К. Ж. Қожахметова



бет85/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Байланысты:
Педагогика

№15 меминар сабағы


Кәсіби қарым-қатынас, мәдениет


Талқылау сұрақтары

  1. Маманның коммуникативтік мәдениеті.

  2. Қарым-қатынас – іс-әрекет түрі ретінде.

  3. Қарым-қатынас түрлері. Іскерлік қарым-қатынас.

  4. Педагог – оқушы қарым-қатынасы.



ГЛОССАРИЙ


Андрогогика – ересектер, үлкендер, қарттарды оқыту және олардың тәрбиесі туралы педагогиканың бір саласы.
Абстракциялау – заттың қандай да бір қасиеті мен белгісін оның бас- қа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.
Академиялық қабілеттілік – сәйкес білім салысындағы қабілеттілік. Авторитарлық қабілеттілік – оқушыларға эмоция, жігер арқылы әсер етіп, оларды өз еркіне бағындыра білу, осылайша олардың алдында
беделге жету қабілеті.
Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің ыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқытудың, тәрбиелеудің, зерттеудің өзіне тән әдістері болады.
Әдіснама (методология, гр. мetһodos – зерттеу немесе таным жолы, теория, білім және logos – сөз, түсінік) – 1) теориялық құрылымның жә- не практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім; 3) қандай да бір ғы- лымда қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Басқару – белгілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топ- тың, ұжымның, ұйымның және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету. Яғни шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес бас- қару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпа- рат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады.
Басқару – қоғамның, оның кез келген даму сатысындағы, ішкі өзі- не тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, ең- бек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады.
Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Оның негізгі белгілері:
– бақылаудың мақсатқа бағыттылығы;
– бақылаудың аналитикалық сипаты;
– бақылаудың жиынтықтығы;
– бақылаудың жүйелілігі.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияла- рын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды, дағды-

180



ны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономи- калық және саяси құрылысы мен оның материалдық-техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе (В.А. Сластенин).
Білім беру – педагогикалық категория ретінде (категория – болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани үдерісінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жет- кен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі.
Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүру үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. БМ жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгерші- лік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім беру технологиясы ұғымы оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселе- лерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педаго- гикалық технологиялар ұғымы қолданыла бастады. 60-жылдары педаго- гикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қа- лыптасты. 70-жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педаго- гикалық әдiстер технологиясы, яғни оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет