Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Адамның тұлға болып қалыптасуына ішкі және сыртқы, биоло- гиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді. Фактор (лат. factor
іс-әрекет жасаушы, өндіруші) – қозғаушы күш, қандай да бір процестің, құбылыстың себепші күші (С.И. Ожегов).
Ішкі факторларға қарама-қайшылық, қызығушылық, өзін-өзі тәрбиелеуде, іс-әрекетте және қарым-қатынаста байқалуы тиіс тұлғаның белсенділігі жатады.
Сыртқы факторларға макро орта, мезо және микро орта, педа- гогикалық және әлеуметтік бағыттағы тәрбие жатады.
Орта және тәрбие – әлеуметтік факторлар, демек, тұқымқуа- лаушылық биологиялық фактор.
Көптен бері тұлғаның дамуына әсер ететін биологиялық жә- не әлеуметтік факторлардың байланысы туралы философ, әлеу- меттанушы, психолог және педагогтардың арсында пікірталас болып келе жатыр. Э. Торндайк, Д. Дьюи, А. Кобстың пікірінше, адамның санасы, қабілеті, қызығушылығы және қажеттілігі тұ- қымқуалаушылық арқылы беріледі. Бұл бағыттардың өкілдері тұ- қымқуалаушылық факторларды (биологиялық) абсолюттікке ба- лайды және тұлға дамуындағы тәрбие мен ортаның (әлеуметтік факторларды) рөлін жоққа шығарады. Олардың жануарлар мен өсімдіктердің тұқымқуалаушылық туралы биология ғылымының жетістіктерін адам ағзасына қолдануы қате болды. Бұл жерде ту- ма қабілеттер туралы айтылып отыр.
Басқа ғалымдар тұлға дамуы тәрбие мен орта әсеріне тікелей бағынышты деп санады (Дж. Локк, Ж.-Ж. Руссо, К.А. Гельвеций және т.б.). Бұлар бала тумысынан «бәрін жазуға болатын таза тақ- та» дейді.
Д. Дидро даму тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие әсерінен жүзеге асады деп санады.
К.Д. Ушинский тұлға болып адам тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие әсерінен ғана емес, іс-әрекеті әсерінен қалыптаса- ды. Адам – қалыптасқан жағдайдың өнімі ғана емес, өзгерістің белсенді қатысушысы, қоршаған ортаның өзгеріске ұшырауынан адам өзі де өзгеріп отырады деген.
Тұқымқуалаушылық – ата-анадан балаға берілетін белгілі бір қасиеттері. Тұқымқуалаушылық ген (гр. сөзі «ген» – тума) арқы- лы беріледі. Генетика адам дамуының тұқымқуалаушылық бағ- дарламасын жасады. Адамның адами қасиетінің болуы, бір-бірі- не ұқсамауы тұқымқуалаушылықпен байланысты.
Тұқымқуалаушылық арқылы ата-анадан балаға анатомиялық, физикалық, физиологиялық, жүйке жүйесі, ағза дамуындағы ана- малия, т.б. ерекшеліктер беріледі.
Анатомия – физиологиялық құрылым. Индивидтің белгілері: тік жүру, ойлау, еңбек іс-әрекеті, әдет.
Физикалық ерекшеліктер: сыртқы нәсілдік белгілер, дене құ- рылымының ерекшеліктері, бет қырлары, шаш, көз, тері түсі.
Физиологиялық ерекшеліктер: зат алмасу, қан қысымы және қан тобы, резус-фактор.
Жүйке жүйесінің ерекшеліктері: бастың ми шарының құры- лымы және оның перифериялық аппараттардың (көру, есту), жүй- ке процестерінің ерекшеліктері.
Ағза дамуындағы анамалия: дальтонизм, «жырық ерін», «қас- қыр азу».
Кейбір аурулардың тұқымқуалаушық сипат алуы: гемофилия, қант диабеті, шизофриния, эндрокриндік ауытқушылық.
Генотиптердің өзгеруіне байланысты адамның тума қасиеттерін өмірдегі келеңсіз жағдайлармен байланысты жүре пайда болған қасиеттерінен ажырату керек. Мысалы, аурудың асқынуы, бала да- муындағы физикалық жарақат алу, тамақтану тәртібінің бұзылуы, психиканың ауытқуы мен өзгеруі субъективтік факторлардан: қор- қу, жүйке жүйесінің қатты зақымдануы, ата-аналар іс-әрекетінен және басқа да жағымсыз құбылыстардан болады. Жүре пайда бол-
ған қасиеттер тұқым қуаламайды. Генотип өзгерілмесе, адамның тума индивидуалдық ерекшеліктері де тұқым қуаламайды. Бұларға ішімдіктің әсері, тума жарақаттар, интоксикация жатады.
«Интеллектуалдылық, арнайы және моральдық қасиеттер тұ- қым қуалай ма?» деген сұрақ өте маңызды. Сонымен қатар бала- лар қабілетті ме әлде нышанды дайын күйінде игереді ме?
Тек нышан тұқым қуалайтыны дәлелденді. Нышан – қабілет да- муына әсер ететін ағзаның анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
Нышан екі түрге бөлінеді:
жалпы адамдық (ми құрылымы, орталық жүйке жүйесі, ре- цепторлар жүйесі);
индивидуалдылық (саналы жұмыс істеу қабілеті, көңіл бө- лу күшінен бағынышты жүйке жүйесінің типологиялық қасиеті; анализатор құрылымының индивидуалдылық ерекшеліктері).
Қабілет – іс-әрекеттің сәтті орындалуына субъективтік шарт- тар болып табылатын тұлғаның индивидуалдылық ерекшелік- тері. Қабілет білімге, дағдыға байланысты емес, олар іс-әрекет тәсілін меңгеруге байланысты және қабілет дамуының жоғарғы деңгейі – таным, гениалдылық.
Кейбір ғалымдар (С. Берт, Х. Айзенк және т.б.) тума қабілет тұжырымдамасын ұстанады. Ресейлік физиолог, психолог, педа- гог мамандар қабілет – іс-әрекет процесінде және тәрбиелеу нә- тижесінде қалыптасатын өмірлік білім беру деп қарастырады. Яғ- ни қабілет емес, тек нышан тұқым қуалайды.
Адамнан тұқымқуалаушылық арқылы берілген нышан жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғалымдардың бір тобы, барлық адамдар табиғаттан өзінің та- нымдық ақыл-ой күшінің дамуының мүмкіндігін алады деген пі- кір айтады.
Жоғарғы жүйке іс-әрекетіндегі әртүрлі типтер интеллектуалдық іс-әрекеттің деңгейі мен сапасын алдын ала болжайды, ол ағым- ның процесін өзгертеді. Олар интеллект деңгейі ата-анадан беріле- ді деген пікірмен келіспейді. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін дейді. Жағымсыз бейімделу маскүнемдердің балаларының ми ша- ры клеткаларының, наркомандардың генетикалық құрылымының бұзылуы кейбір тұқым қуалайтын психикалық ауруларда болады.
Ғалымдардың басқа бір тобы адамдардың интеллектуалдық қабілетінің теңсіздігін дәлелденген факт деп есептейді. Теңсіздік-
тің себебі – биологиялық тұқымқуалаушылық. Бұл жерден шыға- тын қорытынды: интеллектуалдық қабілеттер өзгеріссіз беріледі.
Қазіргі заманғы педагогика әр адамда болатын нышандардың дамуына жағдай жасауына баса көңіл бөледі.
Арнайы нышандар мен моральдық қасиеттердің тұқымқуа- лаушылық арқылы берілуі маңызды сұрақ болып табылады. Ар- найы нышан іс-әрекеттің белгілі бір түріне бағытталады. Арнайы нышан: музыкалдық, көркем, математикалық, лингвистикалық, спорттық және т.б. Осы арнайы нышанды иеленгендер өмірде сәйкес іс-әрекет аумағында жоғарғы биік шыңдарға жетеді деп дәлелденді. Егер қажетті шарттар жасалынса, арнайы нышанның белгілері балалық шақта көріне бастайды.
Арнайы нышандар тұқым қуалайды. Адамзат тарихында тұ- қым қуалаған дарынды адамдар көптеп кездеседі. Мысалы, атақты И.С. Бахтың тұқымында 18 атақты музыкант кездеседі. Ч. Дарвиннің тұқымында да көптеген талантты адамдар бар.
Өнегелік қасиеттермен психиканың тұқым қуалауы маңыз- ды сұрақ болып табылады. Көп уақыт қоғамда психикалық қасиеттер тұқым қуаламайды, ішкі орта мен ағзаның өзара әрекетіндегі процесте қалыптасады деген пікір қалыптасқан. Тұлғаның әлеуметтік, өнегелік қасиеттері өмір сүру барысын- да қалыптасады. Тұқымқуалаушылықтан басқа тұлға дамуына орта әсер етеді.
Орта – адам дамуы жағдайында пайда болатын шынайы бол- мыс. Тұлға қалыптасуына географиялық, ұлттық отбасылық, мектептік, әлеуметтік орта әсер етеді. «Әлеуметтік орта» ұғымы
қоғамдық құрылыс, өнімді қарым-қатынас жүйесі, өмірдің ма- териалдық жағдайы, өнімді және әлеуметтік ағым процесінің жә- не т.б. сипаттамасы.
Француз философы К.А. Гельвеций барлық адамдар тумысы- нан ақыл-ой және өнегелік дамуында бірдей потенциалды игереді, ал психикалық ерекшелік орта мен тәрбиенің әсерінен деп санады. Осы сәтте орта – адам тарихын алдын ала анықтайтын метофизи- ка. Адам орта әсерінің пассивті объектісі ретінде қарастырылады.
Сонымен, адам қалыптасуына ортаның әсерін барлық ғалым- дар мойындайды. Тек тұлға қалыптасуындағы орта әсері дәре- жесінің бағасы туралы көзқарасы сәйкес келмейді. Бұл абстракті ортаның болмайтынымен байланысты. Адам дамуына әсер ете- тін басты факторлардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынас
бұл адамдармен байланыстың жетекші түрі және тұлға аралық қарым-қатынастың қалыптасуында тұлға белсенділігінің универ- салды формаларының бірі.
Адам тұлға болып қарым-қатынас, басқа адамдар мен өзара әрекеттік барысында қалыптасады. Адам қоғамынсыз рухани, әлеуметтік психикалық дамуы жүруі мүмкін емес. Адамның қо- ғаммен өзара әрекеті әлеуметтену деп аталады.
Тұлғаның әлеуметтенуі – объективті құбылыс, адам қоғамда өз бетімен өмір сүруге бет бұрғанда бақыланатын құбылыс. Кез келген құбылыс секілді әлеуметтену көп аспектілі, сондықтан көптеген ғылымдармен зерттелінеді: әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, тарих, психология, педагогика және т.б.
Жоғарыда айтылғаннан басқа тұлға қалыптасуына тәрбие әсер етеді. Тәрбие кең әлеуметтік мағынада әлеуметтену ұғы- мымен теңдеседі. Әлеуметтену – қоғамдық өмірдегі ұйымдас- тырылған және стихиялық іс-әрекеттің жиынтығы. Тәрбиені көптеген зерттеушілер адам дамуының өзара әрекеті және өза- ра қарым-қатынасы арқылы әлеуметтік ортада жүзеге асыры- латын мақсатқа бағытталған амал ретінде қарастырады. Тәр- бие – бұл мақсатқа бағытталған және саналы бақыланатын, басқарылатын процесс және ол әлеуметтену процесінің меха- низмін де басқарады.
Тәрбие әлеуметтену барысында болатын жағымсыз әсерлер- дің зардабын әлсіретеді және жеңуге көмектеседі, оған гуманис- тік бағдар береді. Әлеуметтік орта стихиялы түрде әрекет жа- сайды. Өмір сүру барысында адам үнемі әлеуметтік іс-әрекетке қатысады: ойын, оқу, танымдық еңбек, қоғамдық, саяси, көркем шығармашылық, спорттық және т.б.
Болмыс формасы, адам өмір сүруінің тәсілі ретіндегі іс- әрекет:
адам өмірін материалдық жағынан қамтамасыз етеді;
адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті;
адамға өзінің тұлғалық әлеуетін, мақсаттарын жүзеге асы- руға көмектеседі;
адамға қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде өз-өзін дамыту- ға жағдай туғызады.
Тұлға дамуы сыртқы бірдей жағдайларда, көбінесе, өз ерік-жі- геріне, жұмысқа қабілеттілігіне байланысты. Бұл әртүрлі іс-әре- кеттер барысында байқалады.
Тұлға дамуына ұжымдық іс-әрекет басты әсер етеді. Ұжым- дық іс-әрекет – тұлғаның шығармашылық потенциалының, аза- маттық позициясының эмоционалдық дамуда көрініс табуы.
Табиғи даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі зор. Өзін- өзі тәрбиелеу – объективті мақсатты субъективті етіп қабыл- дау және түсіну. Демек, адам дамуының процесі және нәтижесі биологиялық, әлеуметтік фактор секілді көптеген факторлармен детерминацияланады. Әртүрлі жағдайларда тұлға дамуына әлеу- меттік факторлар әрқалай әсер етеді. Авторлардың біраз бөлігі фактор жүйесінде тәрбие шешуші емес, жүргізуші рөл атқарады деп те санайды.
Әсер етуші факторлар кестесі
Іс-әрекеттiң кез келген жағдайында анатомиялық-физиоло- гиялық бейiмдiлiктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуын- да ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау қабiлетiндегi ерекшелiктер, т.б.). Олар бала- ның қабiлеттiлiгi, іскерлігі дамуының алғышарттары болып та- былады.
Тәрбие мен бiлiм беру барысында адамдардың табиғи қасиет- терiн ескеру қажет, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, дамуларының тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн ай- қындау керек.
Тәрбиенiң зор күшiн көптеген прогрессивтi педагогтар мойында- ған. Мысалы, атақты чех педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтiнде бiлiмді игеруге нәр бередi, бiрақ бұл тек тәрбие мен бiлiм арқасында ғана дами алады деп тұжы- рымдаған. Белгiлi педагог А.С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжiрибеде «қиын», тiптi «тәрбиесі қиын» балалармен жұ- мыста тәрбиенiң игiлiктi күшiн дәлелдеген болатын.
Тәрбие – белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процесi. Тәрбие мен бiлiм беру адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қару- лануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғам- дағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдар- мен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен арақа- тынасын қарастырады. Қазiргi жағдайда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған бiлiм-тәрбиесiз өмiрге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жү- зеге асыратын, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi күш.
Тәрбиенiң мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылады. Педа- гогиканың классигi К.Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуын- дағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұс- қаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды».
Осылайша, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп оты- ратын үш фактор: тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән беріп, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен бала дамуының арақатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |