К. Ж. Қожахметова


Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері



бет58/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері




Мақсаты: студенттерді оқытудың заңдары, заңдылықтары және негізгі прин- циптерімен таныстыру, тәжірибеде қолдануға үйрету.
Жоспары:

    1. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және кезеңдері.

15.2 Оқытудың негізгі принциптері.
Негізгі ұғымдар: оқыту заңдары, заңдылықтары, принциптері және т.б.
    1. Оқыту заңдары, заңдылықтары және кезеңдері


Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңге- ру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасында- ғы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара бай- ланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы аынқталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылық- тары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқы- тудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байла- ныстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін


қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөлік- терін қамтиды.


Оқыту iсiнiң табысты болуы бiлiмдiк негiздер мен оның күр- делi құрылымын бiлумен шектелу емес, меңгерген таным-түсi- нiктердi жүзеге асыра алумен және оның заңдылықтарын орын- дауға қалыптастыру арқылы жасалады. Оқытуда ескерiлетiн заң- дылықтар:
– оқытудың қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай болуы;
– оқыту арқылы тұлғаның өздiгiнен әр жақты еңбектенiп да- муына бағдар берумен ынталандыру;
– белсендi iс-әрекетке баулу;
– даму белсендiлiгiне қажеттi мотивтер туғызу;
– оқыту барысында шәкiртке талап қоя бiлу және оларға сенiм бiлдiре отырып, құрметпен қарау;
– бiлiмдi меңгеру барысындағы қиындықты жеңудегi шәкiрт қуанышын, ынтасын қолдай бiлу;
– оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны iлгерi жетiлдiре түсуiн қолдау;
– оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелiгiн және дербес өзгешелiгiн есепке алу;
– оқытуда жеке оқушы мен ұжымның белсендiлiгiн көтеру- дегi ынтымақтастықты сақтауға ықпал ету;
– оқытуда ұстаз, отбасы, бұқара көпшiлiктiң бiрыңғай талап қоюына ыждаһаттылықпен қарау.
И.Г. Песталоцци өз кезінде, белгісізден белгіліге, түсі- ніксізден түсініктілікке өту заңын ұсынған. Неміс педагогы Э. Мейман өзіндік тұрғыдан төмендегідей заңдылықтарды ұсынады:
– жеке адамның табиғи ерекшеліктері дамытылады;
– алдымен баланың өмір сүруге қажетті қабілеттері дамы- тылады;
– балалардың дене және рухани дамуы біркелкі дамымайды. Оқытудың жалпы заңдылықтарына:
– оқыту мақсаты;
– оқыту мазмұны;
– оқыту сапасы;
– оқыту әдістері;
– оқытуды басқару;
– оқытуды белсендендіру.

Оқытудың жеке заңдылықтарына:


– жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдіс- тер, құралдар және оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);
– гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық бел- сенділігіне байланысты);
– психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау, меңгеру деңгейіне байланысты);
– әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтер- мен қарым-қатынасына байланысты);
– ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушы- ның студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты). Оқыту барысында шәкiрттiң меңгерiлген бiлiмiн қазына деп бiлсек, оны iлгерi дамытып, өрiстетуге бағдар берiп, жол-жосы-
ғын үйрету оқыту әдiсiмен сабақтас.
Заңдылықтар объективті, қажетті, жалпы, тұрақты және бел- гілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды сипаттайды. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекше- ліктері заңдарды құрайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет