К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет161/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195
Байланысты:
foreign 745

 
Silverrun 
 
Computer Systems Advisers, Inc. (CSA) американдық фирмасының 
Silverrun CASE-құралы бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік 
циклының шиыршықты моделіне бағдарланған. Ол функционалдық 


249 
және ақпараттық модельдердің (деректер ағыны диаграммалары және 
«болмыс-байланыс» диаграммалары) бөлек тұрғызылуына негізделген 
кез келген әдістемені қолдау үшін қолдануға келеді. 
Нақты әдістемеге икемдеу модельдердің қажетті графикалық 
нотациясын және жобалық сипаттамларды тексеру ережелерінің 
жиынтығын таңдауымен қамтамасыз етіледі. Жүйеде кең тараған 
әдістемеге арналған дайын икемдеулер бар: DATARUN (Silverrun 
қодайтын негізгі әдістеме), Gane/Sarson, Yourdon/ DeMarco, Merise, 
Ward/Mellor, Information Engineering. Жобаға енгізілген әрбір түсінік 
үшін өзіндік сипаттаушыларды қосу мүмкіншілігі бар.
Silverrun сәулеті қажет болған жағдайда әзірлеу ортасын өсіруге 
мүмкіндік береді.
Silverrun модульдік құрылымы бар және төрт модульден тұрады
олардың әрқайсысы өзінше жеке өнім болып табылады және басқа 
модульдермен байланыссыз сатып алына алады және қолданыла алады. 
Деректер ағынының диаграммасы түрінде бизнес-процестердің 
моделін тұрғызу модулі (BPM - Business Process Modeler) тексерілетін 
ұйымның немесе құрылып жатқан АЖ жұмыс істеуін модельдеуге 
мүмкіндік береді. 
Деректерді тұжырымдамалық модельдеу модулі (ERX - Entity- 
Relationship eXpert) нақты іске асыруға байланыстырылмаған «болмыс-
байланыс» деректер моделін тұрғызуды қамтамасыз етеді. Бұл 
модульдің, деректердің өзара байланысы туралы маңызды сұрақтарға 
жауаптардың көмегімен дұрыс қалыптастырылған деректер моделін 
құруға мүмкіндік беретін, кіріктірілген сарапшылық жүйесі бар. 
Реляциялық моделдеу модулі (R D M - Relational Data Modeler) 
реляциялық дерекқорында іске асыру үшін арналған, «болмыс-
байланыс» талдап тексерілген модельдерді құруға мүмкіндік береді. Бұл 
модульде дерекқорды тұрғызумен байланысты барлық конструкциялар 
құжатталады: индекстер, триггерлер, сақталатын рәсімдер және т.б. 
Жұмыс тобы репозиторийінің менеджері (WRM - Workgroup 
Repository Manager) барлық модельдер үшін жалпы ақпаратты сақтауға 
арналған деректер сөздігі ретінде қолданылады, сондай-ақ Silverrun 
модульдерінің жобалаудың бірыңғай ортасына біріктірілуін қамтамасыз 
етеді.
Модельдерді тұрғызудың бейнелеу құралдарының жоғары 
икемділігіне және әртүрлілігіне ақы ретінде, Silverrun-ның әртүрлі 
модельдердің компоненттерінің арасындағы қатал өзара бақылаудың 
болмағаны болып табылады (мысалы, DFD әртүрлі декомпозиция 
деңгейлерінің арасындағы өзгерістерді автоматты түрде тарату 
мүмкіндігі). Дегенмен, бұл жетіспеушілік БҚ ӨЦ каскадты моделін 


250 
пайдаланған кезде ғана маңызды мәні болу мүмкіндігін ескерген жөн. 
Silverrun-да дерекқордың сызбасын автоматтты түрде генерациялау 
үшін көп тараған ДББҚ-на көпірлер бар: Oracle, Informix, DB2, Ingres, 
Progress, SQL Server, SQLBase, Sybase. Деректерді қосымшаларды 
әзірлеу құралдарына табыстау үшін 4GL тілдеріне көпірлер бар: JAM, 
PowerBuilder, SQL Windows, Uniface, NewEra, Delphi. Барлық көпірлер 
Silverrun RDM-ге тиісті ДББҚ каталогтарынан ақпаратты немесе 4GL 
тілдерін жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа платформаларға 
пайдаланылып келе жатқан дерекқорды және қолданбалы жүйелерді 
құжаттамалауға қайта жобалауға немесе тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жобалауды автоматтандырудың басқа құралдарымен деректер 
алмасуы үшін, сондай-ақ әртүрлі стандарттарға сәйкес арнайы есептерді 
жасау үшін Silverrun жүйесінде жобалық ақпараттарды сыртқы 
файлдарға берудің келесі тәсілдері бар: 
■ 
есептер жүйесі есептің құрамындағысын репозиторийден файлға 
жүктеу және мәтіндік редакторға жүктеуді және басқа есепке қосуға 
мүмкіндік береді; 
■ 
экспорт/импорт жүйесі әртүрлі жүйелермен: басқа CASE-
құралдармен, ДББҚ, мәтіндік редакторлармен және электронды 
кестелермен деректермен алмасу мүмкіншілігін береді; 
■ 
репозиторий деректеріне рұқсат алу үшін, дерекқорды басқарудың ең 
көп таралған жүйелерінен барлық жобалық ақпаратты тікелей осы 
ДББҚ форматында сақтау қамтамасыз етілген. 
Silverrun-ның әртүрлі операциялық платформаларға арналған іске 
асырулары бар, олардың арасында жобалық деректермен алмасу 
мүмкіншілігімен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет