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық;
кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-әрекеттер; жекеленген
мәселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер: басшы қызметі; мақсатты
айқындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нәтижеге бақылау
салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды
міндеттер; тәуекелдікті талап ететін жоғары дәрежелі тапсырыстар; тосын,
қалыптан тыс іс-шаралар; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз
қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.