К. Ж. Қожахметова


Оқытудың негізгі принциптері



бет59/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оқытудың негізгі принциптері


Қазіргі таңда оқу орындарының жаңарып қайта құрылуына байланысты оқыту, бiлiм беру тұрғысындағы басты мақсат та, мiндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердiң деңгейiне сәйкес белгiленген мемлекеттiк стандарт дәрежесiнде ғылым негiздерi меңгерiлiп, уақыт талабына үйлесiмдi тәрбиеленген адамдар- ды қалыптастыру болып табылады. Жас ұрпақтың қалыптасуы шәкiртке берiлетiн ғылыми бiлiмнiң мазмұнына тәуелдi деп бiлсек, оның жүзеге асуы оқыту арқылы орындалады және білгілі бір заңдар, заңдылықтар мен принциптерге сүйенеді.


Демек, оқыту процесі белгілі бір заңдар, заңдылықтар мен принциптерді ұстану арқылы іске асырылады. Мұндағы принцип
– белгілі бір мақсатқа жету барысында міндетті түрде ұстанатын қағидалар жиынтығы.
Оқыту принциптеріне:
– оқытудың ғылымилық принципі (оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына сай ғылымның негізгі

теориялары мен ұғымдарын, ғылымның нақты әдістерін, қоғам- дық және табиғи құбылыстардың ғылыми-таным әдістерін);


– оқытудың тарихилық принципі (тарихи даму кезеңдерінің сақталуы);
– көрнекілік принципі (Я.А. Коменский бұл принципті «Ди- дактиканың алтын ережесі» деп атаған. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, му- ляждар және т.б.); көркемсурет (картиналар, фотосуреттер, диа- фильмдер, т.б.); аудио, видео аппараттар және т.б.);
– жеткіліктілік принципі;
– саналылық, белсенділік принципі;
– жүйелілік, бірізділік принципі;
– өмірмен байланыстылық принципі;
Оқыту заңдары мен заңдылықтарына сәйкес оның принципте- рі түзеледі. Олардың бірлікте қарастырылуы мен іске асырылуы оқытудың тиімділігін арттырады және нәтижеге алып келеді.


Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту заңдары дегенімізді түсіндіріңіз.

  2. Оқытудың заңдылықтарын сипаттаңыз.

  3. Оқытудың принциптерін атаңыз.

  4. Оқытудың заңдылықтар мен принциптерінің байланысын түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет