Ішіне
|
Сыртына
|
Қаһарман, қараман, жиһан, жиын, айдаһар, айдар, хамит, жиһаз, қақпа.
|
|
3 – тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жазу барысында Һ әрпінің өзге әріптермен байланысына назар аудару.
Ертөстік – елге мәшһүр қаһарман. Айдаһар, мыстан кемпірді жеңеді. Осылайша жиһанкез аталады. Ол айдаһарға қарсы шыққан адам.
4 – тапсырма. «Адасқан буындар» ойыны арқылы сәйкес буынды тауып сөздерді құрастырып жазу. Графикалық қырағылыққа үйрету.
Сабақты қорытындылау: Бүгін біз Һ әрпінің элементтерін жазып үйрендік, әріптер арасындағы байланыстарды мәтінді көшіру арқылы түсіндік. Һ әрпі жеке сөз құрай алмайды. Сөздердің ортасында, соңында кездеседі. Әріп элементі үздіксіз жазылады.
Үйге 5 – тапсырма. Нүктелер орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
26 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Цц әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Цц әрпінің элементтерін жазу техникасымен таныстыру. Жазу сауаттылығын, гигиеналық талаптардың сақталуын үйрету.
Дамытушылығы: Әріптердің ұқсастығын, жазудағы айырмашылығын таныстыра отырып, біліктілігін дамыту.
Тәрбиелігі: Сөзжұмбақ, ребустар ойындар арқылы жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Цц әрпінің баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Қол ұстасып тұрып, бір- біріне бақыт, денсаулық, жақсылық тілеу арқылы психологиялақ серпіліс жасату.
Үй тапсырмасын сұрау:
5- тапсырма нүктелер орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Берілген тапсырманы
тексеріп, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Жаңа білімді меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |