К., Искакова Ж. М



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#20184
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Рахимбаева-Учебник-ТҮРКІ-ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
 


51 
 
ҰЙҒЫР ӘДЕБИЕТІ 
 
Ұйғыр  халқы  көп  ғасырлық  тарихында  аса  бай,  әр  түрлі  жанрлы 
болып  келетін  ауыз  әдебиетін  өмірге  әкелді.  Олардың  ішінде,  халықтық 
жырлар,  ертегілер,  аңыздар,  күлдіргі  әңгімелер,  батырлық  пен  ғашықтық 
дастандар, мақал-мәтелдер т.б. бар. 
Ұйғырдың ежелгі дәуірдегі эпикалық мұралары түркі тілдес басқа да 
халықтардың  осы  тектес  әдеби  шығармаларымен  үндес,  сарындас,  кейде 
тіпті сюжеті жағынан ұқсас болып келеді.  
Түрік қағанаты тұсындағы, Қарахан мемлекеті кезіндегі және Алтын 
Орда  дәуіріндегі  түркі  әдебиет  ескерткіштері  –  өзге  де  түркі  тілдес 
халықтар сияқты ұйғыр әдебиетінің де қайнар-бастауы болып табылады. 
Орталық  Азиядағы  көне  түркі  халықтарының  бірі  саналатын  ұйғыр 
халқының  өзіндік  әдебиеті,  жоғарғы  мәдениеті,  қадым  замандардан 
басталатын  тарихы  бар  екенін  шығысты  зерттеуші  ғалымдар  дәлелдеп, 
кезінде келелі еңбектер жазғаны мәлім. 
Ұйғыр  әдебиетінің  негізгі  бір  бөлігі  Қазақстанда  дамып,  кең  өріс 
алған.  Әйтсе  де  қазіргі  Қытайдағы  Шыңжаң  ұйғыр  автономиялық 
ауданында  ұйғыр  әдебиетінің  ежелден  қалыптасқан  өзіндік  көркем  сөз 
дәстүрі бар.  
Шыңжаң  өлкесінде  (бұрынғы  Қашқарияда)  XVII-XVIII  ғасырларда 
бірқатар саяси, қоғамдық өзгерістер болды. Бұл кезде, әсіресе, түрлі саяси 
топтар арасындағы ел билігіне таласып, тақ үшін болған соғыстар көбейіп 
кетті.  Бұл  кезде  Қашқардың  әкімі  Жолбарыс  өз  әкесі  Абдулла  ханды 
өлтіріп,  Шығыс  Түркістан  тағына  отырады.  Алайда,  көп  ұзамай-ақ,  1671 
жылы  қарсыластары  Жолбарыс  ханның  өзін  өлтіріп,  орнына  Исмаил  хан 
болды.  
Исмаил  дербес  Қашқария  (Шығыс  Түркістан)  мемлекетінің  соңғы 
ханы  болып,  тәуелсіз  мемлекетті  басқарды.  Кейінірек  Ислам  хан  мен 
Аппақ  қожа  арасындағы  күресті  пайдаланып,  бүкіл  Шығыс  Түркістанды 
жоңғар билеушісі Қалден жаулап алды. 
Міне,  XVII-XVIII  ғасырлардағы  ұйғыр  әдебиетінде  осындай  саяси, 
әлеуметтік,  тарихи  оқиғалар  өз  көрінісін  тапты.  Мәселен,  XVII  ғасырда 
өмір  сүрген  Абду  Шукур,  Шаһ  Махаммед  сияқты  шайырлар  тарихи 
оқиғаларға құрылған шығармалар жазды.  
Бұл кезде ұйғыр әдебиетінде өзге тілдерден тәржіма жасалған көркем 
туындылар көбейіп, нәзира дәстүрімен жыр жазу да кең өріс алды. Бұған 
Мұхаммед  Рахым  Қашқари,  Мұхаммед  Садық  Еңихисарий  сияқты  сөз 
зергерлері мол үлес қосты. 


52 
 
Сөйтіп, XVII ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхаммед 
Имин Хирқати өзінің «Махаббат пен еңбек» атты атақты дастанын жазды. 
(1670).  Ақынның  айтуынша,  махаббат  пен  еңбек  екеуі  бір-бірінен  бөліп 
қарауға  болмайтын  егіз  ұғым.  Олар  бірін-бірі  жандандырып  гүлдендіре 
түсуі тиіс. 
Хирқати  ақын  өз  дастанында  Сәба  (таң  самалы),  Бұлбұл,  Гүл,  т.б. 
символикалық  бейнелер  арқылы  өз  дәуірінің  қоғамдық-саяси  оқиғаларын 
меңзеп көрсетеді. 
Ұйғыр  әдебиетінің  XVIII  ғасырда  едәуір  дамуына  Молла  Хажиннің 
«Бограхан  шежіресі»,  Ниязидің  «Зәһиулла  шежіресі»,  (1790)  Қасимидің 
«Арслахан  шежіресі»  (1799)  сияқты  әдеби,  әрі  тарихи  негізде  жазылған 
шежіре шығармалар едәуір ықпал етті.  
Әрбір  халықтың 
тарихында,  оның 
қоғамдық 
ой-пікірінің 
қалыптасуына ерекше рөл атқарған перзенттері болды.  
Мұхаммед  Садық  Қашқари  – ұйғыр  халқының дәл  осындай  біртуар 
ұлдарының  бірі.  Ол  ұйғыр  әдебиетінде  жаңа  бағыт-бағдар  әкелген  он 
сегізден астам шығарма жазып, өзінен кейін мол мұра қалдырған. Олардың 
ішінде,  бізге  жеткен  «Әзизхан  шежіресі»,  «Әдептілік  шарттары»  сияқты 
тарихи-көркем,  моральдық-пәлсапалық  шығармалары  мен  ғазалдары 
идеялық  мазмұны  жағынан  да,  көркемдік  тұрғыдан  да  ұйғыр  әдебиетіне 
жаңа леп әкелді, сүбелі үлес болып қосылды. 
Садық  Қашқаридің  бұл  аталған  шығармаларында  XVIII  ғасырдың 
екінші  жартысында  Шығыс  Түркістанда  орын  алған  саяси,  қоғамдық-
әлеуметтік  оқиғалар  туралы  айта  отырып,  тұтас  бір  ұлттың,  яғни  ұйғыр 
халқының  тарихи  тағдырын,  дәлірек  айтсақ,  олардың  тәуелсіздік 
жолындағы ерлік күресін зор шеберлікпен бейнелейді.  
Ал, енді XIX ғасырдың бас кезінде Маньчжур-Қытай басқыншылары 
Шығыс  Түркістан  халқын  қанауды  бұрынғыдан  да  күшейтіп  жіберді. 
Мұндай  қатты  қанау  мен  қорлыққа  шыдамаған  халық  талай  рет 
отаршыларға  қарсы  күреске  шықты.  Солардың  бірі  1825-1827  жылдары 
Қашқарда бұрқ ете түскен ұлт-азаттық көтеріліс еді. 
Міне,  XIX  ғасырдың  Абдуреһим  Низарий,  Турди  Ғерибий, 
Норузахун  Зияий,  Назугум,  Біләл  Назым,  Садыр  Палуан,  Молла  Шакир, 
Сейітмұхаммед  Қаший  сияқты  сөз  зергерлері  өз  шығармаларында  ұйғыр 
халқының тәуелсіздік, азаттық жолындағы жалынды күресін жырлады.  
Ұйғыр  әдебиеті  тарихында  ақын  Абдуреһим  Низарий  (1776-1849) 
ерекше  орын  алды.  Оны  ұйғыр  халық  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеті 
дәстүрлерін өзара жалғастырушы алтын көпір деуге болады.  


53 
 
Низарий  1841-1844  жылдары  ұйғыр  шайырлары  Ғерибий  және 
Зияийлермен  бірлесе  отырып,  «Ғашық-наме»  деген  сериялы  жинақтар 
шығарды.  Оған  он  сегіз  қисса,  жиырма  төрт  хикаят  енген  еді.  Бұлардың 
басым көпшілігі Низарий шығармалары болды.  
Низарий  өзінен  бұрын  түркі  халықтарынан  шыққан  Низами,  Науаи, 
Физули,  Атап,  Лутфи,  Құтб  сияқты  ақындардың  нәзира  үлгісіндегі 
дәстүрін 
жалғастыра 
түсіп, 
«Фархат-Шырын», 
«Ләйлі-Мәжнүн» 
сюжеттеріне құрылған мүлдем жаңа, тың дастандар жазды.  
Низарий  өзінің  «Мәһзун-Гүлниса»,  «Вамуқ-Узра»,  «Рәбиә-Сәбдин» 
дастандарын  Әлішер  Науаи  «Хамсасының»  әсерімен  жазды.  Бұл 
дастандарда  адамгершілік,  махаббат,  гуманистік  идеялар  ту  етіп 
көрсетілген. 
Шығыстың  классикалық  поэзиясының  нәзира  дәстүрін  өзіне  үлгі 
еткен  ұйғыр  ақындарының  бірі  –  Норузахун  Зияий  еді.  Ақын  шығыс 
хикаяларының  сюжетіне  құрылған  «Қайырлы  хабар»,  «Төрт  дәруіш» 
сияқты гуманистік идеядағы романтикалық дастандарын жазды.  
Ақынның махаббатты жыр еткен ғазалдары да аз емес.  
Ұйғыр  лирикасының  дамуына  өзіндік  үлес  қосқан  ақын  Турди 
Ғерибий  еді.  Ақын  жырларының  негізгі  идеясы  –  өмірде  болатын  қайғы-
қасіретке мойымау, налымау, оған қарсы төзімділікпен күресе білу. Ақын 
өзінің  «Бәһрам  шаһ»,  «Ғәрбтің  кітабы»  дастандарында  зұлымдыққа,  қан 
төгуге барынша қарсы болып, өмірді көкке көтере мадақтайды.  
Турди  Ғерибийдің  «Баһрам  шаһ»  дастаны  нәзира  үлгісі  бойынша 
Әлішер  Науаидың  «Сәбән  Сәйяр»  («Жеті  планета»)  дастаны  негізінде 
жазылған  еді.  Дастанда  ойын-сауыққа  беріліп,  мемлекетті  басқару  ісін 
ұмытып  кеткен  Баһрам  патшаға  Диларам  қыздың  бейнесі  қарама-қарсы 
қойылған.  Ол  ақылды,  әдепті,  ел  қамын  ойлайтын  азамат  ретінде 
бейнеленген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет