К. Ж. Қожахметова



бет61/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Білім беру мазмұны




Мақсаты: қазіргі кездегі білім берудің мазмұны, мақсаттылығын, тарихи- лығын түсіндіру және практикалық білімдерді сипаттау, олар туралы жалпы мағлұмат беру.
Жоспары:

    1. Білім берудің мақсаттылығы, тарихилығы және қызметі.

    2. Білім берудің тұтастығы мен жүйелілігі.

Негізгі ұғымдар: бiлік, білім беру, білім мазмұны, құжат, білім мазмұны- ның негізгі компоненттері.
    1. Білім берудің мақсаттылығы, тарихилығы және қызметі


Білім беру мазмұнының ғылыми теориялары ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қалыптаса бастаған. Педагоги- када білім беру мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Яғни білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысында- ғы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқара- сын қалыптастастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Білім берудің мазмұны мен оның мәнін ашуда және білім беруді ізгілен- діру идеясын жүзеге асыру барысында жеке тұлғаны дамыту мә- селесі соңғы 15-20 жыл шамасында қызу қолға алынды. Мәселені И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднев, Б.М. Бим-Бад және т.б.


ғалымдар қарастырған. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім бе- ру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалып- тастыру жүйесі деп түсіндірген, сонымен қатар шығармашылық іс-әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады. Білім мазмұнын анық- тауда, жалпыға міндетті білім беруде, ал оның ғылым мен техни- ка және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда.


«Білім беру» түсінігі өзінің қалыптасып, дамуына байланысты тарихи сипат алды. Сонымен, ол XIX ғасырдағы немісше «Bildung» терминімен сөзбе-сөз мағынасына бүтіндей сәйкестенеді және
«бейненің қалыптасуы (рухани және физикалық)» деген мағы- на береді. Бұл ұғымды ғылымға енгізген швейцариялық педагог И.Г. Песталоцци (1746-1817), ал орыс әдебиетінде атақты ағар- тушы Н.И. Новиков (1744-1818). Білім беру жүйесі ұзақ және күрделі тарихи дамудан өтіп, алғашқыдан қарағанда оның қазіргі түрі күрделенді. Әртүрлі аймақтағы барлық уақытта білім беру мазмұны мен сипаты қоғамдық өңдірістің экономикалық даму- ын, ғылыми техникалық қажеттіліктер мен сипатын, рухани мә- дениеті, педагогикалық теориялар мен тәжірибелерінің дамуын талап етумен анықталады. Материалдық өңдіріс пен қоғамның рухани адам өмірінің білім беру жүйесіне әсерінде ол халық пен белгілі бір аймақтың мәдени-әлеуметтік дамуына күшті ықпал ететінін өзі көрсетеді.
Білім беру әлеуметтік институт ретінде маңызды міндеттерді шешеді:
– білімді ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдау (трансляциялау);
– мәдениеттің кеңеюі;
– қоғамның мәдениетінің сақталуы және жалғасуы (генера- циялануы);
– тұлғаның әлеуметтенуі, әсіресе жастар және оның қоғамда- ғы интеграциясы;
– тұлға мәртебесінің анықталуы;
– әлеуметтік іріктеу (селекциялау), қоғам мүшесін дифферен- циациялау және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгеріс және даралық мобильділік;
– жастарды кәсіпке іріктеу және олардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету;
– үздіксіз білім беру үшін білім базасын құру;


– социо-мәдениеттік инновациялар, жаңа идеялар мен теория- лар, жаңалық ашушылар мен ойлап шығарушыларды жасау және жете зерттеу;
– әлеуметтік бақылау [Волков Ю.Г. Социология – М., 2001.
– С. 165-166].
Педагогикалық тұрғыдан келгенде білім берудің екі негізгі қыз- метін түсіну қажет: прагматикалық функция адамдардын тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы болып табыла- тын, білім беру сапасын жетілдіру үшін жағдай тудыру; мәдени гу- манистік функция адамдардың өміріндегі қиындығы әртүрлі дәре- жедегі мәселелерін лайықты шешуге мүмкіндік беретін икемі мен қабілеттілігі, рухани құндылықтарының дамуынан тұрады; олар- дың әлеуметтік және қоғамдық орта сферасындағы салдары мен құндылығы әрекетті, қабылдаған шешіміне рухани жауапкершілігі мен сипатын қалыптастыру; жеке тұлғалық және кәсіби жетілу ше- гін, өзін-өзі басқару мүмкіндігімен қамтамасыз ету; бақытқа, дер- бес автономияға, ақыл-ой еркіндігіне жеткізу жолдарын меңгеру.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет