К. Ж. Қожахметова


Оқушы тұлғасы – тәрбиенің объектісі мен субъектісі



бет23/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Оқушы тұлғасы – тәрбиенің объектісі мен субъектісі




Мақсаты: студенттердің жеке тұлға және оның дамуына әсер ететін фак- торлар туралы бiлiмдерін жүйелеу.
Жоспары:

    1. Адам дамуы – жеке тұлғаның әлеуметтену процесі ретінде.

    2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші.

    3. Жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін факторлар.

Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы күштер, жеке тұлға қалыптасуының заңдылықтары.
    1. Адам дамуы – жеке тұлғаның әлеуметтену процесі ретінде


Тәрбиелеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан-жақты үйлесiмдi дамуы ерекше мәнге ие. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселелері әртүрлі ас- пектiде қарастырылады. Ерте кездегi грек ғалымдары жеке тұл- ғаның дамуына биологиялық, сонымен қатар әлеуметтiк факторлар да әсер ететіндігіне мән берген. Жеке тұлға мәселесі көптеген (Э. Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, З. Фрейд, Д. Дьюи, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский,


Э.И. Моносзон. Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов, т.б.) әр саладағы ғалымдардың зерттеулерінен орын алған.


Психология ғылымында «жеке тұлға» деген ұғымға бірнеше түсiніктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға де- генiмiз – әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъек- тiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) атқаруы (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты). Сондай-ақ жеке тұлға психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат- мүдделер).
Сонымен, тұлға дегеніміз – өзіндік сана қалыптастыру бары- сында қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, оның маңызды белгiлерi ретінде саналылық, жауапкершiлiк, еркіндік, қадiр-қа- сиет, т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысын- да «адам», «индивид» деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам – бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс- әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни ол биологиялық мәнге ие болады. Ал «индивид» латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелiк». Бұл сөздің ұғым ретiндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерiнің еске- рiлмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда әрбiр адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымымен және соны- мен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi де осында.
Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптаса- тын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе бо- лып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қа- сиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажет- тілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгерме- лі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни жеке тұл- ға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді. Тұлғаны

қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру бар. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынас жасауы – күрделі мәселелердің бі- рі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі, қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қа- былдаулары тиіс.


Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелiк жүйелердiң негiзiн құрайды.
Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өз- гереді, педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қарасты- рады, ал тәрбиелеудің ықпалы тұлғаны жетілдіруге бағыттал- ған. Бұл тәрбиелеу фономеніне негізгі анықтама береді, яғни педагог – тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі. Ақыл- ойының өзгеруіне дүниеге көзқарасы, психологиялық, мәнді- лік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбиелеудің мақсаты – жеке адамның және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқым- да қолдану.
Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негіз- гі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан-жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеумет- тік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету, пайдалана білу жүзеге асады. Осының барысында түр- лі құралдар қолданылады. Тәрбиелік қатынас «субъект-субъек- тілік», «субъект-объектілік» болып жіктеледі. Тәрбиелік қа- тынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту) ішкі дү- ниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігіне оқу) сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұл- ға жетіледі. Рухани бай тұлға адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы дү- ниеге тұлғалық мәндегі объект деп қарайды. Өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан тұлға ізденіс- ке түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі жағымсыз қылықтарға (екіжүзділік, өтірікшілік, т.б.) қанағаттанбаушылық тұлғаның

рухани қалыптасуының белгісі, тәрбиеліліктің белгісі болып табылады. Тәрбиелеу барысында біз жеке адам бойына ізгі қасиеттер жиынтығын сіңіруді көздейміз, соған байланысты қызмет көрсетеміз.


Жеке адамды тәрбиелеу қызметтеріне:

    • жалпы адамзаттың гуманитарлық доминанттар деңгейін игеру немесе меңгеру;

    • этикалық және эстетикалық мөлшерлерде қоғамды меңгеру, яғни негізгі әлеуметтік және кәсіптік қызметі, жеке құндылығы және амалы;

    • тәрбиелеу процесіндегі жеке адамның иерархиялық сапа- сын және деңгейін игеру.

Тәрбиелеуші – тәрбиенің субъектісі, екі жақты процесс, яғни тәрбие өзінің белсенділігі арқылы іске асырылады және өз қабі- леті мен өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жетістікке жетеді.
Тәрбие – бағытталған процесс, әрбір негізгі мақсат оның маз- мұны мен әдістеріне сәйкес және ол жеке мазмұны мен бағыты арқылы анықталады.
Педагогикалық ғылымда тәрбие дәстүрлі тұрғыдан анықта- лады: ақыл-ой, мінез-құлық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру бағыттары қазіргі кезде құқықтық, экономи- калық, экологиялық, имандылық және азаматтық тәрбиемен то- лықтырылады. Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әртүрлі деңгейде: социумдық деңгейде, әлеуметтік институттар- да, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде іске асырылады.
Тарихи жинақталған тәрбие түрлері ішкі мәдениет түрлері- не қарай дамиды. Тарихи тәрбиелеу түрі үлкендердің балалар- ға арналған және негізгі міндетті, топтық мінездемесіне дәл келеді.
Тәрбиенің мақсаты белгілі әдістеме арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің жіктемелік шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиеленушінің жасына және тәрбиелеушінің жеке қасиеті- не немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастырамыз, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру бо- лып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет