гландулоциттерден тұрады. Безді эпителий гландулоциттеріне де, жабынды
эпителий
ұлпасы
эпителиоциттеріне
тəн
қасиеттер
(полюстық
айырмашылық, негіздік жарғақпен жанасу, тек эпителий жасушаларынан
тұратындығы т.б.) ортақ. Бірақ, гландулоциттер өздеріне ғана тəн кейбір
құрылымдық қасиеттерімен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, олардың жалпы
мөлшері ірі, ядролары мен ядрошықтары салыстырмалы үлкен болып келеді.
Гландулоциттер
цитоплазмасында
бөліндіні
түзетін
органеллалар
(эндоплазмалықтор, рибосомалар, Гольдж кешені) жақсы жетілген. Бөліндіні
синтездеуге қажет материалдар (РНҚ, белоктар) мен əр түрлі сатыдағы
бөлінді тамшылары, түйіршіктері, дəншелері безді жасуша цитоплазмасында
көптеп кездеседі.
Гландулоциттердің бөліндіні бөлу процесін секрет бөлу айналымы —
дейді. Бұл процесс бес кезеңнен тұрады: 1 - кезең — гландулоцитке бөліндіні
синтездеуге қажет заттардың келуі. Органикалық жəне минералдық заттар
организмнің сұйық ішкі ортасынан (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) негіздік
жарғақ арқылы гландулоциттің базальды полюсімен жеткізіледі; 2 - кезең —
əкелінген заттардан эндоплазмалық торда боліндінің синтезделуі. Белоқты
секрет немесе инкрет гранулалы эндоплазалық торда, белоксыз бөлінділер
құрамы - агранулалы эндоплазмалақ торда түзіледі; 3 - кезең — синтезделген
бөліндіден бөлінді тамшылары мен дəншелерін түзу. Бұл процесс Гольдж
кешенінде жүріп, түзілген тамшылар мен дəншелер гландулоциттердің
апикальды
полюсінде
жиналып,
жасушадан
сыртқа
шығарылуға
дайындалады; 4 - кезең — бөліндіні сыртқа бөліп шығару — экструзия.
Жануарлар организмдерінде бөліндіні гландулоциттерден сыртқа бөліп
шығарудың үш түрі кездеседі. Олар: бөлінді бөлудің мерокринді, апокринді
жəне голокринді түрлері.