Оқушының білім деңгейін бақылау Оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі
болып табылады. Олар оқыту, тексеру, тәрбиелеу және түзету функциясын
атқарады.
Білім деңгейін тексеру үшін:
әрбір бөлімнің соңында қорытынды тексеру жүргізу;
тексеру формасы мына түрде: тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, іздену, шығармашылыққа берілген тапсырмалар арқылы болады.
тексеру әдістері мен формаларын оқушылардың жас ерекшелігімен анықтау;
әр бөлімнен кейін оқушы мұғалімге жинаған, зерделеген материалдарын тексерту;
білім, дағдыларын бақылау диктанттары арқылы қорғау.
Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Практикалық: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: