К іта п та н у негіздері: о ку құралы. А лм аты, «Са нат», 1 9 9 1 7 6 бет



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата27.03.2017
өлшемі5,09 Mb.
#10379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
сынаға үқсас келеді. Мұндай жазуды 
сына ж азу
 (клино­
пись) деп атап кеткен. Тиісті жазу-сызу түсірілген соң с
а
з
 
текшені отка салып не күн көзіне қойып күйдіреді екен. 
Вавилон, Шумер жэне Ассирия клинопистері күні бүгінге 
дейін сақталган.
Адамзат өркениетінің бесігі —  Мысырда  (Египетте) 
жазу материалы есебінде папирус өсімдігі пайдаланылган. 
♦Папирус»  грек тілінде патша  өсімдігі  деген  магына 
білдіреді.  Папирус сабағын  жіңішкелеп  тіліп  отырып 
жасалган таспаларды бір-біріне тығыздап жабыстырып, 
керекті көлемде текшелер жасалады. Сонан соң текше­
лер бірінің үстіне бірі айқүш-үйкыш қойылады да, жан- 
шылады.  Шыққан  беттерді біріне  бірін  жалгастырып 
желімдеп бума (свиток) жасайды. Папируска египеттіктер 
иероглифпен жазса, гректер мен римляндар жеке дыбыс­
тарды бейнелейтін өріп ойлап тапты.
Буманы оқудың өз төсілі бар. Жазылған таспаны (лен- 
таны) сол қолыңмен кайта орап, оң колыңмен жаза оты­
рып оқисың. Көне грек драматурги Софоклдің (б. з. д. 
496~ 406 жылдар) түрегеп түрған кдлпын  бейнелейтін 
мүсіннің (статуяның) аяқ жагында койылган шелектің 
ішінен жаңағы папирустардың өлденеше бумасы қылти- 
ып көрінеді. Папирус таспаларының орташа үзындыгы 
10 метрден аспаған. Рас, Үлыбритания музейіндегі Гар­
рис атты папирустың үзындығы 40 метрге жетеді.
22

Ертедегі заман колжазбасының баска бір түрін кодекс 
деп атайды. Бүгінгі кітаптың прообразы, нақ бейнесі  осы 
кодекс. Арнайы тақтайға балауыз жағылып, оған үшкір 
таякша 

 стиломен таңба түсірілетін. Жаңағы папирус 
орамындай емес, кодекс беттері бірінің үстіне бірі кой­
ылады.  Сөзі көбейген папирус жуандаса,  кодекс  кітап 
сиякты қалыңдай түседі. Буманы жазып, кайта орап оты- 
рудан гөрі, кодексті оку алдекдйда қолайлы. Оган ақпарат 
көбірек сияды. Кодексте алғаш рет 
т и т у л
 парағы колда­
нылды. Латын тілінде  бүл сөз такырып деген магына 
білдіреді.  Беттің  санын  көрсету  де  осы  кодекстен 
басталған.
Біздің заманымызга дейінгі екінші гасырда Кіші Ази- 
яның Пергам каласында жазу-сызуға мал терісін илеп 
өңдеуден жасалган жарғақты пайдалана бастаган.  Бұл 
материалды 
пергамент
 деп атап кеткен. Көне пергамент- 
кодекстен сақталған ескерткіш —  «Кодекс Синаитикус» 
тѳртінші гасырда жазылган.
Ежелгі Русь жазу материалы етіп берестаны —  қайың 
қдбыгын пайдаланганы белгілі. Үндістанда пальма жа- 
пырақтарына жазган.
Қазіргі жазу-сызу материалы —  кағаз  түңғыш  рет 
біздің заманымыздын П ғасырында ѳндіріле бастады.105 
жылы кытай шебері Цай  Лунь ѳсімдік талшыктарын 
сүзгіде қалдырып, суспензия жасаган. Қағазды сол сус- 
пензиядан ѳндіруді ойлап тапқан. Қьітайлар қагаз ендіру 
төсілін көптеген уақыт күпияда ұстаған. Еуропада қағаз 
өндірісі он үшінші гасырда гана негізгі жазу материалы­
на айналды.
Колжазба кітап мѳнерлеу ѳзгеше ѳнер еді. Жазуы мар- 
жандай кѳшірмешілер, мұкабаны алтын, күміспен аптап 
өсемдейтін шеберлер шықты. Қолжазба кітап беттерінің 
өшекейлері бүгін де көздің жауын алады. Ондай тандай 
қақтыратын сурет-өшекейлер миниатюрші суретшілер 
қолынан өтетін.
Колжазба кітап тарихын баяндаганда біз өз мүрамызга 
көз салмай өте алмаймыз. Жөне ол кдндай мүра десеңізші! 
Кітап —  өрқашан прогресс таразысы. Сол таразыга ата- 
бабаларымыз комақты жиһаз қосқан. Бұдан 1100 жыл­
дан астам Отырар қаласында туған жерлесіміз, өлемнің 
екінші ұстазы атанған өл-Фараби (870— 950 жылдар ша- 
масында) есімі біз үшін зор мақтаныш.
Әл-Фарабидің өкшесін баса XI гасырда Орта Азия ас- 
панында түрік  нөсілінен  қатарынан екі жүлдыз  жар-
23

кырады. Оның бірі  1021  жыл шамасында туған ақын, 
философ Жүсіп Баласагуни. Баласағунидің атақты ♦Құта- 
дгу  білік»  дастаны  («Кут  негізі  —

білік»)  адамзат 
мөдениетінің заңғар ескерткіші. Қазіргі қдзақ поэзиясын 
дарияга баласақ, сол дарияның бастау алатын көздерінің 
бірі —  көшпендінің тіл  орамына етене жақын, жүрегіне 
жылы осы поэма.
Қазақ жері , 
—  жалпы түрік өлемінің қара ша-
ңырагы. Ежелгі 
ік қағанатының мекені —  қазактың 
Алтайы. Және бір мызрымас дөлел —  ана  тілімізде өзге 
туыс тілдерге қарағанда  байырғы  түрік тілінің  коры 
көбірек сақталган.  Мысалы,  орыз-қыпшақ тайпасынан 
шыққан  Махмуд Қашқаридің  «Дивани лүғат ат-түрік» 
(«Түрік сөздерінің жинағы», 1072— -1078 жылдары шама­
сында жазылган) туындысында ақсақал, ай, ата, үя, ана, 
іні, күлын, қалкан, балдыз, сырмақ секілді сөздер баршы- 
лық. Бүл сөздер  қаймағы бұзылмаған қалпында  казак 
тілінде күні бүгінге дейін ең жиі колданылатын сөздердің 
қатарында. Демек, кемеңгер үлттық акынымыз Мағжан 
Жүмабаев ♦Түркістан» поэмасында:
деп тегінен тегін айтпаган.
Түран аймағында орта ғасыр шенінде туран колжазба 
кітаптардың жарты мыңдайы бүгінгі күнге жетіп, Алма­
ты ның кітап  қоймаларында сақтаулы.  Осының бөріне 
төубе етіп, біз өнеу бір жылдардағыдай тарихымызды 
корашсынып, соншама түңілмеуіміз керек. Республика- 
мыздың Үлттық кітапханасы қорының күнды жиһазда- 
рының бірі —
1834 жылы көшірілген ♦Хикмат Хазрат 
султан Қожа Ахмет Иассауи» деп аталатын колжазба кі- 
тап.
Бүдан ѳзге,  Мухаммед Хайдар Дулатидың (1499 —  
1551) «Тарих и Рашиди» («Рашидтін тарихы»), Қьідыргали 
Жалаиридің (1530 — 1605) «Жами ат-тауарих» (Шежіре- 
лер  жинағы.,  1602)  деген  еңбектері 

  казак рухани 
өлемінің тамырлары тарих тереңіне кететіндігін кѳрсетсе 
керек.
Кітап —  ѳр елдің ѳркениетті халықтар көшінің кай 
түсында келе жатқандығына айгақ көрсеткіш. Салысты- 
рып көрелік. Ресейдің атақты «Остромирово Евангелие»,
Түранда т ү і 
Т үріктен 6а< 
Көп тү р ік еі 
Қазакта кар
да т ү р ік  ойваған ұсал отқа,

ен басқа от боп жан туы п па? 
гр ік  енш і алысып тарасқанда, 
га қара ш аңырак калган ж о қ па? 一
п о тқа , 
туы п па?
24

♦Изборник Святослава Ярославича» колжазбалары, багзы 
орыс мемлекетінің заң кұжаты «Русская правда» XI гасыр­
да дүниеге келсе, одан төрт ғасыр шамасы бүрын Орхон —  
Енисей жазулары туган. Орыс шежірелерімен орайлас түс- 
т
а
 Махмуд Кашкдри сѳздігі жазылды. Иассауи туындыла- 
ры мен ♦Йлово о полку Игоревен —  XII расыр туындылары.
Бүдан шығатын қорытынды біреу гана. Енді ауыз тол- 
тырып айта аламыз: біздің рухани өлеміміз бір кездерде 
Ресеймен үзеңгілес дамыған.
Бүл салыстыру екі халық колжазбаларының жасалу 
мерзімі тұрғысынан жүргізіліп отыр. Көне заманнан бері 
кітап атаулы адамдардьщ кдтынас қүралы ретінде қоғамға 
кызмет етіп келеді деген мағынада. Ал колжазбалардың 
сакгалуы, талданып зерттелуі жағынан келсек, Ресей қол- 
жазбаларының көбірек жолы болтаны байқалады.
Орыс кітабының колжазба  нүсқаларының  тарихы 
Ресейдің шоқыну тарихымен тығыз байланысты. Кирил- 
лицаның орыс жазуына айналуы д
а сол христиан дінін 
Ресейдің кдбылдауымен тұстас келеді. Киев Русі христи­
ан мөдениетінен көп өнеге-үлгі алды, сол арқылы антика 
мөдениетіне қол артты. Көзі Византиядан, Болгариядан 
бас алатын өдебиет бүлағына дөс койды. Інжіл ғибратта- 
ры, христиан өулиелерінің бастан кешкен хикаялары, көне 
дөуірдіц кенен ойлары, небір қызгылықты, үлағатты та­
рихи шежірелер орыс халкының рухани игілігіне айнал- 
ды. Сонымен катар  орыс тіл өдебиетінің іргетасы қалана 
бастады.
Кітап тек қатынас қүралы ғана емес, ойлаудың, ойды 
өрістетіп жарыққа шығарудың, оыы үрпаққа мирас қып 
қалдырудың тамаша төсілі екендігін терең түсінген орыс 
зиялылары қолжазба кітаптарын асыл қазынага балап, 
көне ескерткіштерді көздің қдрашыгындай сақтай білді. 
Бүл баға жетпес менталитет сыры «Изборник» атты 1076 
жылдың қолжазбасында былай деп баяндалады: «Красо­
та воину —  оружие, кораблю —  ветрило, так и праведни­
ку —
— почитание книжное».  Орыс князьдері арасынан 
оқыған-токыған білімділер кѳп табылады. Олар үйлерінде 
меншікті кітапхана ұстауды өдетке айналдырган. Аса бай 
кітапханалардың бірін ақьшдылығымен Ярослав Мудрый 
атанған Киев князі жинақтаған.
Орыс колжазбаларының біздің заманымызға аман есен 
жетуінде, үкыпты сакталуында Ресей монастырьлерінің 
рөлі айрықша. Троице-Сергиева Лавра, Соловецкий, т. б. 
монастырьлерде кітап кѳшіріп жазатын арнайы палата-
25

лар  жүмыс  істеген.  Қайсыбір  палаталардагы  монах- 
көшірмешілердің  саны  жиырмадан асып  жыгылатын. 
Олар өздерінше еңбек бөлінісін жасап, біреулері көшіретін 
мөтіндерді  дайындаса,  екіншілері  көшіріп  жазумен 
шүгылданатын.  Сол сияқты кеткен қателерді түзететін 
корректорлары, кітап беттерін өшекейлеп өрнек салатын 
суретшілері, даяр қолжазбаны түптеушілер болган. Осы- 
ның  арқасында  еңбектің  өнімділігі  артқан.  Чудов 
монастыріндегі 22 монах XVII гасырдың б
ас кезінде 300- 
ден  1 2 2 0  бетке  дейін  түратын  шіркеу  кітаптарын 
көшірген.  Көшіру ісімен  жеке  қолөнершілер  шұгыл- 
данған.  Олар нарық заңы  бойынша ақшаға  жалданып 
көшірумен, сурет салумен, кітап түптеумен айналысқан, 
сөйііп өз уақытындағы кітапкүмарлардың тілегін қанагат- 
тандырып отырған.
Діни  кітаптармен  катар  көркем  өдебиет  шығар- 
маларын жазуды да колға алған. Соңғылары тек колжаз­
ба түрінде дайындалған. Мысалы, «Повесть об азовском 
сидении донских казаков», «Сказание о Мамаевском побо­
ище*, «Повесть о Шемякином суде» т. б. шыгармалар біздің 
заманымызга тек колжазба түрінде жетгі.
Бір қызығы —  көне Египетте қолданылған бума кол­
жазба XVII гасырда Ресейде қайта жаңғырды. Ѳзгешелігі 
— орыс бумасы бір-біріне желімделген кағаз беттерінін 
бір жагына гана жазылады  екен.  Түрлі күжаттар  осы 
бумага түсірілетін. Мөселен, 1649 жылғы Собор Уложен- 
иесінің  мөтіні  бір-біріне жалғастырылган  959  беттен 
тұрған, буманың үзындыгы 309 метрге жеткен. Ал орыс- 
тың «Вести-Куранты » атты үкімет г
азеті бастапқыда бума 
түрінде шығарылып түрған. Бүл бумалар аркылы, одан 
соң г
а
з
ет
г
е
н патша жөне оның нөкерлері шет елдерден 
түскен ақпарлармен танысатын болған.
БАСПА КГГАЛ
Адамзат жазу-сызуын  қолдан  көшіріп  көп  еңбек, 
уакытын рөсуә еткенше, белгілі бір нысан аркылы сурет 
пе, мөтін бе —  бәрін көбейтіп басу амалын сонау көне 
замандардан іздестірген. Сондагы табылган алғашқы төсіл 
— штамп. Біздің жыл санауымызға дейінгі үш мың жыл- 
дай бүрын Қос өзеннің төменгі аймағын мекендеуші шу- 
мерлер жөне Ніл дария перзенттері египеттіктер штамп 
таңбасын адамның кім екендігін куөлөндыратын кұжат 
есебінде  қолданған.  Көне  Египет скарабей  дейтін  қи
26

қоңызды қасиетті жөндік санаған. Сол скарабеи бейнесін 
тасқа қашап салып не күйдірілген кірпішке салып, культ- 
ке айналдырған.
Баспа кітапқа жол салу тарихын зерттегенде кездеме- 
г
е
 накьіш түсіруді д
е
 е
с
к
е
 алмай кетуге болмайды. Ертедегі 
Шығыс  елдері тақтайга бедерлі ою  жасап,  оған  бояу 
жағып, мықтап керілген матага таңбасын түсіреді екен. 
Кейін матаға нақыш, бедер түсіру Еуропаға ауысқан. Дөл 
осы принцип граверленген, оймаланған агаш тақтайшалар 
арқылы сурет, мөтін басу негізіне алынган. Бұл төсілді 
ксилограф ия
 деп  атайды.  Мөтін  не  суреттің  бедері 
оймаланган т
а
ктага бояу жағылады, оның үстіне суланған 
қагаз төселеді, бұдан соң тері не жылкы кылы салынған 
мата қдлташасы көмегімен кағазды тактага кысып, от­
тиск яки таңба алады. Ағаш тақтайшалардан алғаш ба- 
сылым сурет, мөтін түсіру Қытайда VII гасырда басталған. 
Қытай мен Жапонияда ксилографиялық баспа өжептөуір 
өрістеген. Одан шыққан басылым үлгілері күні бүгінге 
дейін сақталған. Ол үлгілердің жасалу мерзімін маман­
дар VIII ғасырга жатқызады.
Бірақ бұл төсілдер қолжазба кітапты ауыстыра алма-
ды.
Уақыт бір орында түрмайды. Күн өте колжазба кітап 
қоғам дамуының былайғы өжеттеріне жарамай қалды. 
Адамзат ілгері басқан сайын ел-елдің экономикалык жөне 
мөдени байланыстарын күшейту кджетгігі туды. Қолжазба 
кітап сол қажетгілік үдесінен шыға алмады. Таралымы- 
ның  аздығы,  қолмен  көшірудің  үзақ мерзімге  созы- 
латындығы, көшірушінің бәрі бірдей сауаты жеткілікті, 
ыждагатты бола бермейтіндіктен сапаның төмендейтіндігі, 
кате  көптігінен  кей  колжазба  кітапты  оқу  оңайға 
соқпайтындығы, бағасының удай қымбаттылыгы,—
— осы- 
ның бөрі қосылып келіп адамзатгы бүл тығырықтан шыгу 
жолын жатпай-тұрмай іздестіруге мөжбүр етгі. Іздеген 

 табады. Ақыры, кітапты ел игілігі етудің жолы табыл­
ды. Дүниеге б
аспа кітап келді.
Баспа кітап адамзат рухани әлемінде үлкен револю- 
циялық өзгеріс жасады. ЗіС
а
з
б
а
 казынасының өрісін бо­
лып көрмеген дөрежеде кеңейтгі. Енді баспа кітап аркылы 
өр елге бір-Аристотель, бір-бір Фараби келді. Ол кітапты 
топтық коммуникация қүралынан өлеуметтік коммуни­
кация құралына айналдырды. Білім, ғылым нүры дүние 
жүзінің төрт бүрышына тарай бастады.
Баспа кітап дүниеге келгеннен бергі жерде адамзат
27

карыштап алға басты. Bip елдің табысы екінші елге бас­
па кітап арқылы тезірек жететін болды. Кітап көпшілік 
\
 игілігіне айналды. Әлеуметгік маңызы артты. Ол бүдан 
былай ат төбеліндей азшылыктың игілігі болудан калды.
Осындай үлы жетістіктер үшін адамзат кімге борыш­
ты? Оның есімін білмейтіндер кемде-кем. Ол 

 X V  ғасыр- 
дың тамаша перзенті, неміс өнертапқышы Иоганн Гутен­
берг  (1406 —
1468).  Гутенберг ерлігін, оның адамзат 
ѳркениеті алдындагы еңбегін толык түсініп алу үшін ал­
дымен  полиграфиялык өндіріс процесінің мөн-жайына 
қанырып алуымыз керек.
Полиграфиялык процесс белгілі бір баспа формасын, 
пішінін мѳтін немесе суретгі бүлардын таңбасын тусіретін 
материалға, айталык»  кағаз  бетіне көшіруді көздейді. 
Вұлайша таңба түсіру тупнусқаны айнытпай қайталай- 
тын  форма  (пішін)  бейнесін  көптеп,  көбейтіп  басып 
шығаруға жагдай жасайды.
Пішіннің таңба түсетін шығыңкы жөне тѵспейтін ак- 
таңдак, ойык учаскелері болады. Таңбасы түсірілетін учас- 
токке тиісті баспаханалық бояу жағылады да, қысым кү- 
шімен қағазға басылады. Ойык тұстарға бояу жұқпайтыны 
түсінікті. Тгщба түскен қағаз оттиск деп аталады.
Баспаның бұл түрін шығыңқы баспа (высокая печать) 
дейміз. Бүл төсіл Гутенбергке дейін көп уакыт бүрын, 
ертерек замандарда ашылган. Адамдар түрлі түсті бояу- 
мен нақышталған киімді кие бастағалы қашан.
Шығынкы баспа формасын жасауға алғашында ағаш 
формасы  жүмсалды.  Үшы  өткір  металл  сайманы 
көмегімен түсірілуге тиісті форма ойып, қашап түсірілетін. 
Мүндай төсілді ксилография немесе ағаш гравюрасы деп 
атайды.
Сөйтіп, баспа кітапка баратын жолда алгашқы адым 
жа 
ды.
ығыңықы баспа төсілін атақты неміс өнертапқышы 
Гутенберг  кағаз  материалдың  өзгешеліктеріне  қарай 
ынгайлап, жетілдіріп, баспа станогын жасады. Май сығу, 
шарап жасау ісінде колданылатын станоктардьщ да тиімді 
жерлері пайдаланылды.
Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, б
аска төсіл. Атап 
айтқанда —  терім формасынан мотінді жаңғыртып көбейту 
төсілін ойлап тапты. Осы тасіл аркдсында, біріншіден, бас­
па формасын жасау жүмысы өлдекайда жеңілдеді. Бүл 
форма алдын ала терілген элементтерден —  литералар- 
дан түзілетін болды. Жөне литера материалын бір ғана

