І. Жазудың негізгі алгоритмімен танысу Курс жоспары 33 сағатқа түзілген.
Кіріспе бөлімі 9 сағатқа құрылған. Бұл бөлімде оқушылар жазу жолының негізгі құрылымдарымен танысады. Жазу жолындағы арақашықтықтың сақталуы мен сызықтардың көлбеу түсу сырларын түсінуге мүмкіндік береді.
ІІ. Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу Бөлім 7 сағатқа құрылған. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болу дағдыларын игеруі тиіс.
ІІІ. Әріптердің жазылу элементтерімен танысу Бұл «Көркем жазу» таңдау курсының бағдарламасының негізгі мазмұны
оқушының өз бетімен оқуына, ізденуіне және көркем мәдениетінің
қалыптасуы болып табылады. Осы бөлімде оқушының білім, білік
дағдылары біртіндеп өсуіне қарай құрылады. Бөлім 10 сағатқа жоспарланған.
ІҮ. Әріп элементтерін жазу Курстың соңында оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, ритмикалық әдіс, теріп жазу әдісі, топтастыру әдісі, Карстер әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
Бұл бөлім 8 сағатқа құрылған.
Пәнаралық байланыс: