55
Сурет-15. Педагогикалық менеджмент талаптары
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтастық кағидасы:
-
мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару
ісіне және мектептің қоғамдық, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын
жасау;
-
мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың
оқушыларға
деген
ізгілікті
қатынастарын,
құзыреттіліктерін,
бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;
-
мектеп
басшысы
мен
педагогикалық
ұжымның
бірлескен
қызметінің негізгі қағидасы – адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық,
педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар
аудару, талдау, сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі –
педагогтерді біріктіре, жұмылдыра білу. Барлық қағидалардың мәні –
мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін
мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция,
педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру
қажеттілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып
табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет:
1) Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және
мақтаудан бастаңыз.
2) Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3) Алдымен
өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң
сұхбаттасушыны сынаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: