Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақтың ұнаған тұстары мен қиындық келтірген тапсырмалар жайлы оқушылардың пікірін сұрау.
Үйге 5-тапсырма. Мәтінді оқып, соңғы сөйлемді өз пікірімен аяқтап жазуға ұсынылған.
Болған әжейдің Вера деген немере қызы бар еді. Бұрын ол кішкентай болатын да, төсекте жататын. Ал әжесі нан пісіріп, үй сыпырып, кір жуып, жіп иіріп, немересіне киім тоқитын. Кейін әжесі қартайды да, ұйықтап жатып алатынды шығарды. Енді ...
Бағалау: Таза, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
6 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритмімен танысу. Гг әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Оқушыларға жазудың негізгі алгоритмдері туралы түсінік беру. Гг әрпінің емлесін ереже бойынша жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Жазу сауаттылығын, жылдамдығын арттыру барысында жазу техникасын сақтауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Көркем жазу сапасын дұрыс қалыптастыруға арналған бағыттар арқылы, шыдамдылыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: түсіндіру, тірек схемалары, бағыттаушы сұрақтар, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі:бас және кіші әріптер кестесі, суреттер, семантикалық карталар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.
Мәтінде не туралы айтылған?
Әжесі немересін қалай күтіп бақты?
Мәтінді аяқтаудағы сенің жазған пікірің?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту.
Сүйемін
Әзірмін
Айналдым
бауырымды
анамды
гүлді
қорғауға
көмектесуге
өсіруге
елімнен
бауырларымнан
иісінен
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ (Оң қолдағы бес саусақты көрсетеді),
Сол қолымда бес саусақ (Сол қолдағы бес саусақты көрсетеді)
Алақанды ашамыз (Қолдар алдыға созылып, алақанның аясы көрсетіледі),
Беске бесті қосамыз (Екі қолды бір-біріне беттестіреді).
Кел, санайық ал мұны (Саусақтарды қозғайды),
Нешеу болды барлығы? (Екі қолды құлақ тұсына апарып, басын қозғайды).