Жеке тұлға және оның құндылық бағыттары
Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дүниетанымымен байланыстыруға болады. Өйткені жеке тұлғаның құндылық дең- гейі оның дүниетанымына тікелей байланысты.
Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тiкелей өмiрлiк тәжiрибесiнен бастау алады және соған негiзделедi. Жеке тұлға- ның дүниетанымы онда өмiр үндестiгi мен қарама-қайшылығы көрiнiс тапқан кезде ғана әсерлi және тиiмдi болып келедi.
Жеке тұлғаның дүниетанымы дүниетанымдық бiлiмдер мен сенiмдер, дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуi қажеттiгiнен тұрады. Ал қажеттiлiк дүниетаным сапасы ретінде сипат алады. Сенiм мен арман-мұрат жеке тұлға- ның дүниетанымының тағы бiр элементiнiң негiзiн құрайды, ол
– қызмет-әрекеттiң бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқын- дайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементi – дү- ниетанымдық сенiм, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жiгерлi даярлық.
Жеке тұлғаның дүниетанымдық тұрғыдан даму мәселесін же- тілдіруді психология ғылымы айқындайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар тұлғаны қалыптастырудың негізі екендігі ғылымда дәлелденген.
Жеке тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың жалпы көрiнiсiнiң жоғарғы деңгейiмен суреттелетін әлеуметтiк мәдениет пен интел- лектуалды және эмоционалды-жiгер сипаттарын топтастыратын феномен. Яғни жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытынды- ланған бiлiмдер мен оларды пайдалану бiлiктiлiгi, олардың ақиқат- тылығы мен нәтижелiлiгiне деген сенiм, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке де- ген даярлық сияқты компоненттер өзара байланысты болып келедi. Л.И. Божовичтiң тұжырымдауынша, жеке тұлғаның дүниета- нымы – бiршама кешiктіріліп келетiн құбылыс, ол адамның жеткiншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негiзi жалпы тәрбиелiлiк бағыттылық, дүниетану мен дүниенi сезiну жүйесi
ретінде көрініс береді.
Ал Б.Г. Ананьевтің пайымдауынша, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өзiне деген қатынасының сипаты жеке тұлғаның басқа қасиеттерiмен салыстырғанда ең соңғысы болып табылады. Ал құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты iшкi және сырт-
қы арақатынасының түрлi деңгейi мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниенi, өзiнiң өткен өмiрiн, бүгiнгiсi мен болашағын, сондай-ақ өзiндiк «Мен» деген сезiмiнiң мәнiн ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлға дамуының когнитивтi, эмоциялық себеп-салдарлы және тәрбиелiлiк саласының бiрлiгi мен арақатынасын бiлдiретiн интегралды жеке тұлғалық қасиет. Құндылық бағыттары – адамгершiлiк сананың өте тиянақты және терең көрiнiсi, ол тек жекелеген iс-қылықтары мен себеп-салда- рында ғана емес, мiнез-құлық пен іс-әрекеттiң бүкiл барысында көрiнiп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастап- қы өнегелiлiк ұстанымын iске асырады. Мақсат пен мiндеттерге сәйкес барлық құндылық бағыттар тәрбиелiк ықпалдардан тұра- тын болғандықтан, жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiнiң интегралды көрсеткiшi.
Білім беру жүйесінің, мазмұнының өзгеруіне сәйкес рухани – адамгершілік құндылықтарды халықтық идеологиядан, халық- тық дүниетанымнан, салт-санадан, әдет ғұрыптан бөліп қарас- тыру мүмкін емес. Сонымен қатар, педагогика ғылымы саласын- да жарық көрген жұмыстарға жасалған талдау, білім беру пара- дигмаларын басшылыққа ала отырып, рухани-құндылықтарды меңгерту мәселесі педагогикалық аспектіде зерттелмеген тың тақырып екендігі және психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен жоғары мектептердің жұмыс тәжірибесін оқып-талдау да, аталмыш мәселенің сырт қалғанын бүгінгі талап-тілектерге сәйкес келмейтінін байқатады.
Жоғары мектепте білім беру парадигмаларына сай жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу барысында бірқатар қарама-қайшылықты:
– оқушы тұлғасын қазіргі таңдағы басымшылдық танытатын гуманистік парадигма негізінде рухани-адамгершілік құндылық- тарды меңгерту қажеттілігі мен оны дамытуда мүмкіндіктерді толық пайдаланбау;
– Білім беру мен тәрбиелеудегі гуманистік парадигмасына терең қызығушылық пен бұл мәселенің бағдарлық-әдістемелік деңгейде қарастырылмағаны;
– студенттің тұтастай дүниетанымының қалыптасуы жағ- дайындағы теориялық көріністің дамуы мен жоғары мектепте оқытылатын пәндердің әсері мен сәйкессіздігін бөліп көрсетуге болады.
Жалпы, жеке тұлға әлеуметтік ортада қалыптасады және бі- лімдендіру процесі барысында, адамда саналы психикалық қа- сиеттердің пайда болып, биологиялық сапалар әлеуметтік са- паға ауысады. Бұл тұрғыда білімдендіру процесі субъективті қарым-қатынас жүйесі, яғни тұлға әлеуметтенуінің негізгі фак- торы мен реттеушісі болып табылады, демек, тұлғаның әлеу- меттік мәнін анықтайды және оның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуына жәрдемдеседі. Қарым-қатынас адамның тұлға ре- тіндегі жүйесін толықтырады. Осы параметр бойынша адамдар арасында салыстыру жүргізу елеулі айырмашылықтарды ай- қындайды. Бұл дегеніміз білімдендіру процесі субъект-субъек- тілі қарам-қатынасқа негізделеді дегенді білдіреді. Осылайша, білім беру процесінде гуманистік парадигмаға сұраныс туында- ған. Яғни оқыту мен тәрбиелеуде гуманистік бағыт басшылыққа алынады. Біздер мұндай білім беру парадигмасына тек кейінгі кездері ғана көше бастадық.
Байқап отырғанымыздай, бүгінгі қоғам талабына сай білім
беру парадигмалары да өзгеріп, олар болашақ ұрпақтың жан- жақты дамуына орай бағдарлануда. Олай болса, бүгінгі қоғам талабына сай және білім сапасын арттыру мақсатында қолда- ныстағы парадигмаларды мақсатынша, тиісінше дұрыс қолда- нуымыз қажет.
Кейбiр зерттеушiлер құндылықты адамның мiнез-құлқында көрiнетiн жалпы әлеуметтiк бағыттылық деп түсіндірсе, тағы бiр зерттеушiлер оны жеке тұлғаның қандай да бiр әлеуметтiк құнды- лықтарға субъективтi қатынасы ретiнде қарастырады.
Д.Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бiр жағынан, құбылыс- тардың белгiлi бiр семантикалық сипаттамасының, объектiнiң субъект үшiн маңыздылығының санада көрiнiс тауып, санада бекемделу формалары ретiнде қарастырса, екiншi жағынан, іс- әрекетке әзiрлiк формасы ретiнде, тиiстi жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерiнiң бірлігі ретiнде қарас- тырады.
Дүниетаным дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар қоғамның саналы мақсат-мүдделерi мен адамгершілік, әлеуметтiк, гуманистiк құндылықтар – өмiрдегi мiнез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз-өзiне де- ген жауапкершiлiктi қатынасын анықтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |