К. Ж. Қожахметова



бет87/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Синтез – құбылыстың белгілері мен қасиеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тап- сырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығы- ның қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Студенттің өзіндік жұмысы логикалық ойлауды дамытуды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін прак- тикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.
Талдау – зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілері мен сапасын бөліп беру.
Тәрбие оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық үдеріс ретінде түсіндіріледі.
Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесуінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үдеріс, соны- мен қатар студенттерде саяси, өнегелік, эстетикалық, физикалық қа- сиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастыру.
Тәрбиелеу – бұл үдеріс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үдеріс.
Тәрбиелеу заңдылықтары – тәрбиелеу үдерісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.
Тәрбиелеу принциптері – студенттерді тәрбиелеу үрдісін, оның ба- ғытын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формаларын анықтайтын негізгі бас- тапқы қағидалар, идеялар.
Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практи- калық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көр- сететін сипаттама.
Оқыту – педагогикалық үдерісті регламентациялау жағдайында жә- не оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәрдемімен тұл- ғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиенің бір бөлігі.
Оқыту технологиясы – екі қабатты түсінік, оның ішкі қабатына оқу пәндерінің мазмұны кіреді, ал сыртқы қабатына оқу үдерісіндегі маз- мұндардың таратылу формасы жатады.
Оқудың кредиттік жүйесі оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Соны- мен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеден негізгі айырмашы- лығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
Өзін-өзі басқару – адамның белгілі мақсатқа бағытталған өзіндік сапасын жетілдіру арқылы әрекетінің жеке-даралық қызметін ұйымдастыру жүйесі.


Ғылымның әдіснамасы: талдау объектісі мен пәнінің талдаулары- на, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипаттама береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесіндегі кезеңі және іс-әрекеттің жүйелілігі туралы түсінік.
Экзистенциализм немесе тіршілік ету философиясы – адамның дү- ниеде өз болмысын кешуі. Экзистенциализмнің негізгі түсінігі – тіршілік ету (экзистенция), өз МЕН-іне толық енген адамның жеке болмысы.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық болмысты құ- руда таным үдерісіндегі формалар, әдіс-тәсілдер, принциптер туралы ілім. Педагогикалық процесс – білім беру мақсатынан оның нәтижесі-
не қозғалысы. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады. ПҮ – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагоги- калық процесс дегеніміз – әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын процесс. Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құ- ралатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педаго- гикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық іс-әрекет – мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
Педагогикалық эксперимент – педагогикалық үдеріске өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтижесін өлшеу саны.
Педагогикалық жобалау – оқытушылар мен оқушылардың атқара- тын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдісте- рі және құралдары қарастырылады.
Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы.
Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні да- мыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу.
Педагогикалық технология – оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынты- ғын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т. Лихачев).
Педагогикалық технология – оқытушылар мен оқушылардың жағ- дайында оқу процесін жобалау, ұйымдастыруда әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты қамтылған үлгісі (В.М. Монахов).
Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасу- шылардың іс-әрекеттерінің іске асуы.


Позитивизм – тек табиғи ғылымдар мен сандық тәсілдер көмегі- мен алынғанда ғана дұрыс деп есептейтін ілім, позитивистер қоғам- ның дамуымен, әлеуметтік қайшылықтармен қоғамдық білімді мифо- логияға жатқызады, ғылым деп тек математика мен жаратылыстану- ды есептейді.
Прагматизм – ғылымның, техниканың, өндірістің тез дамуы абсо- лютті идеализмнің негізін түзуге байланысты пайда болған философия- лық ағым.
Перцептивті қабілеттілік – оқушының ішкі жан дүниесіне ене білу, оқушының жеке басын және уақытша психикалық жағдайын дәл түсіну, психологиялық байқампаздық қабілеті.
Ұйымдастырушылық қабілеттілік ұжымды ұйымдастыра, бірікті- ре білу қабілеті. Бұл өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу. Тәжірибелі мұғалімдерді өзіндік уақытты сезіну – жұмысты сол уақытқа сай ұйқас- тыру қабілеті дамиды.
Үлгілеу – үдерістер мен құбылыстарды олардың нақты және идея- лық үлгілері көмегімен зерттеу.
Индукция және дедукция – мәдениеттердің эмпирикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозға- лысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дедуктивті де керісінше болады.
Инновация латынның жаңа көзқарас, жаңашылдық, жаңалық ендіру деген ұғымынан туындаған. Инновация жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалық- тардың іс жүзіндегі қолданысы.
Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжым- дық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарасты- рылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет