К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет6/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
қызықты грам қмж

Қызығушылықты ояту.
I-топ. А дыбысынан басталып, а дыбысына аяқталатын 5 сөз ойлап табу.
Алма, аула, ара, Астана, ана.
ІІ-топ. Есте сақтай отырып, алдыңғы топтың айтқан сөздеріне талдау жасайды.
Алма – жеміс. Ата – әкенің әкесі.
ІІІ-топ. Осы сөздердің біріне келетін өлең шумағын айту тапсырылады.
Ана біздің күніміз,
Біз ананың гүліміз.
Аналарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айтылған өлең шумақтарын сынып оқушыларымен қайталау арқылы, сергіту сәтіне пайдалануға болады. Мұғалім Аа әрпін тақтада жаза отырып, емленің ережесімен таныстырады.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1-тапсырмада А а әрпінің емлесін үлгі бойынша орындау. Сөздер арасындағы ара қашықтықты сақтап, байланыстыра жазуға машықтандыру.
2-тапсырманы орындауда «Дымбілмеске көмек» ойыны арқылы нүктелер орнына а, ә әріптерінің тиістісін жазу барысында, графикалық қырағылыққа бейімдеу.
...с...н, мен ж...не ...п...м, ...кем, ...жем келдік. Сонда неше ...д...м келдік?
3-тапсырмада мәтінді оқып, А дәрумені кездесетін тағамдарды теріп жазуда, оқушы ізденіс арқылы пікірін жинақтайды.
Сергіту сәті
Жаздық, жаздық шаршадық (Саусақтарды билетеді),
Қалам сап қойдық, дем алдық (Қолдарын парта үстіне қойып, көздерін жұмады).
Бір, екі, үш (Саусақтарын санайды),
Біз аламыз жинап күш (Қолдарын жоғары көтеріп, білектеріндегі бұлшық еттерін қозғайды),
4-тапсырма «Анашым» өлеңін көшіріп жазу. Жаттап алуға ұсыну.
Мейірімді менің анашым,
Мәпелеген баласын.
Жұлдыздарға балаймын,
Әр адамның анасын. Д.Болатова
Сабақты қорытындылау
Үйге 5-тапсырма: «Ана» тақырыбына эссе жазу.
Бағалау: Көркем жазып, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Оқу ісінің меңгерушісі:
3 – сабақ
Күні:17.09.2018
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісіндегі өрнектерді орындау. Әә әрпін жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет