К., Искакова Ж. М



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#20184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Рахимбаева-Учебник-ТҮРКІ-ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
 
 


12 
 
ӨЗБЕК ӘДЕБИЕТІ 
 
Өзбек  әдебиетінің  ежелгі  дәуірлерден  басталатын  ұзақ  та  қызықты 
тарихы бар. Әсіресе, халық ауыз әдебиеті мейлінше бай әрі түрлі жанрлы 
болып келеді. 
Ауыз  әдебиетінде  өзбек  халқының  тұрмыс-салтына  байланысты 
жырлар  –  наурыз  өлеңдері,  бесік  жыры,  үйлену  салтына,  көктемде  егін 
салу,  күзде  егін  жинау  мерекелеріне  байланысты  айтылатын  өлеңдер, 
сондай-ақ  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  лиро-эпостық  және  батырлар  жыры 
кең орын алған. 
Орта  Азия  мен  Қазақстанды  мекен  еткен  басқа  да  түркі  тектес 
халықтар әдебиетінде де кездесетін батырлық эпостардың ерлік бейнелері 
өзбек  фольклорында  жеке-жеке  дастан  түрінде  жырланған.  Олар:  біздің 
эрамызға  дейінгі  VI  ғасырда  Орта  Азия  халықтарының  шетел 
басқыншыларына  қарсы  күресін  басқарған,  әйелдер  арасынан  шыққан 
қолбасшы  Томарис  туралы  «Томарис»  дастаны,  Дари  I  (521-485  ж.) 
патшаның  әскерін  барса  келмес  шөлде  адастырып  жіберіп,  өз  елін 
басқыншылардан  қорғап  қалған  қойшы  жігіт  Шырақтың  ғажайып  ерлігін 
жырлаған  «Шырақ»  эпосы,  ерлік  пен  махаббат  тақырыбына  арналған 
«Зарина» және «Стрпангия» дастаны, т.б. 
Өзбек  әдебиеттану  ғылымы  халық  дастандарын:  ерлік  дастандары 
(«Алпамыс»),  соғыс  дастандары  («Шәмшид-наме»,  «Жүсіп  пен  Ахмет», 
«Әлібек  пен  Бәлібек»,  т.б.),  тарихи  дастандар  («Тулум-бий»,  «Шайбани 
хан»,  «Маматкарим  палуан»,  «Жизақ  көтерілісі»,  т.б.),  романтикалық 
дастандар («Рустамхан», «Күнтуғмиш», «Арзыгүл», «Ералы мен Шералы», 
т.б.), кітаби дастандар («Уарақа мен Гүлшах», «Уамиқ пен Узро», «Тахир 
мен Зухра», «Малика Дилорам» т.б.) деп жіктеп қарастырады. 
Өзбек халқының жазба әдебиеті XV ғасырдың алғашқы жартысында 
өмір сүрген Гауаи, Атаи Саккаки, Дурбек, Хайдар Хорезми, Иусуф Амири, 
Ахмади ғазалдарынан бастау алады. 
Өз дәуірінің  атақты шайырлары Ахмадидің «Музыка аспаптарының 
айтысы»,  Амиридің  «Бәңги  мен  Шарап  айтысы»,  Лутфидің  «Гүл  мен 
Наурыз»  дастаны  өзбек  әдебиетінің  қалыптасуына  да  ерекше  зор  рөл 
атқарғанын кезінде Әлішер Науаи атап көрсеткен болатын. 
Өзбек көркем сөз өнерінің әлемдік әдебиет аренасынан тиісті орнын 
алуға  Лутфидің  ұстаздан  озған  шәкірті  Әлішер  Науаи  мол  үлес  қосқаны 
мәлім. 
Міне,  осы  ұлы  Науаи  бастаған  игі  дәстүрді  XVI  ғасырда 
жалғастырушы Захир ад-уин Мұхаммед Бабыр болды. 


13 
 
Өзбек  әдебиетінің  алтын  қорына  XVII-XIX  ғасырларда  өмір  сүрген 
Хорезми  (1778-1829),  Агаки  (1809-1874),  Надира  (1791-1842),  Увайси 
(1780-1850),  Мұқими  (1850-1903),  Фуркат  (1853-1909),  Дилшад  (1800-
1905), т.б. ақындар қыруар үлес қосты. 
Солардың ішінде, әсіресе, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас 
кезінде  өмір  сүріп,  өз  ғазалдарын  ағартушылық  бағытта  жазған  Мұқими 
(Мұхаммад Алиходжа), Фурқат (Зәкіржан Халмухамедов) сияқты ақындар 
өзбек әдебиетіне жаңа леп ала келген еді.  
Қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  медреседе  оқып  жүрген  кезде  жазған 
тырнақалды  өлеңдерінің  бірінде  Шығыстың  әйгілі  ақындарымен  қатар 
өзбек әдебиетінің классигі Әлішер Науаи есімін де ардақтап ауызға алады. 
Жас  ақынның  озық  ойлы  санаткер  шайырларды  ұстаз  тұтқаны  көрінеді. 
Оған  ой-пікірі,  мұрат-мүддесі  ғана  емес,  тілі  де  жақын  Әлішер  Науаи 
айрықша әсер еткен: «Жас шағында Фирдоуси, Сағди, Хожа Хафиз тәрізді 
ұлы  классиктердің  ескі  өзбек  тіліне  аударылып,  Абайға  сол  аударма 
арқылы таныс болуы көңілге қонымдырақ көрінеді» . 
Орта ғасырларда Шығыстың ірі шайырлары түркі тілін қораш санап, 
шығармаларын  араб,  парсы  тілдерінде  жазған.  Науаи  оған  қарсы  шығып, 
ана  тілінің  абыройы  үшін  күресті.  Тұңғыш  рет  өз  ұлтының  тілінде 
шығарма жазды. Қазақ тілінің тазалығын сақтауға күш салған Абайға бұл 
қатты  ұнады.  Алғашқы  өлеңдерінде  («Иузи  –  рәушан,  көзі  –  гәуһар...», 
«Фзули,  Шәмси,  Сәйхали...»,  «Әлифби»)  араб,  парсы  сөздерін  жиірек 
араластырған ақын кейін одан біржола қол үзді. Науаи ғазалдарына еліктеп 
ғашықтық  өлеңдер  жазды.  Науаи:  «Таңғажайып  перизатым,  Нұр  жүзіңде 
қап-қара  мең.  Ақ  қағазға  жазған  хатқа  Қоя  қойған  ноқатпен  тең»  десе, 
Абай: «Мәт - қасың, тәштит - кірпік, секін - көзің» немесе «Кішкене қара 
қасы  сызып  қойған,  Бір  жаңа  ұқсатамын  туған  айды»  дейді.  Өлең 
тармағының  буын  саны  көп,  аз  болып  келетін  «аруз»  өлшемін  қолдануда 
Науаи әсері байқалады («Сен мені не етесің?..»). Абайдың философиялық 
өсиет-ғазалдарынан  да,  надандықты,  озбырлықты  шенеген  сын-сықақ 
өлеңдерінен де Науаи сарынын аңғаруға болады. Оның «Хайратул - аброр» 
дастанындағы дінге сенумен қатар адамның құдіреттілігі, өз бақыты үшін 
күресі,  қара  басы  емес,  халықтың  қамын  ойлау  парызы,  оқу-білім,  еңбек, 
махаббат  жайындағы  ұғымдары  Абай  шығармаларының  идеясымен 
сабақтас.  Низами,  Науаи  дастандары  арқылы  қазақ  арасына  аңыз  боп 
тараған  Ескендір  Зұлқарнайын  бейнесі  қызықтырған  ақын  осы  сюжетке 
белгілі  поэмасын  жазды.  Баласы  Ақылбайға  Науаидың  «Сабғаи  сайера» 
(«Хамсаның»  төртінші  дастаны  «Жеті  көзбе»)  желісімен  «Жаррақ» 
хикаясын  жаздырды.  Абай  қадір  тұтқан  ұлы  ойшылдардың  бірі  өзбек 
классикалық  әдебиетінің  ірі  өкілі  Захириддин  Мұхаммед  Бабыр.  Ол 
«Бабырнаманы» оқып, жоғары бағалаған («Бірер сөз қазақтың түбі қайдан 
шыққаны туралы»). Осы қарасөзінде «біз әуелден өзбек жұртымен аталас 


14 
 
едік»  деп,  «Сарт  –  садағам,  өзбек  –  өз  ағам»  деген  аталы  сөздің  мән- 
мағынасын екі халықтың тарихи тұтастығымен түсіндіреді.  
Абай  өлеңдері  өзбек  тіліне  1920  жылдан  аударыла  бастады. 
«Инқилаб»  («Революция»)  журналында  (1922,  N2  3)  «Адамның  кейбір 
кездері» ғазалы жарық көрді. «Таңдамалы» өлеңдер жинағы үш рет (1925, 
1961,  1970)  жарияланды.  Қарасөздері  1975  жылы  жеке  кітап  болып 
басылды.  Абай  шығармаларын  аударуға  Ғафур  Ғулям,  Міртемір,  Ұйғун, 
Турап  Төле,  Нәсір  Фазыл  т.  б.  көрнекті  өзбек  қаламгерлері  атсалысты. 
Міртөмір «Абай ата» деген арнау өлеңінде қазақтың ұлы перзентіне деген 
өзбек  халқының  ілтипатын  паш  етті.  Ақынның  туғанына  100,  125  жыл 
толуы  Ташкентте  салтанатпен  атап  өтілді.  Республикалық  баспасөзде 
мерекелік  мақалалар,  зерттеу-очерктер  жарияланды.  Абайды  өзбек 
халқына танытуда М. Әуезов шығармаларының да мәні зор болды. «Абай 
жолы» кітабы 1950-60 ж. өзбек тілінде басылып шықты (аударған Зұмрад), 
«Абай»  трагедиясы  (аударған  Иззат  Сұлтан)  сахнада  қойылды.  Абай 
атында Ташкентте көше, республика аудандарында мектептер бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет