К. Ж. Қожахметова


Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы



бет68/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы


Оқушылардың оқу қызметі олардың мұғаліммен үйлесімді іс- әрекеттерінің сипатынан көрініс алады. Оның фронтальды, яғни мұғалімнің оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, өзіндік жұмыстары сияқты бағытта ұйымдастырылады. Бұл жағ- дайда мұғалім оқушылардың арасынан ең тиімді ой-пікірді та-


ба отырып, оқу ситуациясын туындатуы, қойылған міндеттерге жауап іздеуі, оқушыларды толық тыңдауы, түзетулер енгізуі маңыз- ға ие болады.


Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылардың өзін- дік іс-әрекеттері есепке алынады. Жеке жұмыстарға өзіндік тұр- ғыдан әдебиеттермен, тұжырымдармен жұмыс жасауы, шығарма, эссе, реферат жазуы жатады. Яғни жеке жұмысты ұйымдастыру барысында жеке және жекелендіру сияқты екі тапсырма орындалады.
Топтық жұмыста:
– сыныптың топқа бөлінуі;
– әр топтың берілген тапсырманы орындауы;
– топтың жаңалығына сай тапсырмалардың іріктелуі;
– сабақ мазмұнына сай топ құрамының өзгеруі;
– топ құрамының деңгейлеріне сай құрамның сұрыпталуы сынды іс-әрекеттер жасалады.
Оқушылардың оқу қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мұға- лімнің сабаққа дайындығына тікелей байланысты. Оның сабаққа дайындығы сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және құ- рылған жоспарды әр сабаққа сәйкестендіру болып бір-бірімен байланысты екі кезеңнен тұрады. Оқытушы өткізілетін сабағы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырады. Сабақ- ты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда: сабақ мақсаты, жүргізу жолдары және сабақ жоспарының арнайы жазылуы қадағалануы тиіс.
Жалпы алғанда, мұғалімнің сабаққа дайындығы – оның оқу материалын тиянақты талдауы, оқу кезеңдерінің сәйкес құрас- тырылуымен қатар, оқушылардың материалмен жұмыс жасау кезіндегі туындаған сұрақтары, жауаптары, тұжырымдары, сон- дай-ақ меңгеру және қабылдау процесі. Сабақ беру барысында оның қысқаша конспектісі де даярлануы тиіс. Сабақ нәтижесі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана байланысты емес, сондай-ақ оқушылардың да психологиялық даярлығына да бай- ланысты. Оқушылардың даярлығы сабақ соңында мұғалімнің келесі сабақ жоспарымен таныстырып, бағыт беруінде болып табылады.
Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқу- шылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуына, оларды қызықтыра білуіне және алынатын нәтижені болжай бі- луіне тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет