К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий



бет100/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий тері эпидермисін
құрайды. Эпителий ұлпасы бір-біріне қабаттасып жатқан көп қабат эпителий 
жасушаларынан тұрады. Оның жоғарғы қабаттарындағы эпителиоциттер
мүйізденіп, қабыршақтарға айналады да, эпидермистің сыртқы бетін қаптап 
жатқан қалың мүйізді қабатты құрайды. Жануарлар терісі эпидермисінің
қалыңдығы терідегі түкке байланысты. Тері түктері қалың болған сайын, 
эпидермис жұқара береді. Түксіз тері эпидермисі өте қалың болып келеді.
Терінің түксіз аймағындағы эпидермисте бір-бірінен анық ажырап айқын 
көрінетін бес: базальды, қылтанақты, дəншелі, жылтырауық жəне мүйізді
эпителиоциттер қабаттары болады. 
45 - сурет. Көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий (мысықтың қасаң 

қабығының эпителий қабаты) 
1 - жалпақ эпителиоциттер қабаты, 2, 3 — қылтанақты эпителиоциттер қабаты, 4 - 
базальды қабаттағы призма тəрізді эпителиоциттер, 5 — борпылдақ дəнекер ұлпасы.

103



46 — сурет. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий (мысық терісінің 


эпидермисі) 
1 — мүйізді қабат, 2 — жылтырауық қабат, 3 — дəншелі қабат, 4 — қылтанақты 
қабат, 5 — базальды қабат, 6 — борпылдақ дəнекер ұлпасы, 7 — тер бездерінің шығару
өзегі.

Базальды қабат негіздік жарғақпен тікелей жанасады. Ол бір қабатта
орналасқан 
призма
тəрізді

эпителиоциттерден


тұрады.

Эпителий


жасушаларының сопақ келген ядролары бір қатарда жатады. Эпителиоциттер 
митоз арқылы үздіксіз бөлініп көбейіп, жоғарғы эпителий қабаттары үшін,
діңгекті жасушалардың қызметін атқарады. Сондықтан, базальды қабатты 


өсу қабаты деп те атайды. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийдің
эпителиоциттері цитоплазмасында тонофиламенттер (мүйізді жіңішке 
жіпшелер) мен қатты мүйізді зат — кератинді түзетін арнайы белоктар
синтезделеді. Сондықтан, эпидермистің эпителиоциттерін кератиноциттер 
— деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет