К. Д. Бузаубакова


Мектептегі  әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру  формалары  мен



Pdf көрінісі
бет223/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

 
Мектептегі  әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру  формалары  мен 
қағидалары.  Жас  мұғалімдер  мектебі.  Тәлімгерлік.  Педагогикалық 
шеберлік  мектебі.  Алдыңғы  қатарлы    педагогикалық  тәжірибені 
жалпылау.  Мұғалімдерді    жаңашыл  педагогикалық  іс-әрекетке  тарту. 


182 
 
Мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігің  қалыптастырудағы өзіндік  білімнің 
рөлі. 
Мұғалімнің  кәсіби  шеберліктерін  шыңдауда  педагогикалық  оқулар, 
ғылыми-әдістемелік  семинар,  байқау,  олимпиада,  шығармашылық  есеп, 
іскерлік ойындардың берері көп. Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді 
формалары:  дөңгелек  үстел  басындағы  сұхбат,  іскерлік  ойын,  пікірталас, 
конференция, педагогикалық оқулар, т.б.  
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін 
арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:  
1) мұғалімнің  оқушы  білім  сапасының  мониторингісін  жасауы,  өз  іс-
тәжірибесіндегі  дидактикалық  қиындықтарды,  кемшіліктерді  көре  алуы  және 
оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі; 
2) мұғалім  өз  жұмысына  сын  көзбен  қарауды  үйренеді,  өз  жұмысын, 
педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді; 
3) жоғары  кәсіби  деңгейі  қалыптасқан  шебер-мұғалім  өзінің  төл 
инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін. 
Әрбір 
мұғалімнің 
өздігінен 
білімін 
көтеруі 
ой 
еңбегінің  техникасын  білу,  ақыл-ой  әрекетінің  дербес  ерекшеліктерін  ескеру 
негізінде құрылады: 
1)  Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау: ақпараттық қор, талдау, 
диагностика, мақсаттар мен міндеттер, жоспарлау. 
2)  Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар: алдыңғы қатарлы озық 
іс-тәжірибені  оқып-үйрену  және  енгізу,  педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру, 
сыныптан тыс жұмыстар, мәжілістерді өткізу сапасы. 
3)  Әдістемелік  бірлестік  жұмысының  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігінің 
өсуіне  тигізер  әсері:  мұғалімдердің  теориялық  және  әдістемелік  білімінің 
деңгейі,  дамыта  оқыту  әдістерін  пайдалану,  мұғалімнің  өз  білімін  көтерудегі 
шығармашылық белсенділігі.  
4)  Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетінің  нәтижесі:  оқушылардың 
жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген 
қызығушылығы,  шығармашылық  белсенділігі,  оқушылардың  пән  бойынша 
білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы.     
 
57-суретте 
мұғалімнің 
инновациялық 
іс-әрекетке 
даярлығын 
қалыптастырудағы  әдістемелік  жұмыстар  жүйесі    ғалым  К.Д.Бузаубакова 
бойынша ашылды. 
Мұғалім  еңбегін  зерттеп,  саралап,  шеберліктерін  арттыру,  оқушы  мен 
мұғалім  арасындағы  шығармашылық байланысты  нақты  танымдық іс-әрекетке 
ұластыру – әрбір мұғалімнің басты міндеті. 
Қазіргі  кезеңде  мектеп  мұғалімдері  алдына  төмендегідей  міндеттер 
жүктеледі: 
1)  оқу-тәрбие процесін ізгілендіруді жүзеге асыру; 
2)  оқу-тәрбие  процесіне инновациялық технологияларды енгізу; 
3)  оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай саралап оқытуды қолдану; 
4)  оқушының жеке тұлғасының даму мониторнигісін құру. 


183 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет