К. Ж. Қожахметова


Оқытудың құралдары мен әдістемесі



бет65/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оқытудың құралдары мен әдістемесі


Оқытудың құралдарына оқыту процесінде қолданылатын көр- некілік, техникалық заттар жатады. Атап айтқанда, оқулықтар, бағдарламар, әдістемелік көмекші құралдар, техникалық құрал- жабдықтар және т.б. Олардың сабақта дұрыс таңдалынып алы- нуы, тиімді нәтиже бере алады.


Ал оқытудың педагогикалық негiздерiнде әдiстеме мәселесi саласында жеке пәндердi оқытуға байланысты жазылған ғы- лыми және практикалық зерттеулер өте көп. Бiрақ оларда оқы- ту әдiстерiн жүйелеу (классификация) бiр қалыпта емес, ғылым саласынан берiлетiн бiлiм, тәлiм-тәрбие мақсатына үйлесiмдi әдiстерге өз тұрғысынан зейiн қоятындықтан, оқыту әдiсiн бiр арнаға келтiре қоюдың да мүмкiндiгi шамалы, сол себептi әдiсте- менi классификациялау педагогикалық әдебиеттерде түрлi-түрлi жiктеледi.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейiн оқыту әдiстерiн екi жүйеде қарайтын. Атап айтқанда: 1) сөздiк әдiстер тобы – әңгi- мелесу, әңгiме, түсiндiру, дәрiс, кiтаппен жұмыс; 2) көрнекiлiк әдiстер тобы – демонстрация, иллюстрация, бақылау. Бұл әдiс- тердi пәндердiң оқыту ерекшелiктерiне байланысты талдап, нақ- ты тақырыптар жүйесiнде деректемелер ұсынылатын.
Жаңа ғасырдың бастауына дейiнгi педагогикалық және жеке пән әдістемесі саласындағы зерттеулер мен практикалық тәжiри- белердi ескере келiп оқытудағы әдiстеме мына тұрғыда жүйелендi:

  1. Түсiндiрме иллюстративтi әдiс.

  2. Репродуктивтi әдiс.

  3. Проблемалы баяндау әдiсi.

  4. Iшiнара iздену немесе эвристикалық әдiсi.

  5. Зерттеу әдiсi.

Оқыту барысында бұл әдiстердiң әрқайсысының ерекшелiк- терiн, оларға тән өзгешелiктердi пәннiң және болашақ маманның меңгеретiн ғылымына үйлестiре алынған деректер келтiре оты- рып әңгiмелеймiз.
Оқыту әдiстерiн классификациялауда төмендегідей мәселелер ескерiледi:
– әрбiр әдiс оқыту процесi қойып отырған негiзгi ой түйiнiн терең меңгеруге бағытталған дидактикалық принциптердi ше- шерлiктей болуға тиiс;

– ұстаз бен шәкiрттiң бiрлескен әрекетi таным қабілетін да- мытуға және белгiлi ой-түсiнiктi бiлiп қана қоймай, оны өздiгiнен пайымдай алуға машықтандыруға жаттықтыруы керек;


– қолданылатын әдiстiң қай-қайсысы болсын оқыту процесiн тиiмдi ұйымдастыруға бағытталып, шәкiрттiң iзденiп, әрекет- тенiп, еңбектене бiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Ұстаздың оқыту әдiсiн таңдай алуы алға қойған мақсатына үй- лесiмдi болса, оның нәтижесiнде қойылған талапты өтей алады. Оқыту әдiсiн таңдағанда ұстанар өлшем (критерий), еске тұтар қағида мынау:
– таңдаған әдiстің оқыту заңдылықтары мен процесіне сәй- кестiгi;
– әдiстің оқыту технологиясының дидактикалық мақсаттары мен мiндеттерiне үйлесiмдiлiгi;
– оқыту әдiсiнiң сабақтың тақырыптық мазмұнын ашуға сәй- кестiгi;
– оқыту әдiсiнiң оқушының танымдық мүмкiндiгiне сәйкестiгi мен үйлесiмi;
– оқыту әдiсiн таңдағанда оқытушы өз мүмкiндiгiн де ескеруi тиiс (тәжiрибесi, дүниетанымы, қабiлетi, бiлiм деңгейi, ұстаны- мы, қарым-қатынас жасау әдетi, т.б.);
– оқыту әдiсiнiң оқу орнының материалдық-техникалық мүмкiндiгiне сәйкестiгi;
– әдiстердiң оқу орны орналасқан ішкі құрылымы мен эко- номикалық объектiсiне сәйкестiгi. Мұнда оқушылардың жалпы бiлiмi, түсiнiк деңгейiне сәйкес таным дағдылары мен iс-әрекеттi атқарушы деген ықылас-ынтасына үйлестiруге де мән беру керек. Оқу әдiстерi оқушының мүмкiндiгiне үйлесiмдi болса, олар- дың дербестiгiне сәйкес өздiгiнен iзденуiн жетiлдiре түсетiндiгi
шындық екендiгiн естен шығармауға тиiстiмiз.
Оқыту әдiстемесiнiң жүзеге асуы оқыту технологиясымен бiрге оқытуды ұйымдастыруға тiкелей тәуелдi. Көптеген педа- гогикалық әдебиеттерде оқытуды ұйымдастыру түрiне (формы организации обучения) тек сыртқы көрiнiс, оқушының саны, реттiлiктiң жүйесi тұрғысынан қарайды. Шындығында, оқыту- ды ұйымдастыру – педагогикалық категория ретiнде оқытуды ұйымдастыру барысындағы ұстаз бен шәкiрттiң iс-әрекетiн жү- зеге асыруда белгiленген тәртiп, жұмыс режимiнiң орындалуы. Айталық, оқытушы бiр топ оқушымен немесе ұжыммен, болмаса

жеке оқушымен жұмыс атқарып, оқытып отыр делiк. Мұнда оқу- шының сандық құрамы, оқытудың уақыт мерзiмi, қолданылатын оқыту әдiсi бiрлiкте қаралды. Сондықтан оқыту әдiсiн оқыту тех- нологиясынан бөлмей тұтастыққа қарай отырып өтiлетiн сабақ- тың типiн және оның құрылымын белгiлеу оқытушының шығар- машылық iзденiсi мен тапқырлығына және өтiлетiн тақырыптың мазмұнына байланысты.


Оқу орындарындағы сабақ және оның типологиясы мен құры- лысы туралы кеңестiк кезеңде өте көп жазылып, алуан түрлi пiкiр сайыстары тоқталмастан сөз болған тақырып. Сондықтан да са- бақтың мазмұны, типтiк құбылысы, атқарылатын еңбектiң түрiне байланысты оның сан түрлi атауға ие болуы да заңды құбылыс (ойын сабақ, саяхат сабақ, пiкiрсайыс сабақ, көкпар сабақ, аукци- он сабақ, iрi блокты сабақ, театрланған сабақ, т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет