К., Искакова Ж. М



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#20184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
Рахимбаева-Учебник-ТҮРКІ-ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
 


42 
 
ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ 
 
Түркия  Республикасының  негізгі  халқы  –  түріктердің  әдебиеті 
туралы  айтудан  бұрын  осы  мемлекеттің  өзі  жайында  қысқаша  мәлімет 
бергеніміз жөн сияқты. 
Түркия  Республикасы  –  Батыс  Азия  мен  Оңтүстік  Шығыс 
Еуропадағы мемлекет. Территориясы негізінен (97 процентке жуығы) Кіші 
Азия түбегіне, яғни Анадолы (Анатолия) жеріне орналасқан.  
Халқының саны 40,2 млн. (1975 ж.) халқының 90 проценттен астамы 
– түріктер. Мемлекеттік тілі – түрік тілі. Ресми діни нанымы – ислам діні. 
Астанасы – Анкара қаласы.  
Мемлекеттік  құрылысы  жағынан  Түркия  –  Республика.  Мемлекет 
және  үкімет  басшысы  –  президент.  Бірден-бір  заң  шығаратын  жоғарғы 
өкімет органы – екі палаталы парламент.  
Түрік  халқының  ұлт-азаттық  күресін  (1918-1922)  басқарып,  туған 
елін сан ғасырларға созылған сұлтандар әулетінің езгісі мен империалистік 
мемлекеттердің  қанауынан  құтқарған  –  Мұстафа  Кәмәл  Ататүрік  (1881-
1938)  еді.  Ататүрік  бастаған  күрестің  нәтижесінде  Батыс  үлгісіндегі, 
Еуропалық  сипаттағы  демократияға  негізделген  бүгінгі  Түркия 
Республикасы дүниеге келді (1923 ж. 29 қазан). Оның тұңғыш президенті 
Ататүрік болды.  
Түрік халқының алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, Ұлы Ұлттық 
Мәжілістің  (парламенттің)  арнайы  қаулысымен  Мұстафа  Кәмәлға  1934 
жылы «Ататүрік» (Түріктердің атасы) фамилиясы берілген.  
Түркия  Республикасы  мен  Қазақстан  арасындағы  мәдени,  әдеби, 
саяси, экономикалық байланыстар күн сайын арта түсуде. Бұл игі іске екі 
елдің президенттері Сүлеймен Демирел мен Нұрсұлтан Назарбаев мол үлес 
қосып келеді.  
Түрік  әдебиеті  өзінің  қайнар-бастауларын  бүкіл  түркі  тілдес 
халықтарға ортақ әдебиет – ежелгі түркі әдебиетінен алады.  
Түрік  қағандығы  (552-745  жылдар)  тұсында  өмірге  келген 
«Күлтегін»  батыр  туралы  жыр,  VI-IX  ғасырлардың  әдеби  мұралары  – 
«Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», Әбу-Насыр Әл-Фараби өлеңдері: X-XII 
ғасырлардағы  әдебиет  үлгілері  –  Махмұд  Қашғаридің  «Диуани  лұғат  ат-
түрік»,  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  дастаны,  Ахмед  Иугінекидің 
«Ақиқат  сыйы»,  Ахмет  Яссауидің  «Диуани  Хикмат»  («Даналық  кітабы»), 
т.б. ежелгі мұралар түрік жазба әдебиетінің де алғашқы бастаулары болып 
табылады. 


43 
 
Сонымен  бірге,  XV-XVII  ғасырлар  түрік  поэзиясының  дамуындағы 
классикалық дәуір саналады. Бұл кезде Түрік әдебиетінің дамуына, әсіресе, 
Месехи (1470-1514), Михри Хатун (1456-1514), Махмұд Бақи (1526-1600) 
сияқты ақындар мол үлес қосты. 
Түрік  әдебиетінде  XVIII  ғасырда  сопылық  бағыттағы  поэзия 
мейлінше дами түсті. Бұл бағыттағы ең көрнекті туынды – Шейх Галпттің 
(1757-1799)  (Сұлулық  пен  махаббат»  поэмасы  еді.  Бұл  кезде  түрік 
әдебиетінде жаңа жанрлар (драма, новелла, роман) пайда болды. Түріктің 
жаңа  әдебиетін  дамытуға  Ибраһим  Шинаси  (1826-1871),  Намық  Кемал 
(1840-1878),  Шемсеттын  Сами  (1850-1904),  Ахмет  Мидхат  (1844-1913) 
сияқты қаламгерлер атсалысты.  
Абдулхақ Хамид Тархан (1952-1937), Реджаизаде Экрам (1847-1913), 
Тевфик  Фикрет  (1867-1915)  сияқты  сөз  зергерлері  түріктің  көркем  сөз 
өнеріне көптеген жаңалықтар енгізді. 
Ең бастысы – түрік және қазақ әдебиеттерінің тарихи тамыры ортақ, 
ал шыққан тегі, яғни қайнар-бастауы бір екенін ескергеніміз жөн. 
Түркі  халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – 
халықтың  ауыз  әдебиеті.  Жазу-сызу  өнері  болмаған  ерте  кезде-ақ  қазақ 
халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, 
қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі 
өлең-жыр,  ертегі-әңгіме,  мақал-мәтел,  аңыздар  ойлап  шығарған  және 
оларды  ауызекі  айту  күйівде  тудырган.  Сондықтан  да  бұларды 
халыктынтың  ауызша  шығарған  көркем  шығармасы,  даналық  сөзі,  яғни 
ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп 
отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін 
болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері 
болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, 
сақталмаған.  Халық  олардың  шығармаларын  ғана  есіне  сақтап  және 
ауызша  айтып,  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізген,  сөйтіп,  жеке  авторлар 
шығарған әдеби туынды кейіннен өнделіп, сұрыпталған, оган ұжым болып 
творче-стволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар 
көпшіліктің  еңбегіне,  яғни  халықтың  ауызша  шығарған  әдебиетіне 
айналып  кеткен.Ауыз  әдебиетін  фольклор  деп  те  атаймыз.  Фольклор  – 
ағылшын  сөзі.  Ол  –  халық  творчествосы,  халықтың  ауызша  тудырған 
көркем  шығармасы,  халық  даналығы  деген  үғымды  береді.  Фольклор 
дүние  жүзіндегі  халықтардың  бәрінде  бар.  Ал  халықгың  ауыз  адебиетін 
зерттейтін гылымды фольклористика деп атайды. 
 Ауыз  әдебиеті  –  ертеден  келе  жатқан  мұра.  Бұл  жөнінде  орыс 
халқының  ұлы  сыншысы  В.  Г.  Белинский  «әдебиет  деген  сөздің  жалпы 
мағынасы»  туралы  жазған  еңбегінде  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеттің 
арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте 
замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу 


44 
 
өнерін  білмеуі  мүмкін,  бірақ  оның  поэзиясы  болмауы  мүмкін  емес, 
әдебиетінің  тым  ерте  кезде,  халықтың  жазу-сызу  өнері  болмаған  заманда 
туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның 
көркем  әдебиеті  ауыз  әдебиетінен  басталады.  Демек,  ауыз  әдебиеті 
болмаған,  бірден  жазба  әдебиетін  жасаған  халық  бұрын-соңды  тарихта 
кездеспейді. 
Әдебиеттік  жағынан  алғанда,  қазақтың  ауыз  әдебиеті  де  әр  алуан. 
Халықтың  тұрмыс-салтына,  әдет-ғұрпына байланысты  туған  шығармалар, 
мақал-мәтелдер,  аңыз,  ертегілер,  батырлар  жыры,  түрмыс-салт  жырлары, 
айтыс  өлендері  т,  б.  қазақ  ауыз  әдебиетіңің  негізгі  түрі  болып  табылады, 
әрине,  ауыз  әдебиетіңің  барлық  түрі  бір  мезгілде  тумаған  және  олардың 
тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, 
яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі 
күнгс  дейін  дәлелденбей  келеді.  әйткенмен  өткен  кезде  орыстың  және 
шетелдердің  бірсыпыра  ғалымдары  ауыз  әдебиетінің  шығу  жайына  біраз 
көңіл аударып әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебисті қалай туды, 
қалай  дамыды  дсген  мәселені  өздерінше  баяндап,  әр  алуан  теориялар 
шығарған-ды.  Бұл  теориялардың  қазақ  ауыз  әдебиетіне  тікелей  қатысы 
болмаса  да,  жалпы  ауыз  әдебиетін  зерттеуде  алған  орны  да  бар  еді. 
Сондықтан  бұл  теориялардың  кейбіреулеріне  шолу  ретіндс  қысқаша 
тоқтай кетелік. 
  
Өткен  ғасырдың  орта  шенінде  Батыс  Европада,  Ресейде  ауыз 
әдебиетін  зерттеген  буржуазияшыл  ғалымдар  «мифтік  теория»  дегенді 
ойлап шығарды. Бұл теорияны XIX ғасырдың 50-60-жылдарында орыстың 
Ф.И.Буслаев,  Ф.Миллер,  А.Н.Афанасьев  секілді  ғалымдары  қолдап,  ауыз 
әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әр түрлі мифтерге байланысты туды және 
ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Ауыз 
әдебиетін  жасауда  адамдардың  саналы  рөлі  болған  жоқ,  ауыз  әдебиетін 
құдайлардың  өздері  туғызды,  адам  баласы  қүдайлар  жасаган  мифтерді 
ауыз  әдебистіне  қосушы  ғана  болды  және  оны  өзгертпей,  бергі  заманға 
алып  келді  десті.  Сөйтіп,  идеалистік  көзқарасқа  негізделген  «мифтік 
теория»  ауыз  әдебиетінің  шығу  тегін  ашып  бере  алмады.  Экономиканың, 
қоғам  өмірінің  ілгсрілеп  дамуына  қарай  ертедегі  мифтік  ұғымдар  да, 
наным-сенімдер  де  өзгеріп,  жаңарып  отыратынын  және  олардың 
жоғалатынын  «мифтік  теорияны»  жақтаушылар  мойында-мады  және 
мойындағысы келмеді. 
  
Ауыз  әдебиетінің  шыгуы  жайында  өткен  ғасырдын  екінші 
жартысында  батыста  тағы  бір  теория  пайда  болды  Бұл  “ауысып  алу” 
(“теория заимствования) деп аталды. Оны Ресейде А.Н.Пыпин, В.В.Стасов, 
А.Н.Веселовский  т.  б.  галымдар  қолдады.  Ауыз  әдебиетін  басқа  елдердің 
ауыз  жағынан  салыстыра  зерттеді  және  әр  ұқсас  келетін  сюжеттерге 
айрықша  нәтижесінде,  бір  елдің  ауыз  әдебиетіңде  екінші  бір  елдің 
әдебиетінен  ұшырай  олар  бір-бірінен  ауысып  алган  деп  алулар  әр  түрлі 
қарым-қатынас,  жасалған  дейді  Мәселен,  Веселовсқий  орыстын  батырлар 


45 
 
жырының  сюжеті  Батьіс  Европадан  оны  тек  Батыс  емес,  Шығыс 
дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетіңең көп сюжет алған 
деген пікірді Стасов та кейіннен Потанин де баса көрсетеді баса көрсетеді. 
Орыстың батырлар жырында Илья Муромецтін өз баласымен согысатыны 
айтылады  Муны  «ауысып  алу»  теориясын  қолдаушылар  Шахнамадан 
келген  сюжет  деп  қарады  Сөйтіп,  олар  әрбір  халыктың  творчестволык 
қабілетін  жоққа  шығарады.  Олардын  ойынша  бірде-  бір  халык  өз 
тарапынан  шығарма  тудыра  алмақ  емес  тек  даяр  сюжетке  ие  болады  сол 
сюжетті  өз  тілінде  жырлайды  және  олардың  мұндай  шығармалары  бір 
елден  екінші  елге  ауысып  отырады  мекені  жоқ  сюжетке  айналады. 
 
Екіншіден,  бір  халықтың  ауыз  әдеби  тегісінде  немесс  батырлар 
жырында к басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас Мүндай ұқсастық скі 
халықтың,  кейде  бірнеше  халықтын  жаңағы  сюжеттерді  бір-бірінен 
ауысып  алғандығынан  бола  бермейді.  Ондай  ұқсастық  экономиканың 
тұрмыс-тіршіліктің  қоғамдық  өмірдің  ұқсастығынаң  туады  Бір-бірімен 
ешқандай  қарым-қатынас  жасамаған  шалғай  жатқан  халықтардың  ауыз 
әдебиетінде  ұқсас  сюжеттердің  болу  себебі  міне,  осыған  байланысты. 
Бұған кезінде Г.В.Плеханов та айрықша көңіл аударған болатын. Ол өзінің 
«Адрессіз хат» дейтін  еңбегінде ауыз әдебиетіндегі  сюжет  үқсастықтарын 
халықтардың  түрмыс-тіршілік,  шаруашылық,  қоғамдық  жағдайларының 
ұқсастығынан  іздейді.  Осы  ретте  мысалға  Манас  пен  қобыланды  батыр 
жайындағы  жырларды  алайық.  Мұның  бірі  –  қырғыздың,  екіншісі  – 
қазақтың жыры. Осы екі батырдың туысын жырлауда үлкен ұқсастық бар. 
Мәселен,  Манастың  әкесі  Жақып  баласыз  адам  болады.  Көп  уақыт  оның 
еліне  жау  шабуылдап  күн  көрсетпейді.  Жақып  құдайдан  бала  тілейді, 
жауға қарсы күресетін, ел қорғайтын ұл бер дейді. Ал Қобыландының әкесі 
Тоқтарбай  да  осындай.  қызылбастардан  қысым  көре  берген  Тоқтарбай 
құдайдан басқыншылардан елді қорғай алатын бала бер деп жалбарынады. 
Сырт  қарағанда  бір-біріне  өте  ұқсас  келетін  бұл  сюжетті  қазақ 
ақындары  қырғыздан  немесс  қырғыз  жыршылары  қазақтан  алған  секілді 
болып  көрінеді.  Шынында  олай  емес.  Бұл  сюжет  осы  екі  халықтың 
ертедегі  өмірінен  алы-нады.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  қазақ  пен 
қырғыз  елі  көп  уақыт  шетелдік  басқыншылардың  шабуылын  көрген. 
Сондай  жагдайда  басқыншыларга  қарсы  аттанып,  жаудан  ел-жұртын 
қорғап  қаларлық  ұлды  қырғыз  да,  қазақ  та  арман  еткен.  Мүны  олар 
өздерінің  жырына  да  қосқан.  Осы  бір  мысалдың  өзі-ақ  сюжст  ұқсастығы 
«ауысып  алу»  нәтижесінде  тумайтындығын,  ол  халықтардың  түрмыс-
тіршілік,  қоғамдық  жайларының  ұқсастығына  байланысты  болатындығын 
көрсетеді. Рас, ерте заманнан бастап әр түрлі шаруашылық, мәдени қарым-
қатынастар  жасаған  және  көршілес  отырған  халықтардың  бір-біріне 
әдебиеттік әсер ететіні болады. Мысалға қазақпен туыс, ағайындас қырғыз, 
өзбек,  түркімен,  қарақалпақ  халықтарын  алайық.  Бүлардың  арасында 
туысқандық  қарым-қатынас  ертеден  келе  жатыр.  Олардың  әдебиеті  бір-
біріне әсер еткен, өзара кейбір сюжетті «ауысып алған» жайы да бар. Бұған 


46 
 
карап,  аталшн халықгардың өзіндік  таланты,  творчестволық  қабілеті  жоқ, 
тек  бір-бірінен  сюжет  алып  отырған,  сол  сюжеттерді  ғана  жырлап  өткен 
деуге болмайды. Олардың әрқайсысы үлкен талант иесі, ауыз әдебиетінің 
неше  алуан  әдемі  үлгілсрін  тудырған  және  ондай  творчестволық  іс 
қолынан  келетін  халықтар.  Откен  ғасырдың  ақырынан  бастап  төңкеріске 
дейінгі  дәуірде  ауыз  әдебиетін  зерттеу  жөнінде  жоғарыда  аталғандардан 
басқа тағы бірнеше теориялар болды. Соның ішінде ауыз әдебиетінің шығу 
жайын  тексеруде  басқа  теорияларға  қарағанда  аз  да  болса  ғылыми  негіз 
бары – «тарих мектебі» деп аталған еді. Оның негізін салушы орыс ғалымы 
В. Ф. Миллер – ауыз әдебиетін, әсіресе орыстың батырлар жырын көбірек 
зерттеген  адам  Көп  жылғы  зерттеу  еңбегінің  қорытындысы  етіп, 
ол1897жылы  «Орыс  ауыз  әдебиеті  жайындағы  очерктер»  деген  кітабын 
шығарды.  Осы  еңбегінде  В.  Ф.  Миллер  орыстың  батырлар  жыры  монғол 
басқыншыларының шабуылына байланысты туды деп қарайды. Бүл пікірін 
ол  тарихи  материалдар,  деректер  келтіре  отырып  дәлелдейді.  Батырлар 
жырын  тарихта  болған  оқиғалардың  айнасы,  соның  документі  деген 
қорытынды жасайды. 
Ауыз  әдебиетін,  соның  ішінде  батырлар  жырын  зерттеуде  басқа 
теорияларға  қарағанда  «тарих  мектебінің»  пікірлерінше  ауыз  әдебиеті 
халықтың  өміріне,  тарихына  байланысты,  туады  деуі  бұрын  айтылмаган 
тың  пікір  болатын  әйткенмен,  ауыз  әдебиетін  түгелімен  өткендегі  тарих 
және  оның  документі  деп  қарау  қате  айтылған  пікір  еді.  Рас,  халықтың 
тарихынан  елеулі  орын  алған  оқиғалар  әдебиетке  әсерін  тигізбей 
қоймайды,  кейде  ол  әдеби  шығармалардың  тууына  ссбепші  де  болады. 
Бірақ  та  ауыз  әдебиеті  тарихи  оқигаларды  өз  қалпында,  болған  күйінде 
жырлай  бермейді„  Тарихи  фактілерді  негізге  ала  отырып,  оны  ақындық 
қиял  арқылы  қүбылтып  жырлайды,  суреттеп  көрсетедр  кейде  асырып, 
кейде әсірелеп елестетеді, ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы 
бейнелейді.  Олай  болса  ауыз  әдебиетін  тарихтың  өзі,  соның  документі 
деуге де болмайды. 
  
Сөйтіп,  ауыз  әдебиетінің  туу,  қалыптасу  жайын  буржуазияшыл 
ғалымдар  дұрыс  түсіндіріп  бере  алмады.  Бұл  мәселені  тек  марксизм-
ленинизм іліміне сүйенген қазіргі ауыз әдебиеті ғылымы ғана толық шешіп 
берді.  қазіргі  ғылым  ауыз  әдебиеті  адамдардың  еңбек,  кәсіп  етуіне, 
тұрмыс-тіршілігіне,  қоғамдық  өміріне  және  оның  дамуына  байла-нысты 
туғандығын  дәлелдеді.  Ауыз  әдебиеті  халық  өмірімен  тығыз  байланыса 
отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. 
әрине,  бұдан  ауыз  әдебиеті  бірден  дамыган  деген  ұғым  тумайды.  Оның 
кейбір  үлгілері  ескі  дәуірде,  рушылдық  қоғамда  туған;  бертін  келе  – 
қоғамдық, экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы 
ой-өрісінің ұлғайып  өсуіне қарай  ауызәдебиеті де дамып  отырған. Демек, 
халықтың  қоғамдық  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі,  әлеуметтік  көзқарасы  т.  б. 
ауыз  әдебиетінің  тууына  және  қалыптасып  дамуына  әсер  еткен,  мазмұн 
берген.  Сондықтан  да  ауыз  әдебиеті  өзінің  даму  жолында  талай  тарихи 


47 
 
дәуірлерді  басынан  кешірген,  талай  таптық,  қоғамдық  тілектер  мен 
көзқарастардың  елегінен  өткен  әрбір  қоғамдық  құрьшыс,  таптық  тілектер 
ауыз  әдебиетінің  идеялық  бағытына,  мазмұнына  ықпал  жасаған, 
әрқайсысы  өздерінің  мүдделеріне  сәйкес  ауыз  әдебиетін  ту-дырған,  оны 
пайдаланып отырған. 
Ауыз  әдебиетінің  бұл  айтылған  түрлері,  әрине,  бір  мезгілде  туып, 
бірден қалыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ 
уақытқа  созылған  даму  жолдары  бар.  В.Г.Белинский  жоғарыда  аталған 
еңбегінде және «әдебиеттің түрлері» мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба 
әдебиеттің  арасында  елеулі  айырмашылықтар  барлығын  көрсетеді.  Оның 
айтуынша:  ең  басты  айырмашылық  шығарманың  авторы  белгілі  болу-
болмауында.  Осыған  байланысты,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің 
айырмасы  жөнінде  В.  Г.  Белинскийдің  бір  пікірін  келтірейік.  Ол  былай 
дейді:  «Ауыз  әдебиетін  алатын  болсақ,  оның  жұртқа  аты  белгілі  авторы 
болмайды,  өйткені  қашан  да  болса,  ауыз  әдебиетінің  авторы  халық 
болады.^Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындаіи ішкі және тысқы 
тіршілігін  ешбір  боямасыз  айқын  көрсететін  қарапайым,  үстіртін  аңғал 
өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді… Ал әдебиетті 
алсақ,  ол  мүлде  басқаша  болады:  оның  шығарушысы  халық  емес,  оның 
авторлары  –  халық  рухының  әр  алуан  жақтарын  өзінің  ақыл-ойы  арқылы 
білдіретін  жеке  адамдар,  жеке  адамдар  әдебиеттегі  өздерінің  праволарын 
толық  өз  қолына  алады,  сөйтіп,  әдебиет  дәуірлері  сол  жеке  адам-дардың 
аттарына  байланысты  болып  белгіленеді».  Белинский  бұл  пікірін 
«Әдебиеттің  түрлері»  және  «Әдебиет  деген  сөздің  жалпы  мағынасы» 
туралы  жазған  еңбектерінде  де  айтады.  Ұлы  сыншының  пікірінше  ауыз 
әдебиеті мсн |көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі 
жеке  авторлардың  болу-болмауына  байланысты.  Және  де  дәуірінің,  бүкіл 
халықтың  рухын  білдіретін  жеке  авторлардың  шығуы  экономиканың 
дамыған,  қоғамдық  ой-сананың  ұлғайып  өскен  кезінде  болады, 
экономиканың  дамуы  мәдениеттің,  техниканың  өсуіне  ықпал  жасайды, 
жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді, осыдан былай 
жеке  авторлардың  шығармалары  жүртқа  жазу  үлгісінде,  баспа  арқылы 
тарайтын болады дейді. 
Демек,  жазба  әдебиеттің  қандай  туындысын  алсақ  та  оның  авторы 
белгілі  болады.  Соған  қоса  оның  өмірбаяны,  шығармаларының  қашан, 
қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т. 
б.  көпшілікке  мәлім  болып  отырады.  Ал  ауыз  әдебиетінің  авторлары 
белгісіз  болады.  Бұдан,  әрине  ауыз  әдсбиетінде  автор  болмайды  деген 
ұғым тумайды. Онда автор болған.(Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы 
Күнікей  қыз»,  «Алдар  Көсе»,  «Қобыланды  батыр»  т.  б.  сияқты  ертегі, 
әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. 
Бірақ  ол  кезде  жазу-сызу  өнері  болмағандықтан  авторлардың  өмірбаяны, 
аты-жөні  сақталМаган.  Ал  шығармалары  ауызша  айту  түрінде  туып,  ел 
арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі 


48 
 
болған.  Ауыз  әдебиетін  халық  әдебиеті  деп  атаушылық,  міне,  осылай 
туған. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы ауыз 
әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында. 
  
Бір-біріне  жалпы  мазмұны,  оқиға  желісі,  кейіпкерлерінің  аттары 
ұқсас келетш шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты 
десек,  бұл  ауыз  әдебиетінде  көп  кездеседі.  Мысалға  «Қобыланды  батыр» 
жырын  алайық.  қазіргі  күнде  бұл  жырдың  28  варианты  бар.  Олардың 
жалпы  мазмұны,  оқига  желісі,  басты  кейіпкерлерінің  есімдері  бір-біріне 
үқсас  келеді.  Бәрінде  айтылатын  басты  әңгіме:  қобыланды  батырдың 
сыртқы  және  ішкі  жауларға  қарсы  күресі,  осы  жолда  оның  жасаған 
ерліктері.  Бұл  оқиғалар  жырдың  варианттарында  әр  түрлі  жырланады,  ал 
ол  варианттарда  өзара  үлкенді-кішілі  айырмашылықтар  болып  отырады. 
Мұнымен қатар ауыз әдебиетінде(варианттардың көп болуын шығарманың 
ауызша  шығарылып,  халыққа  ауызша  айту  арқылы  тарауына  байланысты 
деп  білеміз.  Мәселен,  ертекші  өзінің  ертегін  (немесе  жыршы  өзінің 
жырын)  көпшіліктің  жиналған  жерінде  айтады.  Сол  арада  тындаушы 
көпшіліктің  арасынан  жаңағы  ертегінің  (немесе  жырдың)  мазмұнын, 
оқиғасын  ұғып  алушылар  табылады.  Енді  олар  сол  ертегіні  екінші  бір 
жерде  өзінше  әңгімелейді,  жаңалап  айтады,  алғашқы  әңгімелерінің  кей 
жерін  қысқартып,  кей  жеріне  тыңнан  оқиға  қосып  ұлгайтады.  Сөйтіп, 
ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туывды түрі, варианты шығады. Ал 
жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. әрбір жазушы (не ақын) 
шығармасын  өз  атынан  жария-лайды,  оны  екінші  бір  автор  иемденіп 
кетпейду қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жұртқа белгілі болып 
отырады. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. 
Ол:  ауыз  әдебиетінде  қалыптасқан  дағдылы  сөздер  мен  сөйлемдердің, 
тұрақталған  ұқсастық  пен  ұйқастардың  жиі  кездесетіндігінен  көрінеді. 
Мысалы, ертегілердің көпшілігі: 
Ерте ертек ерте екен
Ешкі жүні бөрте екен 
Кырғауыл жүні кызыл екен, 
Кұйрық жүні ұзын  екен,-  
деп  немесе  «Баяғыда  бір  кедей  болыпты,  оның  үш  баласы  болыпты»  деп 
басталады.  Ертегілердің  бұлай  басталуы  дәстүрге  айналып  кеткен. 
Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне үқсас келгенімен, одан 
әңгімеленетін  оқиғалардың  мазмұны,  дамуы  әр  түрлі  болады.  Ал  жазба 
әдебиетте  шығарма  мұндай  қалыптасқан  дағдыға  айналған  сөз 
тіркестерімен  басталмайды.  Әр  жазушы  шығармасын  басқа  авторға 
ұқсатпай  өзінше  бастап,  өзінше  аяқтайды)  Ауыз  әдебиеті  мен  жазба 
әдебиеттің  арасындағы  айырмашылықты  көрсететін  келесі  бір  белгі  деп 
ауыз  әдебиетінде  бірнеше  өнердің  бірлесіп  келуін  айтамыз  (Мұны,  яғни 
бірнеше  өнердің  бірлесе  көрінуін,  синкретизм  деп  атайды).  Мәселен, 
жыршы  ақын  жырын  көпшіліктің  жиналған  жерінде  шығарған.  Сонда  ол 
домбыраның  (гармонь  немесе  қобыздың)  сүйемелдеуімен  ән  (күй)  әуенін 


49 
 
келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген. Міне, осы 
арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындық 
өнер,  ән  (күй)  әуені,  көпшіліктің  алдында  (сахнада)  жыр  айтып  отырған 
жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір 
ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты 
жағдай  жазба  әдебиетте  кездеспейді.  Ол  тек  ауыз  әдебиетіне  ғана  тән 
ерекшелік деп қараймыз.  
Түрік  Республикасының  ең  ірі  жазушылары:  Нури  Гюнтекин,  Ака 
Гюндюз,  Якуп  Кадри  Караосманоглу,  Сафа,  феминистка  Халиде  Эдиб 
Адывар, Махмут Йесари, Осман Джемаль Кайгылы, олар үшін әлеуметтік 
реализм, шындықты сыни тұрғыдан қабылдау, ұлттық уәждерді пайдалану 
және кейіпкерлердің психологизмі тән. 
Ең  жарқын  ақын  Назым  Хикмет  Ран  болды,  ол  «дизе»  поэтикалық 
формасынан  кетті.  Алайда  көптеген  ақындар  «хедже»  стилін  ұстануды 
жалғастырды, оның ізбасарлары Ахмет Хамди Танпынар, Зия Осман Саба, 
Кемалеттин Каму, Ахмет Мухип Дыранас.  
1940-шы  жылдары  реализм  бағытын  Джевдет  Құдрет  Солок,  Тарық 
Бугра, Қоджагез, Джеват Шакир Қабаагачлы, Октай Ақбал, Халдун Танер 
дамытты.  
1950-ші  жылдардан  бастап  әдебиетке  ауыл  тақырыбы  келеді.  Бұл 
бағыттағы  ең  танымал  туындылар:  Махмұт  Макала  «Біздің  ауыл»  және 
Факир  Байкурттың  «Жылан  кек».  1955  жылы  Яшар  Кемаль  Чукуров 
аңғарының  өмірі  туралы  «Арық  Мемед»  романының  бірінші  томын 
шығарды.  Бұл  бағытта  Демир  Озлю,  Эдгю  Фериті,  Юсуф  Атылган  және 
Незихе Мерич жатады.  
Сатириялық  бағыт  екі  рет  «Алтын  пальма»  әдеби  марапатын  және 
дүние  жүзіне  танымал  болған  Азиз  Несиннің  тұлғасындағы  көрнекті  өкіл 
болды.  Музаффер  Изгю  мен  Рифат  Ылгаз,  «Хабабам  класы» 
комедиясының авторы, сондай-ақ осы жанрда танымал болды.  
1960-1970-жылдары 
қоғамдағы  елеулі  өзгерістер  салдарынан 
әлеуметтік-саяси  тақырыптар  аса  өзекті  болды.  Сонымен  қатар,  жазушы 
Осман Аттила, Явуз Бюлент Бакилер, Фейзи Халыджи, Айхан Инал, Исмет 
Озель,  Атаол  Бехрамоглу,  Хильми  Явуз,  Севги  Сойсал,  Четин  Алтай, 
Адалет  Ағаоглу,  Тезер  Көлю,  Пынар  Кюр,  Селим  Илери,  Бекир  Йылдыз, 
Томрис Уяр және Айла Құтлу жаңа әдеби формалар табуға тырысты. Тек 
1980  жылы  түрік  қоғамының  деполитизациясы  Мұстафа  Неджати 
Сепетчиоглу  шығармаларында  көрініс  тапқан  түрік  және  түркі  тарихына 
деген  қызығушылықтың  пайда  болуына  әкелді.  Түркияның  ең  танымал 
қазіргі  жазушысы-Нобель  сыйлығының  иегері  Орхан  Памук.  Басқа 


50 
 
жазушылар  –  Яшар  Наби  Наыр,  Орхан  Іли  қанық,  Октай  Рифат,  Джахит 
Кюлеби, Хюсеин Рахми Гюрпынар, Неджати Джумалы, Селим Илери.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет