К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет67/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   195
87
 
4.6-сурет. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ үшін Йордан 
нотациясындағы бастапқы мәнмәтінді диаграмма (нөлдік деңгей 
диаграммасы) 
Деректердің ағыны көзінен бастап қабылдағышқа бірнеше 
жалғағыштар арқылы берілетін ақпаратты анықтайды. Деректердің 
нақты ағыны екі құрылғы арасында пошта, магнитті таспалар немесе 
дискеттер арқылы, бір компьютерден басқасына берілетін ақпарат 
болуы мүмкін. Әрбір деректер ағынының оның мазмұнын білдіретін аты 
болады.
Деректер ағыны диаграммасының иерархиясын құру мәнмәтінді 
диаграммадан басталады, ол жүйенің біршама жалпы түрін анықтайды. 
Мұндай диаграммада жүйенің сыртқы әлеммен интерфейсін 
сипаттайды, яғни әзірленетін жүйенің тұтынушылармен және ақпарат 
көздерімен өзара байланысын көрсетеді. Әдетте бастапқы мәнмәтіндік 
диаграмманың пішіні жұлдыз пішіндес. Егер жүйенің сыртқы мәнінің 
саны көп болса (10-нан астам), таратылған табиғатында немесе 
қолданыстағы қосалқы жүйелерін қамтиды, онда мәнмәтіндік 
диаграммалардың иерархияларын құрайды.
Егжей-тегжей процесінде теңгерім ережесін сақтайды - қосалқы 
жүйенің егжей-тегжейінде талданатын қосалқы жүйенің ақпараттық 
байланысы бар қосалқы жүйенің компоненттері қолданылуы мүмкін.


88 
4.7-сурет. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ деректері ағынының 
диаграммасы


89
 


90
Егжей-тегжейленбейтін 
процестерде 
осы 
процестің 
функцияларының сипаттамасынан тұратын функцияларды құрайды. 
Мұндай сипаттама табиғи тілінде орындалуы мүмкін.
Көтерме сауда үшін сатып алынған тауарлар мен олардың қозғалысы 
туралы деректерді алуға арналған «Көтерме сауда қоймасы» 
автоматтандырылған 
ақпараттық 
жүйесінің 
бағдарламалық 
қамсыздандыруын әзірлеу үшін деректер ағынының диаграммасы 
үлгісін келтіреміз.
Деректер ағынының диаграммасы иерархиясын құру мәнмәтіні 
диаграммадан басталады, яғни әзірленетін жүйе ақпарат көздерімен 
және қабылдағыштарымен өзара әрекет ететіндігін анықтаймыз (4.6-
сурет).
Бастапқы құжаттардың тауарлардың келіп түсуі бойынша 
тауарлардың келіп түсу журналында белгіленіп жазылады. Тауарларды 
сатуды рәсімдеу мен есепке алу сатып алушылар мен сатушының 
арасында сатып алынатын тауарларға есептесу тәсіліне байланысты 
болады. Қойма менеджері тауарларды сатып алу және жіберуді есепке 
алу журналын жүргізеді. Бастапқы құжаттардың деректері тиісті 
жинақтағыштарда сақталады.
Әзірленетін жүйе үшін сыртқы мәні жеткізушілер, сатып алушылар
қойма менеджері, есепке алу және бақылау бөлімі, тапсырыстарды 
қабылдау және рәсімдеу бөлімі болып табылады. Олар туралы 
мәліметтер тиісті кестелерде (анықтағыштарда) сақталады. Жеткізуші 
тауарды қоймаға тапсырады.
Тауарды жеткізуге арналған құжаттар (жөнелтпе, шот-фактуралар) 
деректер қорына енгізіледі.
Сатып алушы тауарларды сатып алуға тапсырыс береді. 
Тапсырыстарды қабылдау және рәсімдеу бөлімінде келіп түскен 
тапсырыстың әрбір жолы тексеріледі. Қандай да бір позициясы 
болмаған жағдайда қоймада жеткізушіге тапсырыс рәсімделеді, яғни 
қажетті тауарды жеткізу жүргізіледі.
Тапсырыстың негізінде деректер қорында сақталатын тауарларды 
сатуға құжаттар басып шығарылады да, сатып алушыға беріледі.
Әрбір күннің соңында барлық бастапқы құжаттар бухгалтерге 
беріледі. Тауардың келіп түсуі мен сатылуы туралы мәліметтердің 
негізінде қойма менеджерлері мен есепке алу бөлімінің қызметкерлері 
қоймадағы тауарлардың айналымы мен қалдықтары жөніндегі есептерді 
қалыптастырады.
«Көтерме сауда қоймасы» ААЖ деректер ағынының диаграммасы 
4.7-суретте берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет