Оқушылардың оқу іс-әрекетін мотивациялау
Мотивация соматика және эмоциямен емес, когнициямен анықталады. Талаптану когнитивтік қайнардан бастау алады. Мінез-құлықтың танымдық және мотивациялық компонентте- рі оның жеке іс-қимылдар барысында ғана емес, мақсат таң- дау мен шешім қабылдаудағы өзін-өзі біртұтас басқару мінезін анықтау деңгейінде де, олардың орындалу ережелерінде, орта- ны қайта құру және бөгет жасайтын факторларды алып тастау кезінде де анықтайды.
Оқыту барысында мінез-құлықтың өзгеруі екі түрге бөлінеді: өз бетімен реакция іздеу мен бекіну оқуы және реакцияларды дайын үлгілерден алу мен бекітпеу оқуы бұл әлеуметтік оқуға жатады.
Оқудың бірінші түрі – бихевиоризмде дәстүрлі зерттеу пәні, ал екінші оқу түрі – бұрыннан белгілі болса да эмпирикалық түр- де зерттелмеген, тек теория жүзінде біріншісіне тиесілі. Оқудың бұл түрі бақылау арқылы әлеуметтік оқудың теориясын зерттеу- дің және сараптаудың пәні болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан бақылау арқылы әлеуметтік оқудың құрылымына зейін, сақтау, түсіну, еске сақтау, моторлық реакция, мотивация кіреді.
Зейін – үлгінің іс-қимылы мен орта ерекшеліктерінде жобалау. Сақтау – үлгінің іс-қимыл мінездемесін түсіну, есте сақтау жә-
не есінде ұстап қалу.
Түсіну – үлгінің іс-қимылын ашу және интерпретациялау. Оған бақылауға алынған іс-қимылдың ережелерін анықтауға ар- налған көздерінің, денесінің, қолдарының, декодталған сөйлеу үлгілерінің қозғалыстары жатады. Түсіну жинақталған тәжірибе қоры, ережелер және басқа да білімдер негізінде жүзеге асады.
Есте сақтау – анықталған ережелерді кодтау. Ол образдардың және символдардың көмегімен жүзеге асады. Вербалды кодтау кезінде субъект үлгінің мінез-құлқын суреттейді. Соның бары- сында вербалды суреттейді және қайталайды. Ұстап қалу, яғни сақтау операциялық жолмен ашылмайды.
Моторлы реакциялар – мінез-құлықты аяқтайтын, қалыптас- паған түрлері бірінші және екінші деңгейдегі барлық ережелерді меңгергеніне қарамастан нәтижесіздікке әкеліп соғатын, үшінші деңгей ережелеріне бағынатын ұсақ қозғалтқыш операциялар.
Мотивация – тікелей қабылданған мінез-құлықтың орындал- ған нәтижесін көре білу.
Оқудың жеке компоненттерінің факторлары келесі түрде су- реттеледі: жинақталған тәжірибеге және мотивацияға байланысты.
Мотивация бекінудің негізгі мазмұны ретінде іс-қимылдың мақсатына, нәтиженің сәйкес келуіне байланысты. Сонымен қа- тар ол өзі бақылау арқылы оқытудың барлық компоненттерінің факторы болып қала береді.
Бандура теориясы бойынша ортадағы өзгерістер субъектілік процестер (назарда, түсіну, есте сақтауда) мен мінез-құлықта (моторикада және мотивацияда) өзгерісті тудырады, соңғысы ортаны өзгертеді. Берілген теория аяғына дейін қарым-қатынас- та болмай, тек қана орта процесті бастайды немесе тәртіп пен ортаға тәуелсіз мінез-құлық субъектілік процестер әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыратындылығымен теориядан ерекше- ленеді.
Қазіргі америкалық авторлар С.Д. Пэрисмен, Д.Р. Кросс когни- тивті мінез-құлық жағынан жақындау негізінде оқу үрдісінің құра- мы мен құрылымын толық және жүйелі түрде сипаттауға тырысты. Олармен арақатынасы жоқ мінез-құлық бөліктері, құрамдары, опе- рациялардың мотивациядан бөліп алу, т.б. қолданылатын шектеулі жасанды лабораториялық жағдайларда оқудың дәстүрлі зерттеуле-
рінің зияндығы мен тура шықпайтындығы ескеріледі. Авторлар өз сипаттауларында оқытуды барлық бағытталған мінез-құлықтағы сияқты үш аспектіге (компоненттерге) бөлуден бастайды: бастап- қы процестер, мақсатқа жеткізуді жүзеге асыру және қорытынды- лаушы компоненттер. Біріншілері жағдайды бағалау, әрекет түрін таңдау, олардың салыстырмалы әсерін өлшеу. Екіншілеріне таң- далған әрекеттің тәсілдері мен олардың жоспарға сай реттелуін қолдану жатады. Үшіншісі нәтижені бағалау, бастапқы тәжірибе- нің өзгерісіне әкеп соқтыратын және келесі әрекетті жасауда ескер- тілген оң және теріс нығайтқыштарды бағалаудан тұрады.
Қарапайым оқытуға көптеген спиральді циклдер мен орамдар енгізеді, ондағы дәстүрлі сызықты үлгілер тек жеке циклде неме- се орамда көрсетеді. Алайда оқыту бөлшектенген циклдер мен орамдардың жай қайталануы емес. Оқуда әрбір цикл немесе орам өзіне дейінгілердің жетістіктерін енгізгеннен кейін олардан ком- поненттік құрамдары бойынша ерекшеленеді.
Оқуда әрбір циклдің маңызды қасиеті, яғни шеберлік пен ерік- тің, операция мен мотивацияның бірлігі болып табылады. Моти- вация мен ерік негізінде әлем, өмір, себептілік, міндеттілік және т.б. туралы әлеуметтік дәрежедегі көріністер болып табылады да, олардың үйлесімділігі қатынасты құрап, мақсатқа жетуге бағыт- тайды. Соңғысы жылдам реттелінеді. Бұл реттеуде оқу құрамы және оның факторлары (метотаным деп аталады) туралы білім, мақсатты жоспарлауды басқару мен оқытуды орындаудағы баға- лау маңызды болып табылады. Шынайы күнделікті оқу көп жағ- дайда прагматикалық тапсырмамен негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |