65
жүргізу уақыты мен мерзімдерін қысқартуға және едәуір тиімді және
сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Тақырыптық саланы модельдеуді
жүргізбей стратегиялық мәселелерді шешуде көп қате жіберу мүмкіндігі
көп, ол өнімді келесі қайта жобалауға шығындарды көбейтуге және
экономикалық ысырапқа әкеп соғады.
Тақырыптық саланың моделіне келесі талаптар қойылады:
■
тақырыптық саланың құрылымын біржақты сипаттауды қамтамасыз
ететін нысандандырылуы;
■
тапсырыс берушілер мен әзірлеушілер үшін
модельді графикалық
бейнелеу құралдарын қолдану негізінде түсініктілігі;
■
тақырыптық сала моделін нақты іске асыру құралдарының болуын
білдіретін іске асырушылық;
■
тақырыптық сала моделінің іске асырылу тиімділігін белгілі бір
әдістер мен есептелетін көрсеткіштердің негізінде мүмкіндігін
қамтамасыз ету.
Аталған талаптарды іске асыру үшін модельдердің жүйесін құру
қажет:
■
тақырыптық саласының ақпараттық
нысандары мен материалдық
процестерінде өзара байанысты құрамын көрсететін нысанды
модельдің;
■
процестерде нысандардың түрленуі бойынша функциялардың
(әрекеттердің) өзара байланысын білдіретін
функционалды
модельдің;
■
техникалық құралдар кешенінің орналасу типологиясы мен
коммуникация тәсілдерін сипаттайтын техникалық модельдің.
Мүмкін, процестерді орындауға әсер ететін оқиғалар мен бизнес-
ережелерді
білдіретін басқару моделі, сондай-ақ ұйымдастыру
бірліктерінің өзара байланысын білдіретін ұйымдастыру бірлігі қажет
болады.
Тақырыптық сала моделінің барабарлылық моделінің басты белгісі
әзірленетін БӨ функционалды толықтығында болады.
Модельдеумен жобалық шешімдерді ұсыну тілін таңдау проблемасы
тікелей байланысқан.
Модельдеу тілі - бұл жобаларды сипаттау үшін
қолданылатын
графикалық нотация.
Нотация модельде қолданылатын графикалық нысандардың
жиынтығын білдіреді және модельдеу тілінің синтаксисі болып
табылады.
Модельдеу
тілі
бір
жағынан
жобалаушының
шешімін
пайдаланушыға түсінікті
ету керек болса, басқа жағынан -
жобалаушыларға тұтастай жүйені құрайтын бағдарламалық кешендер