К. Ж. Қожахметова


Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастыру формалары



бет67/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастыру формалары




Мақсаты: қазіргі кездегі оқытуды ұйымдастыру формалары туралы мағлұ- маттармен таныстыру.
Жоспары:

    1. Қазіргі кездегі сабақ.

    2. Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің са- баққа дайындығы.

Негізгі ұғымдар: оқытуды ұйымдастыру, сабақ, оқытудың дәстүрлі әдісте- рі, оқушылардың оқу қызметі, сабаққа даярлық және т.б.
    1. Қазіргі кездегі сабақ


Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. «Форма» сөзі латын тілінен аударғанда сыртқы көрініс дегенді білдіреді. Оқыту түрі әдістерге, амал-тәсілдерге, құралдарға және оқушы- лардың іс-әрекеттеріне тәуелді. Оқытуды ұйымдастыру оқушы- лардың саны, құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы болып жіктеледі. Ал оқыту түрі: жеке, жеке-жұптық, жеке-топ- тық, өзара бірлесіп оқу (белланкастер), саралап оқыту (Мангейм жүйесі), «Винетка жоспар», «Трамп жоспар», кіші топтық (мик- ро топ, «Дальтон жоспары»,) және т.б. тұрғыда бөлінеді. Оқыту түрінің сыныптық-сабақ жүйесі ХVІІ ғасырда Богемия, Украина, Белоруссия елдерінде дамып, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетуде. Бұл жүйені теориялық тұрғыдан негіздеген Я.А. Ко- менский. Дәстүрлі класс – сабақ түрлерінің негізгі белгілері ол: бір жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық дең- гейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспарымен және бағ- дарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәнінің тақырыбына арналған, себебі класс оқушы-


лары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы, сабақ кестесі, мұғалімнің басқарушылық рөлі және т.б.


Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулда- ры, үзілістер – бұл класс – сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А. Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғы- лымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалы- лық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту процесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялау- дан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетін- дігі («мектеп тұлғаны даралайды»); бақылауды бір орталықтан- дыру; орташа оқушыға бағыттанушылық («мектеп талаптарды өшіруде»). Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісі- не бағынған, оқушы «тиісті» оқушы әлі толыққанды. Тұлға емес, рухсыз «винт» ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инициативті адам, төрешісі («әрқашан да ол дұрыс айтады») жас үлкен адам (ата-ана) оқытады; пәнмен бала- ға «жазалаушы оқ» стилі.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізде- леді, оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке- даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға көзбен көр- генді мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру, елестету. Сабақ негізгі форма ретінде оқыту-тәрбиелеу процесін ұйым- дастырудың басқа да формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты параллельді дамытады; яғни класс – сабақ жүйесі шеңберінде (экскурсиялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар). Жоғары оқу орындарында қолданылатын дәріс – семинар жүйесінен алы- нып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (дәрістер, семинарлар, практикумдар, сынақ, емти- хандар). Мысалы, дәріс – семинар – сынақ оқу жүйесінде (фор- масында) алдымен класқа оқу материалы дәріс әдісімен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораториялық сабақтар- да талқыланады (меңгеріледі, қолданылады) және меңгеру нәти-
жесі сынақтық формада тексеріледі.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқы- ту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қол-

данылуда. Алайда бүл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, окушылар- дың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестиваль- дар). Іс-әрекеттің барлық түрі қарым-қатынас арқылы жүзеге аса- ды. Бүл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдісте- рін қолданады.


Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қа- тынас, еңбек, т.б.) колданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-катынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық та- нымдық іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады. Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұға- лімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұхбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл күй жағдайла- рын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сиякты ынталаңдыру
әдістері де қолданылады.
Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы си- паттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұ- ра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндет- терін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет дейді белгілі педагог-ғалым Н.Д. Хмель. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті- нің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұл- ғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз – жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдас-

тыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процесте же- ке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас, таным, ойын, еңбек, сабақ, т.б.) жатады.


Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қа- рым-қатынасы педагогикалық ықпал ету аркылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінін формалары мен әдіс-тәсілдер аркылы шешілетін белгілі бір максаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалык тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалык процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қа- тысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ре- тінде де карастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуге болады:
– қатысушылар құрамы (жеке-даралық, шағын топтық, топ- тық, ұжымдық, жаппай);
– тұтас педагогикалык процестің оқу жұмысында қолданылуы;
– таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия, т.б.);
– оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әре- кеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада, т.б.). Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдіс-
тер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педаго- гикалык процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың ара- сында белгілі бір айырмашылық болмайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет