Оқытушы бағдарламаны мүлтiксiз жүзеге асыруға тиiс. Көрсетiлген бi- лiмдiк түсiнiктi өзгерте алмайды, оған тәуелдi.
Оқытушы бағдарламаны орындауға мiндеттi. Көрсетiлген деңгейде пәннiң ерекшелiгiне үйлесiмдi өзгерiстер ен- гiзiп, оқушының iзденiсiне мүмкiндiк бередi.
Оқу бағдарламасын оқытушы адал орындағанымен де шәкiрт мiндетiн өтеуге ынта-ықылассыз, самарқау қарауы да ықтимал.
Оқу бағдарламасын орындауға қызық- тыру шәкiрттiң ақыл-ойын дамытып, бар күш-жiгерiн сала әрекеттенуге ын- таландырады.
Оқытушы тарапынан берiлген түсi- нiктi шәкiрттер жайбарақат тыңдап, белсендiлiк таныта бермейдi. Олар- дың қандайлық меңгергенiне үнемi мән де берiле бермейдi.
Оқушылардың сабақтағы белсендiлiгi, еңбектене бiлуi есепке алынады. Сабақ жоспарына байланысты керi сұрақтар да берiлiп шәкiрттiң өжеттiлiгi, басқа- ша ойлай бiлуi де ескертiледi.
Бiлiмдi меңгерiп оны жүзеге асыруғанегiзболатыной-түрткi
Оқытушы оқушыларды үлгерiмiне қарай үздiк, жақсы, орташа, нашар деп топтастырып, сол орайдан тап- сырма беруге ұмтылады.
Оқушыны үлгерiмiне қарай бөлмейдi. Қайта бәрiнiң де меңгере алатындағына сенiм бiлдiрiп ынталандырады.
Оқытуда пайдалантын негiзгi де бас- ты тәсiл – түсiндiру, көрсету, айтып беру әдiстерi.
Ой-түрткiге негiз болатын iзденiстерге бағдар берiп, кестелiк үлгiлер мен бей- нелiк сызбаларды басшылыққа алады.
Деректердi тиiмдi пайдаланып ұқ- тырады, шығармашылық болмаға- ны мен бiлгiзу жолындағы әдiстердi кеңiнен пайдаланады.
Ой-түрткi боларлық негiздердi кеңiнен қолданып, оның амалдары мен тәсiл- дерiн бiлгiзудi басшылыққа алады да өздiгiнен iзденуге бағдар бередi.
Қойылған проблеманы түсiнбеген, ойлана бiлмейтiн оқушыны ұнат- пайды, тек ақыл айтумен шектеледi.
Жеке мәселенi бiлмей қалғанына қа- рамастан шәкiрт ойлау қабiлетiн да- мытуға барынша қамқорлықпен қа- райды.
Жеке оқушының үлгерiмiне баса на- зар аударылады да, қалғандарының iс-әрекетiне мән берiлмей атүстi қа- ралады.
Ұжымдық топтың бiрлесiп еңбектенуiне және олардың шығармашылық мәнде болуына зейiн қойылады.