баспа формасын жасауга ғана емес, түрлі-түрлі баска д
а 
формалар жасаура, сөйтіп үзак уакыт пайдалануға бола­
ды.
Екінші.  Терім  жіберілетін  қатені  түзету  жолын 
оңайлаггы. Формадан қате кетсе, тузету киын емес. Қате 
тускен өріпті (литераны) дұрыс дегенімен оп-оңай ауыс- 
тырасын. Ксилографиядан кате жіберілсе, жұмысты ба- 
сынан бастап қдйта істеуге тура келер еді.
Үшінші.  Терім  жазу  ісін  бір  калыпка  түсіріп, 
тупнұсқаны айнытпай, кандай болса, сондай етіп жеткізуге 
мүмкіндік берді.
Гутенбергтен бұрын да қаріптің айнага түскен теріс 
белгісіне карап отырып штемпель жасағандар кездескен. 
Айыбы —
— сол штемпельдің дубликатын жасап көбейту 
ойларына  келмеген.  Оп-оңай  нөрсе  сиякты.  Бірақ вр 
нөрсенің саті біледі. Батыс жарты шарындағы майя дейтін 
халық  жасаған  күнтізбе  Шығыс  жарты  шарындағы 
біздердін күнтізбемізге карағанда күн есебін өлдекайда 
дөл есептеп шығарған. Бірак доңғалак ойлап табу сол 
майя есіне келмеген.
Гутенберг бір емес, ѳлденеше жаналык ашкан.  Бас 
кезінде шрифтілерді ағаштан жасап көрген. Бірақ оньщ 
беріктігі кандай екендігі белгілі. Гутенберг шрифті ме­
талдан күйды. Арнайы баспаханалык құйма ойлап тап­
ты. Ойындагысын жүзеге асыру үшін металдарды өртүрлі 
қасиеітеріне карай пайдаланды. Бір металл қатты, екін- 
шісі жұмсақ. Алдымен болаттан басында шыгыңкы бедері 
бар  (өріп  не тыныс белгісі)  модель  пуансон  жасайды. 
Бүдан соң темір пуансонды жүмсак көнбіс металл-мьгска 
таңбасы түсетіндей етіп үстінен басады. Сөйтіп матрица 
жасалады. Матрица таңба түскен соң ойық боп шығады. 
Сол ойыққа  оңай балқитын  корғасын  мен  қалайының 
күймасын өкеп кұяды. Литера осылай жасалады. Басын­
да айнадағыша 
көрінетін теріс өрпі бар таяқша —  литера­
ны кассаның тиісті ұяларына орналастырып ал д
а
 керек 
сөзіңді теруге кіріс. Теріп болған соң баспа станогына апа- 
рып, терімнін үстіне кағаз қойып, қалағаныңша таңба (от­
тиск) ала бер.
X I X  ғасырда Гутенберг баспа станогын ойлап тапканы 
үшін мадақталды. Вүгіндер оны литера күятын төсіл иесі 
деп те атайды. Екі пікірдін екеуінің д
е терістігі жоқ. Терім 
формасы  бойынша мөтінді көбейтіп  басуға көшу кітап 
жасау  технологиясын  жаңа  белеске  көтерді.  Оның 
артықшылыктары белгілі: литералардан калып өзірлеу
29

өлдейқайда жеңіл. Қалыптан мөтін қатесін түзету де оңай. 
Кате өріпті қалыптан алып ауыстыра салу кас пен көздің 
арасында істелетін жүмыс.
Доңғалақтың нешеме түрлері бар. Сол секілді Гутен­
берг станогы да жетілдіріле түсуде. Ал идеясының тозыгы 
жоқ. Рас, шапшаңдыгына көз ілеспейтін супер-ротация- 
лардың ақпаратты  өзі (информацияны) шыққан  бойы 
тұтынушыға жеткізе алмайды. Ол ол ма. Қазіргі элек- 
трондық есептеу машиналары (ЭВМ) мен интернеттің жа­
дында  сақтаулы  акпараттық  материалды  жүздеген, 
мывдаған кітап шығарып сыйғызып үлгере алмайсың. 
Алайда кітап орны бөлек. Ғылыми-техникалык револю­
ция жаңалықтары оны өркениет сара жолынан ысырып 
та стай  алмак емес. Кітап  жүлдызы  сөнбейді.  Кітапты 
дүниеге келтірген өнерпаз рөлі еш үмытылмақ емес. Оның 
тарихтағы орны айырықша.
Баспа кітап —  күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, 
журналдардың шығуы жылжымалы литерасыз, баспаха- 
насыз бояу мен баспа пресінсіз мүмкін бе еді? Газет Еуро- 
пада Гутенбергтің «В4-2» деп аталатын «Інжіл» кітабынан 
кейін,  XVIII гасырдың басында  пайда болды.  Ресейде 
алғашқы баспа г
а
з
е
т
 «Ведомости» Петр I түсында, 1702 
жылы  дүниеге  келген.  Қазақ  баспасөзінің  тұнғышы 
«Түркістан уалаятының газеті» 1870 жылы шықса, қазақ 
тіліндегі алгашқы кітаптар X I X  ғасырдың басында бой 
көрсете бастады.
Эр беті 42 жолдан түратын Гутенберг кітабынан соң 
(1445 жылдың шамасы)  1465 жылы кезінде осы неміс 
өнертапкышына  қаражатпен  көмектескен Фуст деген 
көсіпкердің баспаханасынан атакты Цицеронның кітабы 
жарык көрді. Міне, сол кос басылымнан бастап адамзат 
мөдени өмірі күрт өрге басты, ертедегі философтардың, 
акын, жазуиіылардың, шешендердің, дөрігер, заңгер, та- 
рихшылардың еңбектері жаңбырдан кейінгі көктей қаула- 
ды. Ол еңбектер енді қалың ел игілігіне айналды. Оған 
кітаптын қысқа мерзімде жөне арзан бағамен шыгуы көп 
ықпал еггі. Енді бүрын 2-3 кітап сатып алатын қаражатқа 
тұтас кітапхана күрастыруга мүмкіндік туды.
Гутенберг өз ерлігінің мөнісін жақсы түсінгенін айту 
керек.  Ол  кітаптың  дөнекерші рөлін, адамдарды  бір- 
бірімен жалгастырып, катынас боп кызмет ететінін біліп 
еңбектенген. Баспа кітап қоғамдық өмірдің бар қан та- 
мырларына нөр боп күйыла бастады.
Гутенбергтің тарихи ерлігін Ресейде Иван Федоров
з
о

(1510-1583) жалгастырды. Мөскеуде Кремльдің Лубянка 
жағындағы солтүстік шығыс бетінде жөне Китай-город 
қорғанының  шагын  қабыргасы  сақталған.  Міне,  сол 
қабырғаның көше жақ бетінде қолына  бір бума қағаз 
ұстаған ұста кейіптес шебердің түрегеп түрған мүсіні ана- 
дайдан көз тартады. Мүсінші (скульптор) С. М. Волухин 
мүсіндеген бүл ескерткіш 1909 жылы орыстын түңрыш 
баспагері, алғашқы баспахана үйымдастырушы Иван Фе- 
доровтың қүрметіне қүйылган.
Темірден түйін түйетін Иван Федоровтың колынан 
келмейтіні жоқ еді. 
Ол
 зеңбірек кұюмен де айналысқан. 
Көп оқпанды  (стволды)  мортира  ойлап тапкан  деседі. 
Мөскеу Кремліндегі  касиетті Никола Гостунский  шір- 
кеуінің дьяконы болған оның білімі де өз заманына лайық 
еді. Иван Федоров көмекшісі Петр Мстиславецпен қосы- 
лып,  1564 жылғы  1 наурыз күні «Апостол» атты кітап 
басып шығарды. Ол үйымдастырған тұңғыш баспахана- 
дан келесі жылы  яки 1565 жылы «Часовник» атты кітап 
жарық кѳреді.  Қашанда таланттың  күншілдері аяқтан 
шалгыш. Солардың кесірінен Федоров кугын-сүргінге жиі 
үшыраған. Бірақ сүйген ісін қайда жүрсе де тастамаған. 
Литваға ауып барып, сонда жаңа баспахана ашады. Сол 
баспаханадан 1569 жылы «Учительное евангелие», 1570 
жылы  «Псалтырь»  (♦Часославецімен» коса) кітаптарын 
дүниеге келтіреді.
Иван Федоров діни кітаптар шығарып қана коймаган. 
Өз дөуірінің ағартушысы ол «Букварь» атты түңғыш бас­
па оқулығынын авторы. Өнерпаз өмірінің соңгы жылда- 
рын Украинаның Львов каласында өткізген. Острогожск 
деген жерде тағы бір баспахана  ұйымдастырып,  содан 
алгашқы славян Библиясын басып шыгарады.
Иван Федоров 

 орыстың түңғыш полиграфисі ғана 
емес,  баспагері де.  Оның баспагер  мамандығы  туралы 
түсінігі атақты дәрігер Гиппократ антын еске түсіреді. 
Оның пікірінше, баспагер «өлемге рухани азық тауып та- 
ратушы» болуға керек («по с
вету рассеивать и всем разда­
в
ать духовную пищу»).
Кітап өнерінің мамандары күні бүгінге дейін «Апос­


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет