К. Ж. Қожахметова



бет86/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Дәріс ежелгі гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Дәріс (латын тілінен «lectіоn» – оқу) – жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқа- ратын оқытудың түрі.
Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым.
Дидактика – педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (dіdaktіkоs

  • оқытушы, dіdasko – оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту неме- се үйрету деген сөз.

Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушыларға анық та, түсінікті жеткізе білу, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығуын туғызу, өз бетімен белсенді ой туғызуға тарту қабілеті. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім, керек болған жағдайда, оқу материалының құра- мын түрлендіріп, мақсатқа, ахуалға сай жатықтырып ала алады.
Диалектикалық материализм – қозғалыстың, табиғат дамуының, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдылықтары туралы философия- лық ілім, диалектикалық материализмнің негізгі бірінші ойы материя, ал сана екінші болып саналады.
Кәсіби педагогикалық мәдениет – бұл арнайы тапсырмаларды ше- шудің әдіс-тәсілдерін игеру деңгейі. Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сфера-

сындағы жалпы мәдениеттің спецификалық жобалау функциясын ат- қарады.


Коммуникативті қабілеттілік – оқушыларға дұрыс жол таба білу, олармен педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орната алу, пе- дагогикалық тактіні сақтау қабілеті.
Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланысты- ру, араласу» дегенді білдіреді. ХІХ ғасырда коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындағы жолдар, құралдар» деп қолданылды. ХХ ғасырда ол әлеуметтік мағынаға ие болды.
Кредит ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өл- шем бірлігі дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредит- тік оқу жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр.
Қорытындылау – процестер мен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.
Мәселелік оқыту – оқушы оқыту процесінде мәселелерді шешу- ге ұмтылатын оқытуды айтамыз. Ол қазір ақыл-ой күштерінің, таным белсенділігінің, шығармашылық ойдың өздігінше дамуы сияқты күрде- лі тапсырмаларды шешудің бір тәсілі ретінде қарастырылады. Бұл жаңа педагогикалық құбылыс емес. Мәселелік оқытудың элементтерін сок- раттық эвристикалық әңгімелесулердің өзінде көруге болады. Мәселе- лік оқытудың негізгі басты ұғымы «мәселелік жағдай» болып табылады.
Мәселелік жағдай (немесе мәселелік жағдаят) қандай да бір қажетті іс-әрекетті жасау немесе бір нәрсені ұғыну үшін білімнің немесе белгілі әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі пайда болғанда туындайды, яғни білім мен білімсіздік арасында қарама-қайшылық орын алады.
Нақтылау – алдын ала жіктелген абстракциялар негізінде затты қайта ойда құру.
Неотомизм – әлем екі жақты, рухани және материалдық әлемнен тұрады дейтін ілім. Рухани дүние мейірімді және бай болғандықтан, оның құндылығы жоғары. Ол мәңгі өмір үшін жаралған Құдай әлемі. Неото- мистердің пікірі бойынша ғылым эмпирикалық мәліметтерді жинайды, бірақ ол Құдаймен анықталған дүниенің мәнін ашуға қабілетсіз.
Салыстыру – қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді бөлу керек. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтез де пайдаланылады.
Семинар (латын тілінен енген semіnarіum) – білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным үдерісінде жанданады. Ежелгі Грекияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс, оқытушы мәліметі-

мен, қорытындысы түрінде пайда болды. Орта ғасырларда университет- терде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар диспут жүргізді. Бұл XVІІ ғасырларда Батыс Еуропада қолдана бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет