К. Ж. Қожахметова


Тәрбие әдістері мен оның жіктемесі. Тәрбие құралдары мен формалары



бет44/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тәрбие әдістері мен оның жіктемесі. Тәрбие құралдары мен формалары


Педагогикалық процестегі тәрбиенің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар.


Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктері- нің дамуына әсер етеді. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс-тәсілге айналады.
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсатына және нәтиже алуға жетуге байланысы қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүр- лі жолмен жетуге болады. Тәрбиенің нәтижелілігі таңдаған әдіске тікелей байланысты. Тәрбие әдістері жалпы түрде қарастырыла- ды. Өйткені барлық адамдармен (оқушылармен, студенттермен, үлкендермен, т.б.) тәрбие жұмысы жүргізіледі; барлық бағыттағы (адамгершілік, дене, еңбек, ақыл-ой, т.б.) тәрбие мәселелерін ше- шуге қолданылады; бірнеше міндеттерді іске асыруда пайдала- нылады. Тәжірибеде қолданып жүрген тәрбие әдістерінің:

– сендіру;


– жаттықтыру;
– мадақтау;
– жазалау;
– үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың база- лық негізі бола алады.
Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам са- насына әсер ету.
Жаттықтыру әдісі – іс-әрекеттің көп рет қайталану арқылы қа- лыпты әдеп қалыптастыру.
Мадақтау әдісі – жағымды іс-әрекетін бағалау арқылы жеке адамды белсендендіру. Ол мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс біл- діру сипатта іске асырылады.
Жазалау әдісі адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйре- теді. Әрине, жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни ұрып-соғу, балағаттау жатпайды.
Үлгі көрсету – сөз бен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі-өнеге көрсетуі тиіс.
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдісте- рінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таң- дап алу қиын. Сондықтан оларды ретке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдіс- терді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды және кез- дейсоқ, теориялық, тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзі- не тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
– жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, калыптасады;
– оқушыларды тәрбиелеу процесі – өте күрделі іс-әрекет, оның негізі – өзіндік санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз-өзіне қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ын- тасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар да- му үстіндегі адам;

– жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылы- сы жағынан күрделі. Ол адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттерден, сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдет- терден тұрады.


Осы қағидалар бойынша кейбір әдістер, көп жағдайда, мо- тивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктер- ге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-кұлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
– жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
– іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжіри- бесін қалыптастыру әдістері;
– мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Ал тәрбие құралына келер болсақ, ол – әлеуметтік тәжірибе жиынтығы. Мақсатты шешу барысында тәрбиеленушіге әсер ете- тін нәрсенің барлығы тәрбие құралы бола алады. Бірақ тәрбие құ- ралдары нақты тазалық, эстетикалық, экономикалық, этикалық, құқықтық талаптарға жауап беруі тиіс. Әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. Қазіргі кездегі энцик- лопедиялар мен сөздіктерде «форма» ұғымының бірнеше мағы- насын береді: ол – тәрбие процесінің ішкі көрінісі; тәрбие жұ- мыстарының ішкі көріністерін сипаттайтын тәрбие құралдары мен ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы; тәрбиеленушінің жеке және ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылуы. Сонымен, форма дегеніміз – тәрбиелеу процесіндегі тәрбиеші мен тәрбиеленуші- нің қарым-қатынас бейнесі.
Тәрбие жұмыстарының формасы төмендегідей қызметтерді атқарады:
– ұйымдастырушылық;
– реттеушілік;
– ақпараттандырушылық.
Тәрбие жұмысының формасы уақыт мерзіміне, тәрбиелену- шінің іс-әрекет түріне (оқу, еңбек, спорт, көркемсурет), педагог ықпалына, ұйымдастырушы субъектілерге (оқытушы, тәрбиелеу-

ші, ата-ана), нәтижеге, қатысушылардың санына байланысты си- патталады және басқа формадан ажыратылады. Мысалы, саны- на байланысты: жеке, топтық, ұжымдық болып бөлінеді. Тәрбие жұмыстарының мазмұнына сай тәрбие формасы таңдалады және жүргізіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет